Қазақ афавитінде



бет8/8
Дата08.11.2022
өлшемі66,48 Kb.
#157001
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
қазақ тілі ережелері

Түсіндірмелі бағыныңқы

ол, бұл есімдіктері

Сенің сөзің осы болса, ол – мықтылығың емес.

Ыңғайлас бағыныңқы

көсемше, шартты рай арқылы

Келіншектер бауырсақ пісіріп, балалар отын жинады.

О Қ Ш А У С Ө З Д Е Р

Сөйлемдегі басқа сөздерден оқшауланып, өздеріне тән ерекше интонациямен айтылатын сөздер оқшау сөздер деп аталады.





Мағыналары мен грамматикалық белгілеріне қарай

Қаратпа сөз

Қыстырма сөз

Одағай сөз

Кел, балалар, оқылық!
Домбырам, күйден жаңылма!

Шіркін, ақын болсаң, осындай бол!
Әрине, оның айтқаны дұрыс.

Ой, байғұс бала – ай!
Әттең, осылардың бәрі біздің ауылда өсетін болса!

Т Ө Л С Ө З.
А В Т О Р С Ө З І
Біреудің сөзінің бұлжытпай, өзгеріссіз берілуі төл сөз деп аталады.
Сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана берсе, ол төлеу сөз деп аталады.
Төл сөздің айналасында пайдаланып отырған жазушының немесе сөйлеушінің өз сөздері қоса қолданылады. Ол автор сөзі деп аталады.

Төл сөздің орын тәртібі және тыныс белгілері

Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.

Төл сөз автор сөзінен кейін келеді.

Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді.

Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.

«Келешек- өткен тарихты қорғау»,- дейді Олжас Сүлейменов.

Мұғалім былай деді: «Әміре Қашаубаев – қазақ халқының талантты перзенті»

Анам маңдайымнан сипап: «Ұлым, арыңды жасыңнан сақта», - деді.

«Дат, тақсыр! - деді кенет жырау қобызын көтеріп, қаралы хабар айтушының жазасы - өлім!»



Төлеу сөз

Ол менен: «Сен қайда барасың?» - деп сұрады. –Ол менен қайда баратынымды сұрады.

Д И А Л ОГ
Екі кісінің бір – бірімен тікелей сөйлескен сөзі диалог деп аталады.
Сөзге қатысқан жеке адамның сөзі, сұрауы ескертпе (реплика) деп аталады. Ескертпелер де төл сөздің бір түрі.


М О Н О Л О Г
Монолог – бір кісінің сөйлеуі немесе ойы. Монологта белгілі бір тақырыпта баяндап, сипаттап, әңгімелеп айтып беру мақсатта көзделеді.
С Т И Л Ь
Стиль – сөйлеушінің белгілі бір тақырыпқа қатысты сөз саптауы. Қазақ тіліндегі стильдердің бастылары:



Ауызекі сөйлеу стильдің мақсаты – қатынас жасау

- Мереке құтты болсын!
- Рахмет, сағат да ұлыс құтты болсын!

Ғылыми стильдің мақсаты – заттар мен құбылыстардың ерекшелігін ашып, мәлімет беру.

Заттың атауын білдіретін сөзді зат есім дейміз.

Ресми іс-қағаздар стилі – хабарлау, анықтау, мәліметтер береді.

Ауруханаға бару үшін мені сабақтан босатуыңызды сұраймын.

Публицистикалық стиль – көпшілікке әсер ету, құбылыстардың, оқиғаның мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аударады.

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңындаЕлбасымыз Жарлығымен халқымыздың аяулы ұлы Рақымжан Қошқарбаевқа «Халық қаһарманы»атағы берілді.

Көркем әдебиет стилінің мақсаты – құбылыстар мен заттарды суреттеу, жанды суретін көрсету, бейнелеу арқылы оқырманның сезіміне әсер етеді.

Ақ қасқыр айналып жіберіп, ағызып келіп алдына түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет