Байланысты: ПО 042-33 27 01-2014 Баспа №1. 03. 09. 2014
Педагогикалық технологиялар – қатаң ғылыми жобалау және педагогикалық іс-әрекетті қамтитын тура көрсеткіш. (Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М.,1989)
В.П.Беспальконың айтуынша педагогикалық технологиялар алдын ала жобаланған оқу тәрбие процесін практикада жүйелі түрде жүзеге асыру.
Білім беру технологиялары – жоспарлы түрде оқыту нәтижесін, оқушылардың қазіргі жағдайын анықтайтын құралдар, нақты жағдайларға сәйкес тиімді модельді таңдау критерийінің кешені. (Гузеев В.В. Системные основания образовательной технологии. – М.: Знание, 1995.-135 с.)
Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз ұстаздың кәсіби қызметін жан-жақты қасмтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орындаудың басты кепілі бола алатын технологиялық іс-шаралар жиынтығы. Жаңа педагогикалық технология деген не? Ол үшін алдымен «техника», «технология», терминдерінің мағынасын түсініп, ттереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз қажет. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн. «Техника» терминінің екі мағынасы бар екені айқын:
біріншісі - өндіріс құралдарының жиынтығы;
екіншісі - бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жинағы.
«Технология» термині сол тәсілдер жүйесі (ілім) деген мағынаны білдіреді.
«Технология» түсінігі біркелкі емес түсіндіріледі. С.Смирнов оны төмендегідей анықтайды:
оқытуды ұйымдастыруда «форма» немесе «әдістеме» түсініктерінің синонимі ретінде (бақылау жұмысын орындау технологиясы, қарым-қатынас технологиясы);
нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (оқытудың «дәстүрлі» технологиясы, В.В.Давыдовтың, Д.Б.Эльконинаның мектепке арналған жүйесі және т.б.)