Автоматизированная информационная система) – ақпаратты компьютерлік жинау, өңдеу, топтау, сақтау және формалды қолжетерлік түрде пайдаланушыға ұсыну жүйесі



бет176/252
Дата11.05.2022
өлшемі1,19 Mb.
#142546
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   252
Байланысты:
ПО 042-33 27 01-2014 Баспа №1. 03. 09. 2014

Оқыту технологиясы педагогикалық технология сұрақтарын, тақырыптарын, затын нақты меңгеруге жол ашады.
Оқыту технологиясының анықтамасын Скиннер былай деп берді:
«Оқыту технологиясы – психология жетістіктерін педагогикалық практикада қолдану» немесе «Оқыту технологиясы – бұл оқытудың тиімділігін артыру мақсатымен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау, бағдарламалаудың жүйелі тәсілі». Әрі қарай бағдарламалау идеясының қалыптасуына, оқытудың арнайы техникалық құралдарын жасауға байланысты «оқыту технологиясы» терминінің орнына «білім технологиясы» немесе «оқу үрдісінің технологиясы» деген термин пайда болады. Оның мазмұны екі бөліктен тұрады.
Технологияның білім беру процесіне енуі: білім беру тұжырымында мақсатты қалыптастыру; адамгершілік ақыл-ой, психологиялық, медициналық, экологиялық көрсеткіштер негізінде қазіргі технологияларды талдау, сонымен қатар дифференциалды оқыту жағдайында олардың тиімділігін бағалау; оқытудың перспективалық қүралдарын олардың негізінде педагогикалық технологияларды құру; бұл процестерді технологизация процестерін реттейтін тұтас мемлекеттік білім беру бағдарламасы мен стандарттары негізінде басқару.
Жаңа білім беру технологиясын іске асырудың қажетті шарты ретінде мынадай әдіснамалық принциптерге міндетті түрде баса көңіл аудару аса маңызды:

  1. Мұғалімнің педагогикалық кәсіби қабілетіне сену принципі;

  2. Оқытудың кез-келген уақыты аралығында берілген пәннен студенттің кепілді дайындығы болу принципі;

  3. Оқу процесінің модульдік жобалау принципі;

  4. Жоғарғы оқу орнындағы кері тартпалық пен шек қойып тежеулікті жойып, бұрынғы дәстүрлі оқыту көздерін дұрыс ара-қатынаста үйлесіиді пайдалану принципі;

  5. Ұйымдастыру және оқыту технологияларын қолдану мен қалыптастырудағы мәліметтердіңт дұрыстығы мен шындыққа сәйкесттік принципі;

  6. Жоғарғы оқу орнының мұғалімдері мен студенттерінің оқу процесіндегі арақатынасының жарасымды даму принципі;

  7. Студенттердің жалпы біліктілігінің нәтижесінде пәндік білікттілік әдістерін меңгеруді жүйелі түрде үйлестіру принциптері;

  8. Жаңа технологияны жобалаудағы мазмұндық, бірізділік, мотивациялық жақтарының бірлігі принципі;

  9. Әр студенттің жалпы білім бойынша дайындығының базалық деңгейге міндетті түрде жету принципі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет