Технологияның анықтаушы критерийлері: •Концептуалдылық. Әрбір педагогикалық технология оқу максаттарына жетудің философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік - педагогикалық негіздері белгіленген нақты ғылыми концепцияға сүйенуі қажет.
• Жүйелілік.Педагогикалық технология әрбір бөлігі өзара тығыз байланыста болатын үрдістің тұтастық логикасымен қамтамасыз етілуі тиіс.
• Технология басқарылуы тиіс, яғни, мақсат қою, жоспарлар құру, оқу үрдісін жобалау, әрбір әтапқа сай диа-гностика, нәтижелерді түзету мүмкіндігін беретін әдіс - тәсілдердің көп варианттылығы.
• Тиімділік. Қазіргі заманғы технологиялар нәтижелілігі жағынан да, оған кететін шығындар жағынан да тиімді болып, белгілі бір оқыту стандарттарына жетуге кепілдік бере алуы қажет.
• Технологияның қайта қалпына келтірілуі. Бүл критерий белгілі бір технологияның басқа мекемеде, басқа субъек-тілермен жүргізіле алуы мүмкіндігін меңзейді.