Дифференциациялап оқыту – бұл әр оқушының қабілетін, бейімділігін, қызығушылығын ескере отырып жеке басын дамытуды қамтамасыз ететін білім берудің жүйесі.
Оқыту және білім берудегі дифференциация дегеніміз:
Білім берудің мазмұнын, түрін, әдісін, темпін, көлемін таңдау арқылы әр оқушыға білім меңгеруіне қолайлы жағдай жасалатын оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
Әр түрлі білім алу қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арнап оқыту жүйесін бағдарлау.
Дифференциациялап оқытудың мақсаттары төмендегідей:
Әр оқушының қызығушылығымен бейімділігін дамыту және талаптарды анықтауға тиімді жағдай жасауға негізделген оқытуды даралау. Бұл дифференциациялап оқытудың психологиялық-педагогикалық көзқарастағы мақсат.
Әлеуметтік көзқарас бойынша дифференциациялап оқытудың мақсаты ол әрбір қоғам мүшесінің социулмен өзараәрекет бейімділігін ұтымды пайдалану мақсатпен шығармашылық, интеллектуалдық, профессионалдық қоғам потенциалын қалыптастыруына мақсаттылықпен әсер ету.
Дидактикалық көзқарас бойынша оқушыларды дифференциациялап оқыту үшін жаңа әдістемелік жүйені жасау жолымен толғағы жеткен мектеп проблемаларын шешу.
Орта мектептің жоғары сыныптарында дифференциациялап оқытуда педагогикалық мақсатқа сәйкестілігі келесі жағдайлардан тұрады:
2. Дифференциация түрлері.
Оқыту және білім берудегі дифференциация 3 түрлі болады:
Сыртқы дифференциация (арнайы мектептер ұйымдастыру, тереңдетіп оқыту және коррекциялық сыныптар, факультативтер, таңдау курстарын т.б. ашу).
Ішкі дифференциация - әдеттегі сынып көлемінде әр оқушының даралық ерекшелігін ескере отырып сабақ барысындағы жұмыстың ұтымды түрін анықтау.
Элективті дифференциация – бұл оқушыларға міндетті оқу пәндерімен қатар бірнеше пәндерді қосымша ретінде оқуға құқық беру.
Сыртқы дифференциация – біршама тұрақты топтарды арнайы принциптер негізінде (қызығушылық, бейімділік, қабілет, жетістік нәтижелері, жобаланған мамандық) құрау болып табылады. Мұнда білім мазмұны мен оқушыларға қойылатын талаптар өзгеше болады. Сыртқы дифференциация селективті жүйе көлемінде (профильді сынып және пәндерді тереңдетіп оқыту сыныбын таңдау) немесе элективті жүйе көлемінде іске асырылады.
Сыртқы дифференциацияның мәні білім беруде оқушыларды таңдаған бағытта максимал дамыту мақсатымен олардың тұрақты қызығушылықтарын бейімділіктерінің және қабілеттерінің көлемінде мамандануға бағыттау болып табылады.
Қазіргі кезеңде мектепте 2түрлі сыртқы дифференциация қолдануда: факультативті сабақтар және жеке пәндерді тереңдетіп оқыту сыныптары. Егер 8-9 сыныптар арасында пәндерді тереңдетіп оқыту сыныптары талаптанбаса, онда мектептің жоғары сыныптарын маңызды профилдеу пайдалы. Бұл білім беру мазмұнының ерекше маңызды мәселесін белгілейді.
Ішкі дифференциация – бұл кездейсоқ белгілер арқылы жиналған оқушылардың үлкен тобын әр түрлі оқыту. Бұл түр оқушылардың дара және топтық ерекшелігін толық ескеруге мүмкіндігіне негізделген. Ол мареиалды оқыту темпін, оқу тапсырмаларының дифференциациясын, әр түрлі іс-әрекетті таңдау, мұғалім тарапынан көмектің мазмұны мен дәрежесін мөлшерлеу вариативтілігін болжайды. Бұл әр түрлі деңгеймен әр түрлі әдістер арқылы оқыту жұмысын жүзеге асыру мақсатымен сыныптағы оқушыларды әр түрлі топтарға бөлуге мүмкіндік туғызады. Әдетте ьұл топтар мобильді, икемді, жылжымалы болады. Қазіргі кездегі ішкі дифференциацияның ерекшелігі ол тек оқуда қиындық сезген оқушыларға ғана емес, сонымен бірге дарынды балаларға бағытталған. Ішкі дифференциация оқушылардың даралық ерекшелігін ескере отырып дәстүрлі түрде немесе оқыту нәтижелерін жоспарлау негізіндегі деңгейлік дифференциация жүйесі түрінде жүзеге асады.
Ішкі дифференциацияның мәні әдетте бағдарламалық материалды бірде бір меңгеру деңгейіне оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін ескере отырып индивидуальдік жолмен оқыту түрлері мен әдістерін қолдану болып табылады.
Деңгейлік дифференциация оқушыларды бірдей бағдарламамен оқытып отырып, әр түрлі жоспарланған деңгейде меңгеру құқығы және мүмкіндігі бар (бірақ міндетті деңгейден төмен емес) оқытуды ұйымдастыруын ойластырады.