Автоматизированная информационная система) – ақпаратты компьютерлік жинау, өңдеу, топтау, сақтау және формалды қолжетерлік түрде пайдаланушыға ұсыну жүйесі



бет180/252
Дата11.05.2022
өлшемі1,19 Mb.
#142546
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   252
Байланысты:
ПО 042-33 27 01-2014 Баспа №1. 03. 09. 2014

Жоспар:

  1. Оқытудың дәстүрлі технологиясы

  2. Кейбір жаңа педагогикалық технологиялар

  3. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың технологиясы

  4. «Педагогикалық технология» түсінігінің даму мәселесі

  5. Жаңа педагогикалық технологиялар туралы көзқарастар

6. Педагогикалық технология принциптері
7.Педагогикалық технологияның топтары
Дәріс:
1. Оқытудың дәстүрлі технологиясы деп - ең алдымен XVIIғасырда дидактика принциптерінде қалыптасқан, Я.А. Коменский негіздеген және қазірге дейін дүниежүзі мектептерінде басым көпшілігі қолданатын оқытуды класс-сабақгық ұйымдастыру деп түсінеді. Класс-сабақ жүйесі педагогикалық процестің одан әрі жетіліп ұйымдастырылған дайындау қажетілігіне байланысты пайда болған, себебі сол ғасырдың ортасында оқуға келушілердің санының көбейе түсуіне байланысты шамамен бір жастағы балаларды оку топтарына жинақгала бастады.
Соңғы жүз жылдықта класс-сабақ жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған бірнеше зерттеулер жүргізілген. Олар оқу жұмысын ұйымдастырудың мынадай формаларын іздестірумен байланысты болды. Ол сабақтың кемшіліктеріне, айталық оның орта окушыға бағытталуын, оқудағы алға басушылық қортындыларының мазмұнының біркеліктілігі мен орташа шамасы, құрылымының өзгермейтіндігі: үйге берген тапсырманы сұрау, жаңа сабақты баяндау, үйге тапсырма беру. Дәстүрлі сабақгың кемшілігінің нәтижесі, ол оқушылардың танымдық белсенділігінің дамуымен және оның дербестігіне тежеу болатындығында.
Дәстүрлі класс-сабақ технологияларының аса көрнекті белгілері ол: бір жастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері; кластың бірыңғай жылдық оқу жоспары мен бағдарламысымен жұмыс істеу; сабақ оқудың негізгі бірлігі; әрбір сабақ бір оқу пәнінің тақырыбына арналған, себебі класс оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді.
Сонымен, оқушы, оқу күні, сабақтар кестесі, оқу каникулдары, үзілістер – бұл класс-сабақ жүйесінің белгілері.
Дәстүрлі оқыту технологияларының концептуалды негізін Я.А.Коменский жасаған педагогика принциптері: ғылымлық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділіктегі сапалылық, көрнекілік ттеорияның практикамен байланыстылығы, жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескерту.
Оқыту дегеніміз ересек үлкен ұрпақтардан, өсіп келе жатқан ұрпақтарға білім, білік және дағдыларды, әлеуметтік тәжірибені алып беруін айтамыз. Бұл тұтас процестің құрамына мақсат, мазмұн, әдістер, құралдар кіреді.
Оқытудың мақсаттары, бірқатар жағдайларға байланысты тиісті бір құрамдас бөліктен тұратын категория. Мақсаттың ерекшелігіне сай дәстүрлі оқыту дегеніміз тұлғаны белгіленген қасиеттермен тәрбиелеу болып табылады. Мақсаттың мазмұнына байланысты дәстүрлі оқыту тұлғаны дамытуға емес, көбіне білім, білік және дағдыны меңгеруге бағытталған. Қазіргі кездегі жалпы мектепте мақсат біршама өзгерген, айталық идеологияландыру шығарып тасталған, жан-жақты үндестірілген даму ұраны алып тасталған, адамгершілік тәрбиесінің де құрамы да өзгерістерге ұшыраған, бірақ мақсатты жоспарлаған қасиеттер сапалар жиынтығы ретінде қарастыру парадигмасы бұрынғы сияқты қалып отыр.
Білімдімеңгеруәдістерідайынбілімдердіхабарлауғанегізделеді, оқытубелгілібірүлгілермен, индуктивтіклогикаменжекедаралықтанжалпылыққа, механикалықестесақтауға, көзбенкөргенініңмазмұнынайқынберу, репродуктивтікескетүсіру, елестету.
Дәстүрлі оқыту технологияларының әдістерін екі келесі топтарға жатқызуға болады:

  1. Иллюстративті-түсіндіру әдістері (лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелерді көрсету, еңбек операциялары, экскурсиялар) мұғалім түсіндіреді және оқу материалын көрнекті -түрде көрсетеді.

