Автоматизированная информационная система) – ақпаратты компьютерлік жинау, өңдеу, топтау, сақтау және формалды қолжетерлік түрде пайдаланушыға ұсыну жүйесі


Дифференциалды оқыту топтық оқу деңгейіне байланысты бірдей салыстырмалы топты бөлу формасын ұсынады. Топты құрылымдық талдау схемасы



бет185/252
Дата11.05.2022
өлшемі1,19 Mb.
#142546
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   252
Байланысты:
ПО 042-33 27 01-2014 Баспа №1. 03. 09. 2014

3. Дифференциалды оқыту топтық оқу деңгейіне байланысты бірдей салыстырмалы топты бөлу формасын ұсынады.
Топты құрылымдық талдау схемасы.
Бірінші топ, жоғары оқу қабілеті бар оқушылар:
а) жоғары деңгей, даму және жұмысқа жоғары қабілеттілігі;
ә) орташа деңгей, даму және жұмысқа жоғары қабілеттілігі;
б) жоғары деңгей, даму және жұмысқа орташа қабілеттілігі.
Бұл топ оқушылары оқу міндеттерін өз бетімен шешуге және белгісіз жағдайда қажетті білімді қолдануды талап ететін қиын материалдармен жұмыс жасайды.
Екінші топ, орташа қабілеттері бар оқушылар:
а) орташа деңгей, оқуға қабілеті және жұмысқа орташа қабілеттілігі;
ә) төменгі деңгей, дамыту және жұмысқа жоғары қабілеттілігі;
б) төменгі деңгей, дамыту және жұмысқа орташа қабілеттілігі.
Бұл топтағы оқушылар бірінші топтың тапсырмасын, мұғалімнің және тірек схемасының көмегімен орындайды.
Үшінші топ, оқу қабілеттері төмен оқушылар:
а) жоғары деңгей, дамыту және жұмысқа төмен қабілеттілігі;
ә) орташа деңгей, дамыту және жұмысқа төмен қабілеттілігі;
б) төменгі деңгей, дамыту және жұмысқа төмен қабілеттілігі.
Бұл топтағы оқушылар оқу тапсырмаларына шек қоюды, сабақта қосымша түсіндірулерді және жаттықтыратын жұмыстарды қажет етеді.
Дифференциалды оқытуда әлсіз оқушылармен жұмыста сабақтан соң, қосымша дайындалуды қажет етпейді. Дифференциалды оқыту процесінде оқушылардың бір топтан, екінші топқа көшуі мүмкін. Көшу немесе ауысу оқушының даму деңгейінің өзгеруінен, сабақта білім алуда қызығушылығының тууына талаптануда, оқу бағыттылығының жоғарлауы және кемшіліктерді толықтыруында қамтамасыз етіледі.
4. Дифференциалдыоқытудыңнегізіндесабақтыңәртүрлікезеңдеріндеоқушылардыңоқуәрекетінеқойылатынкелесіталаптаранықталады:
Сабақтың схемасы
Жаңа материалды түсіндіру.
I-кезең. Өткенді қайталау.
Әр түрлі қиындықтарға байланысты оқушылардың өзіндік жұмысы.
Бірінші топ: тапсырманы түсінуде, талап ететін өзіндік шығармашыл жұмысты орындайды;
- 2-ші және 3-ші топтардың жұмыстарын бақылайды, қиыншылық туған жағдайда оларға көмекке келеді;
- 2-ші және 3-ші топтар үшін қайталанған материал бойынша қорытынды жеке тапсырмалар жасайды.
Екінші топ: өткен сабақта 1-ші топ оқушыларының дайындаған тірек схемаларының ережелерін жасайды, үлгі бойынша жұмыс жасайды;

  • жаңа материалды меңгеруге қажетті ережелерді қайталай отырып, 3-ші топ оқушыларының үй тапсырмаларын тексереді.

Үшінші топ: жатталған ережені тәжірибеде қолданады, алдыңғы сабақта 1-ші және 2-ші топ оқушылары жұмыс істеген тірек схемалары бойынша өз бетімен жұмыс істейді, жаңа материалды түсіндіру үшін материалды қайталайды.
II-кезең. Жаңа білімді практикада қолдану әдісіне байланысты барлық топ
оқушыларына мұғалімнің материалды фронтальды түсіндіруі (барлық топ жұмысістейді).
III-кезең. Барлық топ оқушыларының білімді меңгеру сапасын анықтау және меңгерген материалды тәжірибеде қолдана білуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет