Білім беру технологиясыбілім беру стандартында және мемлекеттік бағдарламаларда ұсынылған білім беру әрекетін жүйелі ұйымдастырудың тәсілін, оның жалпы мақсаттық және мазмұндық бағыттарын, ұйымдастыру құрылымы мен формасын түсіндіреді.
Педагогикалық технология білім беру технологиясын жүзеге асырумен түсіндіріледі. Оған нақты пәнінен тәуелді емес, оқу-тәрбие процесін жүзеге асыратын заңдылықтар жатады. Педагогикалық технология ғылым мен практиканың басқада салаларында кеңінен таралған, әр түрлі арнайы технологияларды, жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық және т.б. кірістіреді.
5. Оқытудың технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 60-жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді.
В.Беспалько «педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана, оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникада педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі)» деп түсіндіреді..
Б.Т.Лихачев «педагогикалық технология – бұл оқытудың формасын, әдісін, тәсілін, тәрбиенің құралын жинақтауды анықтайтын психологиялық-педагогикалық құрылғылардың жинағы»,- деген анықтама берсе, Селевко Г.К. «педагогикалық технология» түсінігін, 3 аспект бойынша қарастырады:
ғылыми: педагогикалық технология – жобаланған педагогикалық процесті және оқытудың әдісі мен мазмұнын, мақсатын оқыттатын, педагогикалық ғылымның бөлімі;
бейнелеулі іс-жүргізу: оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үшін әдістермен құралдарды, мазмұны мен мақсатының жиынтығын бейнелейтін процесс,
нақтылы іс-жүргізу: технологиялық процесерді жүзеге асыру, педагогикалық, әдістемелік және тұлғалық құралдарды жинақтау.
Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым, және ол біртұтас педагогикалық процеспен байланысты. (Ильин В.С.), демек педагогикалық технологияда осы педагогикалық процестің басты белгісіне сәйкес болуы керек.
Педагогикалық технологияларға берілген басқа да анықтамалар бар, ол: оқыту процесін ұйым дастырумен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің моделі (Монахов В.М.), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгеоудегі техникалық және олардың өзара әрекеттерін ескеру, мазмұнын қорытындылау (ЮНЕСКО).
В.Н Бордовская және А.А.Реанның көрсетуінше педагогикалық технологиялар дегеніміз бұл білім беру процесіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс-әрекеттеріне, ол мақсат мазмұн әдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақтылы идея негізінде жасалынады.
Г.М.Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа. Ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұны мен оқу жоспарларының бағдарламаларында ескерілген іс-әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмысттарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.
В.А.Сластенин бойынша педагогикалық технология деген: ол қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету.
Педагогикалық технология теориялық педагогика мен практика аралығында орын алып отыр. (В. Богомолов, Т. Ильин, А. Космодемьянская, М. Кларин, Ф. Янушевич сияқты ғалымдар осылай түсіндіреді.) Педагогикалық технология деп мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың және ол жүйелердің тиімділігі жөнінде гі ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюдың тұтас үрдісін айтамыз. (С. Сполдинг, 1969.) Сонымен педагогикалық технология-оқыту үрдісін түгелдей қолдану және бағалау, сол сияқты, білімді аддамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, білім берудің тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология – педагогикалық қолданбалы сипаты бар, бүтіндей алғанда, жалпы дидактика мен педагогиканың практикалық жалғасы. Ол классикалық дидактиканы дамытады, мынадай технология ұстанымдарына сүйенеді:
а) технологиялық құрылымдық және мазмұндық ұстанымдары;
ә) оның диагностикалық мақсаттылығы, аяқтталғандық, әлеуметтік және табиғатқа сәйкестиілік, барлық үрдістердің қарқынды жүруі (В. Беспалько, 1984.) Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, әлеуметтік философия, басқару және мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудивизуальды білім беру және кибернетика элементтерінен тұратын пәнаралық конгломерат ретінде қарастырып отыр.
Технологияның білім беру процесіне енуі: білім беру тұжырымында мақсатты қалыптастыру; адамгершілік ақыл-ой, психологиялық, медициналық, экологиялық көрсеткіштер негізінде қазіргі технологияларды талдау, сонымен қатар дифференциалды оқыту жағдайында олардың тиімділігін бағалау; оқытудың перспективалық қүралдарын олардың негізінде педагогикалық технологияларды құру; бұл процестерді технологизация процестерін реттейтін тұтас мемлекеттік білім беру бағдарламасы мен стандарттары негізінде басқару.