  2. Репродуктивтік әдіс: мұғалім білімді, іс-әрекет тәсілдерін, тапсырмаларды шешуде тәжірибелерді елестету үшін тапсырмалар құрастырады; оқып үйренуші оқу материалдарын белсенді еске түсіреді.

Сонымен, дәстүрлі оқыту технологиясының артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады: ерекшеліктердің жүйелілігі; оқу материалын логикалық дұрыс бере білуді ұйымдастырудың анықтылығы.
Ал, нашар жақтары: біркелкілік, табандық құрылым, сабақ уақытын тиімсіз бөліп тарату, оқушыларда дербестіктің болмауы, енжарлық, оқушылардың сөз әрекетінің нашарлығы.
2. XX ғасырдың 80-ші жылдары Ресейде жаңашыл мұғалімдер топтары қалыптасады, олардың әрқайсысы баланы оқыту, тәрбиелеу және дамытуда өзіндік жаңалықтары болады, олар ең жоғарғы нәтижелер береді. Сонымен бірге олардың жалпы ортақ белгілері болды. Мектеп оқушысының оқу жұмысы тәсілдерін жеңілдету және жандандыру, танымдық іс-әрекеті (сүйеніш схемалар, сигналдар) үлкен блоктар арқылы материалдарды оқу және т.б. аса айырықша көрсететін жаңашыл педагогтардың мұғалімдер позициясының бағытын авторитарлықтан демократиялыққа гумандыққа ауыстыруға деген ұмтылушылықты айтуға болады, бұл жаңа педагогикалық ынтымақтастық деген бағытқа орын берді.
Барлық осы технологиялардың көрнекті өкілдері ішінен Ш.А.Амоношвилиді-бастауыш класс оқушыларын эксперименталды оқыту жаңашалап атау керек. Ш.А.Амонашвили өзінің эксперименталдық мектебінде ынтымақтастық педагогикасын жеке тұлғалық бабын табу бағыты, тіл мен математиканы оқытудың бір реттілік әдістемесі оның педагогикалық іс-әрекеттінің өзіндік қортындысы жайлы өзінің «О начальной ступений образования, построенного на принципах гуманно-личностной педагогики» деген еңбегінде баяндаған.
Академик М.П.Иванов – коллективтік істің, коммунарлық тәрбие әдістемесінің авторы қазіргі жағдайда А.С.Макаренконың идеясын дамыта түседі. Жаңашыл–педагогтың тәжірибесіндегі басты әдістемелік коллективтік еңбек ісінің ерекшелігі-ол тұлғаның субъективтік позициясы.
Санкт-Петербургтағы №84 мектептің әдебиет пәнінің мұғалімі Е.Н.Ильин әдебиет сабағын өнер және адамгершілік-этикалық курс ретіндегі білім берудің бірегейлі тұжырымдамасын жасады, ол әрбір оқушыға адам болып қалыптасуы үшін көмектеседі.
СССР Халық мұғалімі В.Ф.Шаталов дәстүрлі класс-сабақ тәсілімен оқытудың әлі де болса ашылмай жатқан орасан зор қорын көрсетіп, оқытуды итенцифтендірудің технологиясын жасап практикаға енгізді. В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесі әрбір оқушыны оқу іс әрекетіндегі белсенділікке қатыстыруға, дербес ерікті танымдықты тәрбиелеуге, әрбір жеке оқушыда өзінің адамгершілік сезімін, өзінің күштері мен қабілеттеріне сенімділікті нығайта түсіне мүмкіндік береді.
Жаңашыл-педагогтар И.П.Волков оқытудың шығармашылықты дамыту технологиясын жасап жүзеге асырды, осыған сай тұлғаның шығармашылық қабілеттері баланың оқудан тыс іс-әрекетін еркін таңдап алу негізінде бірізді қалыптасады
Қ.О.Бітібаева практика жүзінде ынтымақтастық педагогиканы жүзеге асырды Ынтымақтастық педагогикасы – ол адамгершілік педагогикасы.
Қазіргі білім беру технологиялары санатындағы дамытатын, жетілдіретін оқу технологияларын көрсеткен жөн. (Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Г.С.Альтшуллер және т.б.) Дамыта оқыту дамудың заңдылықтарын ескеріп, қолданылады, индивид деңгейімен ерекшелігіне бейімделеді, тұлғаның мұралық нышандарының дамуына дем береді, бағыттайды және тездетеді.
Жаңашыл педагог Н.А.Зайцев сауаттылыққа ерте оқыту және интенсивті оқыту технологиясының авторы болды, бұл технология өте жоғары нәтижеге жетуді қамтамасыз ететтін сауаттылыққа оқытудағы принципиалды жаңа бағытқа негзіделген. Н.А.Зайцевтің технологиясының мәні, ол оқу процесін бала дамуының табиғаттық енгізіне сүйене отырып, қатынас және іс-әрекет арқылы жасайды.
Қазіргі заманғы білім беру технологияларына компьютерлік оқыту технологиясы жатады. Компьютерлік оқыту формаларын қолданатын қазіргі деңгейдегі дамыған телекоммуникациялар, дистанциондық технологиялар, ақпараттық технологиялар алдағы жүзжылдықта оқыту процесінің даму негізін құрайды.
Біздің Республикамызда 1989 жылдан бастап иесі аталған мектептер кеңінен Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігі бекіткен «Республикалық иесі аталған мектептердің ережелері» негізінде ашылады. Олар СССР халық мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Айтқалиев. Құсайын Айтқалиұлының мектебі; Бучина Валентина Людвиговичтің өнер мектебі, биология пәнінің мұғалімі Очкур Елена Афанасьевнаның мектебі, бастауыш кластарының мұғалімі Мор Галина Яковлевнаның мектебі; Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі, орыс тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Фокин Юрий Павловичтің мектебі Республикалық иесі аталған мектептердің мақсаты тұлғаның өзін-өзі көрсетуге ең жақсы режим жасау, оқытудың тиімді «технологиясын» іздеуге қолдау жасауға болады.
М.Монтессордің (1970-1952) мектебі ақыл-ойды, саусақтардың өте нәзік қозғалыстары, қолдардың ұсақ мәнерлі ырғақтарымен интенсивті сенсорлық сезімдер арқылы дамытуға негізделген. М.Монтессори жүйесінің негізгі принциптері:

  • балалардың өзіндік даму қызығушылығын қолдау;

  • жеке оқыту, яғни дайындық ортасын құру, мұнда дидактикалық материалдарды педагог емес, бала өзі таңдайды және баланың еркін таңдауына негізделеді.

Ф.Ю. Фаусек сенсорлық тәрбиенің мәнін атап көрсетеді, яғни М.Монтессори жүйесінің басты принципі интеллект тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Интелект тұлғаны тәрбиелеу мен сезім мүшелерін тәрбиелеу тығыз байланысты. Сезім мүшелері тәрбиеленбеген тұлғадан, тәрбиелі интелект тұлға болуы мүмкін емес. М.Монтессоридің ойлап тапқан дидактикалық материалдары: баланың өзіндік дамуының оянуына әсер етеді, ойлау процестерін дамытады, әрекетін белсендендіреді, өзбеттілікке үйретеді.
М.Монтессори әдісі балаларға төмендегілерді үйретуге көмектеседі:

  • әлеуметтік тәртіпті меңгеріп, өзіне және қоршаған ортаға көмектесуге;

  • қозғалыс координациясын және өзін-өзі бақылауын дамытуға;

- күнделікті өмірге қажетті құралдар мен заттарға дұрыс қарауға көмектеседі. 1993 жылдан бастап Алматыда жекеменшік «Элко» корпорациясының ерікті озат мектебі жұмыс істейді. Бұл мектепің оқыту негізінде мемлекеттік бағдарлама жатыр. Бірінші кластан бастап қазақ, неміс, ағылшын тілдері, эстетика, сөйлеу мәдениеті, ерікті қозғалыс пәндерімен сабақ жүреді. Қосымша мынадай пәндер макеттендіру, моделдеу, хор, бал билері, сахна өнері жүргізіледі. Мектепте баға қойылмайды, оқу мен тәрбиелеу деңгейі жеке бағаланады.
С.Ферне (1896-1996) мектебінің әдістемелік тәсілдері біздің республикамызда әсіресе бастауыш кластарда көптеген мектептерде қолданылады. С.Ферненің әдістемесі баланың өзінің жеке тәжірибесіне негізделген. Ұстаздың қызметі баланың өзіне тән қабілеті оның өзі, өз бойынан тауып оны дамытуға көмектесу. Бұл тұжырымдаманың практика жүзінде жүзеге асуына «ерікті тестер» мен «мектеп типографиясы» қызмет етеді.
Р.Штейнердің (1861-1925) идеялары Қазақстанда «Вольдорфтық педагогика» деген атпен тарауда, ол адамның рухани дүниесіне терең ойлауына негізделген. Вальдорфтық педагогика – тұлғалық дамудың рухани және шығармашылық аспектілердің құрылуына бағытталған. Бірақ, бұл технологиялар қоршаған ортамен және қоғаммен өзара байланыс іскерлігін қалыптастырмаған. Бала өзін қоршаған ортаның: әлемдік заттар, ойлар, сезімдер, үлкендердің іс-әрекеттері әсерінен дамиды. Бұл жерде басты әдіс еліктеу болып табылады. Ресейде Вальдофтық педагогиканы меңгеру және үйрену 1990 жылы іске асты. Алғашында мәскеудің «Аристотель» педагогикалық клубында инициативтік топ негізінде жүргізілген. Қазір вальдорфтық педагогикамен айналысатын топтар көптеген қалаларда дамуда.
Онда мынадай бағыттар: құқықтық, экономикалық, химия-биологиялық бар. Оқушылар қазақ және шетел тілдерін терең оқиды.
Инновациялық мектептер дәстүрлі және сонымен қатар жаңа міндеттерді қазіргі деңгейге сай шеше алатындағын дәлелдейді, оқушы тұлғасының мәдени, адамгершілік дамуына үлесін қосады.
3.Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жеткілікті дәрежеде дәстүрлі орташа жай білім беруге жасалған білім беру моделінің тоқырауын жеткілікті дөрежеде анық көрсетіп берді. Қазіргі дүниеде тұлғаға деген талаптың қатаңдай түсуі мен білім беру кеңістігінде өзгерістердің әлеуметтене түсу тенденциясының өсуіне әкеледі:
- білім берудің статикалық моделінен оқушылардың ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылымының қалыптасуына көшуі;
-оқытуда оқушылардың танымдық іс-өрекеттер тәсілдерін белсенді меңгеруге бетбұрыс;
- оқыту процесін тұлғаның қазіргі қоғамның өзгеру жағдайларында барынша өзін-өзі жүзеге асыру перспективасына сай талап пен мүдесіне бейімдеу, үйрету.
Көрсетілген тенденциялар ұстаздардың педагогикалық технологияларды жасауға деген қызығушылығының өсуіне ықпал етті. Біртүтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиясының өзіндік ерекшелігі бар: ол педагогикалық процесс субъектілерінің үстаз және окушы әрекеттерінің мәнін алдын ала анықтайды, онда тұлға іс-әрекет барысында қайта өзгереді.
Ұстазды дайындаудың технологиясындағы тек қана теориялық білімдердің белгілі бір деңгейін ғана емес, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудағы нақтылы практикалық міндеттерді шешуде өзінің кәсіби іс-әрекетінің объектісін өзгертуге алған білімдері үшін қолдана білуді көрсетеді. Көрсетілген көзқарас түрғысынан педагогикалық технологиялар теориялық білімдерді біртүтас педагогикалық процесті практика жүзінде жүзеге асыруға алмастырудағы бірізді комплексті әрекеттің мәні болады, ол ұстаздар мен окушылар түлғаларының өзіндік дамуын қамтамасыз етеді, оның жүзеге асуын сатылы өлшеуге мүмкін болады және одан тұлғаныңда және коллективтің даму динамикасын көруге болады. Бұл анықтама бойынша жасалынатын педагогикалық жүмыстардың тиісті өлшемдерінің технологиясын анықтауға болмайды (Н.Д. Хмель):

  • айтылған ойдың концептуалдығы;

  • ғылыми жүмыс атқарушылардың өте анық методологиялық позициясы;

  • нақтылы педагогикалық қүбьшыстарды қарастырудағы жүйелілік;

  • технологияда педагогикалық процестің екі жақтылық сипатын көрсету;

  • педагогикалық процестегі субъектілердің орны мен олардың өзара әрекеттерін анықтау;

  • алынатын нәтижелердің өлшенетіндігі;

  • қандайда болмасын оку-тәрбие мәселелерінің жүмыс жағдайларында технологиялардың қолданылатындығы.

Технология өндірістік іс-әрекеттегі мақсат пен жетістіктің ажырамас бірлігі болғандықтан жасалынатын педагогикалық технологиялардың сапасын бағалау мәселесін айтпай кетуге болмайды. Педагогикалық процесс дегеніміз "ұстаз-оқушылар" жүйе жағдайының алмасуы. Демек, педагогикалық процесте жүйе жасаушы фактор тұлға болса, үстаз түлғасы-оқушылар тұлғалары. Егер педагогикалық процесте оқу орнының оқу-тәрбие іс-әрекетінде тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін жағдай болса, онда біртүтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиясы нормаға сәйкес деген сөз.
Педагогикалық процесс әлеуметтік жүйелердің жеке бір бөлігі ретінде, ол өзін-өзі үйымдастырушылық пен өзін-өзі жөнге салуға қабілетті. "Адам-адам" жүйесіне төн және оның жеке бір бөлігі "ұстаздар-оқушылар" тиімді қызмет атқарылуының өлшемі ретінде адамның өзі болады, себебі, әлеуметтік жүйелерде тұлға жүйе жасаушы фактор болады. Егер адамның өзін-өзі жүзеге асырудағы және тұлға ретінде өз орнын табу (ол бұл ұстаздарға да, оқушыларға тең қатысты) мұқтаждықтары қанағаттандырылса, онда өндірісте қызмет атқаруға тиісті "адам-адам" жүйесі күйзеліске үшырайды. Демек, педагогикалық еңбек технологиясын жетілдіре түсу проблемасы басқа да кәсіби іс-өрекет аймақтары сияқты көкейкесті болады.
Сонымен, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиясы мынадай мазмұнды логикалық тізбекке сан түзейді. Біртұтас педагогикалық процестің теориясын білу, ұстаз іс-әрекеті объектісінің идеалдық моделі, нақтылы оқу-тәрбие мекемелерінің іс жүзіндегі процестің жағдайын диагностикалап өлшеу әдістемесін меңгеруін, іс-әрекет объектісінің теориясын, нақтылы процестің түтасымен немесе оның аяқгалған формасын өзгерту жағдайын, ситуациясын моделдеу (жобалау) үшін әрекет тәртібін анықтау (ұстаздар мен оқушылар іс-әрекеттерінің алгоритмі).
Жалпы оқытудың типтерін, түрлерін, стилдерін (яғни технологияларын) таңдап алуына, білім беру саласына, білім беру парадигмасына, дидактикалық тұжырымдамаларға, оқыту теориясына, оқытудың мақсаттары мен міндеттерге, жеке тұлғалық және кәсіби мүмкіншіліктерге, үстаздың бейімділігі мен жоғары бағалауына байланысты.
4. Жаңа педагогикалық технология деген не? Ол үшін алдымен «техника», «технология», терминдерінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз қажет. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн. «Техника» терминінің екі мағынасы бар екені айқын:

  • біріншісі - өндіріс құралдарының жиынтығы;

  • екіншісі - бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жинағы.

«Технология» термині сол тәсілдер жүйесі (ілім) деген мағынаны білдіреді.
«Технология» түсінігі біркелкі емес түсіндіріледі. С.Смирнов оны төмендегідей анықтайды:

  • оқытуды ұйымдастыруда «форма» немесе «әдістеме» түсініктерінің синонимі ретінде (бақылау жұмысын орындау технологиясы, қарым-қатынас технологиясы);

  • нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (оқытудың «дәстүрлі» технологиясы, В.В.Давыдовтың-Д.Б.Эльконинаның мектепке арналған жүйесі және т.б.)

Бірақ бұл түсіндірулер «технология» түсінігін ашпайды, сондықтан «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы» терминдерін қарастыру қажет. Берілген түсініктерді салыстырмалы талдау Л.А.Шкутина, М.К. Танасейчук еңбектерінде көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет