Қазақ афавитінде



бет3/8
Дата08.11.2022
өлшемі66,48 Kb.
#157001
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
қазақ тілі ережелері

Белгісіздік есімдіктері

біреу, бір, қайсыбіреу, бірнеше, біраз, әркім, кімде-кім, кейбір (нәрсе)

кейбіреу, қайсыбір, әрбәр, әлде, әлдекім, әлдеқашан, әлдеқалай, әлденеше

Болымсыздық етістіктері

ешкім, еш нәрсе, ештеңе

ешқандай, ешқайда, ешқашан

Өздік есімдіктері

Өздік есімдіктеріне әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады.
Өз, өзім, өзге, өзімнің.



Е Т І С Т І К

Етістік – заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтті? (немесе не істеп? қайтіп? не істесе?) деген сұрақтарға жауап береді.



Түрлері

Мысалдар

Тұлғасына қарай

  1. Негізгі

  2. Туынды

айт, аш, тұр, кет
баста, шегеле





Мағынасына қарай

  1. Негізгі




  1. Көмекші

сал, жаз, кел, бар, жүр, әкел.

а) е (еді, екен, емес); де (деп, десе, деген); ет (етті); жазда (жаздады).


ә) бол, кел, кет.

Объективті қатысына қарай

  1. Салт

  2. Сабақты

бар, кел, отыр, жүр.
аш, жап, апар, бер, айт, сыз.



Іс-әрекеттің орындалуына қарай



  1. Болымды




  1. Болымсыз

айт, оқы, сыз, бар

айтпа, оқыма, барма, сызба.





Құрамына
қарай

  1. Дара

  2. Күрделі



а) құрама
ә) құранды
б) қосарлы
в) біріккен
г) тұрақты
ғ) аналитикалық

бар, кел, отыр
келіп кет, апарып қой, оқып отыр.


келіп кет, алып бар
жәрдем ет, қызмет қыл.
ойланып-толғану, жығыла-сүріне
апар, әкел, әпер.
таяқ жеу, жүрек жалғау.
барып еді, айта сал.

Е Т І С Т І К Т І Ң Ш А Қ Т А РЫ

Іс - әрекеттің, қимылдың, мезгілге, уақытқа байланыстылығын көрсететін етістікке тән категория етістіктің шақтары деп аталады. Етістікте үш шақ болады: өткен шақ, осы шақ, келер шақ.



Өткен шақ

Осы шақ

Келер шақ

Жедел өткен шақ

Нақ осы шақ

Болжалды келер шақ

Жедел өткен шақ әдетте қимылдың, іс-әрекеттің таяу уақытта болғанын, орындалғанын білдіреді. Асан домбыра тартты. Мен өлең айт-ты- м.

нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді. Мен оқып отырмын. Сен ойнап жүрсің.

Болжалды келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтылады. Біз бар-а-мыз. Сен оқы-р-сың.

Бұрынғы өткен шақ

Ауыспалы осы шақ

Мақсатты келер шақ

Бұрыңғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлде қайда бұрын болғандығын білдіреді. Сен мектепті бітіргенсің. Ол ауылға барыпты.

Ауыспалы осы шақ қимыл, іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді.
Мен кел+е+мін.
Сен ойна+й+сың.
Ол бар+а+ды.

Мақсатты келер шақ қимылдың іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.
Мен ауылға бар+мақпын. Сен ерте кет+пексің.

Ауыспалы өткен шақ




Ауыспалы келер шақ

Ауыспалы өткен шақ есімшенің
–атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде келер шақ мағынасында қолданылады.
Асан ауылға жиі баратын. Сен кітапханаға қашан баратын едің?




Ауыспалы келер шақ таауыспалы осы шақ сияқты көсемшенің –а, -е, -й жұрнақтарының жіктелуі арқылы жасалады.
Ол ертең барады. Ауылға мен кешке келемін.



Е Т І С Т І К Т І Ң Р А Й К А Т Е Г О Р И Я С Ы

Етістіктің іс - әркекетті орындаушымен, уақытпен байланысты жаққа, шаққа түрленуін рай категорисы дейді.





Ашық рай

Бұйрық рай

Шартты рай

Қалау рай

Мен хат жазып отырмын.
Мен хат жаздым.
Мен хат жазамын.

Мен айтайын;
біл – ейін.

Жұрнақтар:
- са, - се.
Мен ал-са-м; бер-се-м.

Жұрнақтар:
-ғы, -гі, -қы, -кі кел-ді, келеді. Менің жаз-ғы-м келеді.

Т Ұ Й Ы Қ Е Т І С Т І К


Тұйық етістік – етістіктердің ерекше түрі. Зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрі тұйық етістік деп аталады.

Тұйық етістіктің жасалуы

Негізгі етістік

Туынды етістік

Болымсыз етістік

ал – у

ойла – у

ал – ма – у

ойла – ма – у

сал – у

ойна – у

сал – ма – у

ойна – ма – у

көр – у

гүлде – у

көр – ме – у

гүлде – ме – у

кел – у

сырла – у

кел – ме – у

сырла – ма – у



Е Т І С К А Т Е Г О Р И Я С Ы


Етістер – етістіктің бір түрі. Етіс іс - әрекеттің орындаушыға, қимыл иесіне қатысын айқындайды. Етістер төрт түрге бөлінеді: өздік, өзгелік, ырықсыз, ортақ.



Етістер

Жұрнақтар

Мысалдар

Негізгі етіс

-

жазу, қию,құю

Өздік

-ын, -ін, -н.

жу-ын-ды, ки-ін-ді, ойла-н-ды

Өзгелік

-қыз, -кіз, -ғыз, -гіз, -ыз, -із, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -т.

айт – қызды, бер-гіз – ді, күткіз.

Ортақ

-ыс, -іс, -с

жаз – ыс, -айт – ыс, әкел – іс

Ырықсыз

-ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н

жыз – ыл, жібер – іл – ді,
сал – ын – ды

Е С І М Ш Е
Есімге де, етістікке де тән грамматикалық белгілерді қамтитын етістіктің түрі есімше деп аталады.
Есімше көптеледі, тәуелденеді, септеледі, жіктеледі.
Есімшенің үш түрі бар: өткен шақ есімше, келер шақ есімше, ауыспалы шақ есімше.

Түрлері

Жұрнақтары

Мысалдар

Өткен шақ есімше

-ған, -ген, -қан,
-кен

ал-ған, кел-ген,
аш-қан, кес-кен

Ауыспалы шақ есімше

-атын, -етін,
-йтін, -итін

бар-атын, кел-етін, ойна-йтын, биле-йтін

Келер шақ

а) болжалды келер шақ


ә) мақсатты келер шақ

-р, -ар, -ер

-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек



оқы-р, айт-р, бер-ер

ал-мақ, сүй-мек, тоң-бақ, мінбек, төк-пек



К Ө С Е М Ш Е

Тиянақсыз тұлғада келіп, көмекші етістіктермен тіркесу арқылы күрделі етістік тудыратын етісітктің түрі көсемше деп аталады.


Тұлғалық белгілеріне қарай көсемше үш түрлі болады: өткен шақ көсемше, келер шақ көсемше, ауыспалы шақ көсемше.

Түрлері

Жұрнақтар

Мсылдар

Ауыспалы көсемше

-а, -е, -й

жаз-а, көр-е,
сөйле-й

Өткен шақ көсемше

-ып, -іп, -п

жаз-ып, кел-іп, сөйле-п

Келер шақ көсемше

-қалы,-келі,-ғалы, -гелі

айт-қалы, сеп-келі, ойна-ғалы, жүр-гелі

Ш Ы Л А У
Өз алдына толық, дербес мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланысытырып немесе оған қосымша мағына үстеп тұратын көмекші сөздер шылау деп аталады. Шылаудың басқа сөз таптарына қарағанда мынадай айырмашылықтары бар:

  1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.

  2. Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.

  3. Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады және толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстей алады.




Шылау

Септеулік

Жалғаулық

Демеулік

туралы, арқылы, сияқты, үшін, дейін, бері, бірге

мен, бен, пен, менен, пенен, да, де, та, те, және, әрі, тағы

ма, ме, ба, бе, па, пе, -ақ, -ау,
-ай, қой, ғой,
-ды, -ді, -ты,
-ті,- қан, ғана, тек, тұрсын, түгіл, -мыс, -міс, -екеш

Ү С Т Е У
Сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің, сын-сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын, жан-күйін білдіретін, өзгертуге, грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге көне бермейтін сөздер үстеу деп аталады.

Түрлері

Мысалдар

Тұлғасына қарай

Негізгі

қазір, бүгін, ерте, кешке, дәл, сәл, тым, әрең

Туынды

күздей, жаңаша, босқа, соншама, шетінен

Құрамына қарай

Дара



ерте, тым, кеш, мүлде, қазір, тікелей

Күрделі



а) биыл, бүгін, біраз, бірталай
ә) бірте-бірте, анда-санда
б) күні бүгін, жеті түнде, ала жаздай




Мағынасына қарай



мезгіл

қашан?
қашаннан?

кеше, бүгін, ертең, қыстыгүні, биыл, күні бойы

мекен

қайда?
қайдан?

әрі, бері, сыртта, тысқары, төмен, алға, ішке

мөлшер

қанша?қаншалық?
қаншадан? нешеден?

онша, сондайлық, бірталай, талай, зорға, азғантай

сын – бейне

қалай? қалайша?
қайтіп?

көзбе-көз, бірге, зорға, аздап, қолма-қол

күшейту

қалай? қандай? қайтіп?

нағыз, ең, өте, тым, кілең, нық, дәл, барынша

мақсат

неге? не үшін?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет