Қазақ афавитінде


І. Лексика – семантикалық мағынасына қарай



бет2/8
Дата08.11.2022
өлшемі66,48 Kb.
#157001
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
қазақ тілі ережелері

І. Лексика – семантикалық мағынасына қарай:

ІІ. Тұлғасына қарай:

ІІІ. Құрамына қарай:

  1. Жалпы есім

Жер, үй, ағаш, мектеп.

  1. Жалқы есім

Абай, Құлагер, Қазақстан, «Арман» кинотеатры.

  1. Нақтылы есім

Кісі, бала, әріп, дәптер.

  1. Абстрактылы.

Егемендік, арман, ой

  1. Жанды.

Адам, бала, жігіт, әке, әже.

  1. Жансыз.

Мемлекет, үй, машина.

  1. Заттық.

Жер, су.

  1. Жинақтау.

Туған-туыс, азық-түлік, құс, мақта, балық.

  1. Негізгі

Ер, жер, су, от, қала, ұн.

  1. Туынды.

Оқушы, білім, бөлме, әнші.



  1. Дара

Ауыл, әке, ана, жігіт, дәрігер.

  1. Күрделі

Қайыната, атамекен, баспасөз, Орынбасар, Көкшетау, Үштөбе, ата-ана, ауыл-аймақ, құрт-құмырсқа, бала-шаға, қап-қап, шелек-шелек, ауыз үй, аяқ киім, ҚР (Қазақстан Республикасы), пединститут.



З А Т Е С І М Н І Ң Т Ә У Е Л Д Е Н У І



Жақ

Жекеше

Көпше

І

Менің қалам

Біздің қаламыз

ІІ

Сенің қалаң

Сендердің қалаларың




Сіздің қалаңыз

Сіздердің қалаларыңыз

ІІІ

Оның қаласы

Олардың қалалары



З А Т Е С І М Н І Ң Ж І К Т Е Л У І



Жақ

Жекеше

Көпше

І

Мен оқушымын

Біз оқушымыз

ІІ

Сен оқушысың

Сендер оқушысыңдар




Сіз оқушысыз

Сіздер оқушысыздар

ІІІ

Ол оқушы

Олар оқушы



ЗАТ ЕСІМНІҢ СЕПТЕЛУІ



Атау септік

Кім?

Дәрігер

Не?

Доп

Ілік септік

Кімнің?

Дәрігердің

Ненің?

Доптың

Барыс септік

Кімге?

Дәрігерге

Неге?

Допқа

Табыс септік

Кімді?

Дәрігерді

Нені?

Допты

Жатыс септік

Кімде?

Дәрігерде

Неде?

Допта

Шығыс септік

Кімнен?

Дәрігерден

Неден?

Доптан

Көмектес септік

Кіммен?

Дәрігермен

Немен?

Доппен



З А Т Е С І М Д Е Р Д І Ң Ж А С А Л У Ы



Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар

1

-шы, -ші

жұмысшы, биші

2

-шылық, -шілік

адамгершілік, жұртшылық

3

-лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес

сабақтас, жолдас, сыныптас, салалас

4

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік

орындық, қорлық, қашықтық



Етістіктерден зат есім тудыратын жұрнақтар

1

-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе

сызба, кеспе, қақпа, көрме

2

-қын, -кін, -ғын, -гін

басқын, тұтқын, қырғын, тізгін

3

-ыс, -іс, -с

айтыс, егіс, қоныс, бекініс

4



егеу, қамау, көсеу, тұсау

5

-ыш, -іш, -ш

қуаныш, сүйініш, сағыныш

6

-қы, -кі, -ғы, -гі

шалғы, бұрғы, сүзгі

7

-қыш, -кіш, -ғыш, -гіш

сызғыш, сорғыш, басқыш

С Ы Н Е С І М
Заттың түрін, түсін, сапасын, сипатын, көлемін білдіретін сөздер сын есім деп аталады. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді.



Мағынасына қарай

Сапалық

Қатыстық

ақ, қызыл, жақсы, үлкен, жаман.

білімді, бағалы, сапалы, өнерлі.

Тұлғасына қарай

Негізгі

Туынды

әдемі, сұлу, дөңгелек, сары

көрікті, бойшаң, еріншек, мәдени, жақсылық, көктемгі

Дара

Күрделі

мол, нәзік, кіші, тәтті, ширақ, сәнқой, сезгіш

биік-биік, ойлы-қырлы, өте жаңа, аса қадірлі

С Ы Н Е С І М Д Е Р Д І Ң Ж А С А Л У Ы



Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтар

1

-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті.

Таулы, күлкілі, ағашты

2

-сыз, -сіз

Ақылсыз, білімсіз, демалыссыз

3

-шыл, -шіл

Өзімшіл, сауықшыл, ұйымшыл

4

-шаң, -шең

Бойшаң, көйлекшең

5

-қы, -кі, -ғы, -гі

Ауызғы, төргі, жазғы, күзгі

6

-лық, -лік, -дық, -дік,
-тық, -тік

Достық, ізгілік, апталық, адамдық

7

-тай, -тей, -дай, -дей

Таудай, көлдей, жолбарыстай

8

-дақ, -дек, -тақ, -тек

Тапалтақ, жеңілтек

9

-и, -паз, -қой, -қор

Мәдени, ғылыми, намысқой, маңсапқор, әзілқой.

10

-дар, -тар, -тал, -мал, -кеш, -геш

Борыштар, сезімтал, бауырмал, күлегеш

Етістіктерден сын есім тудыратын жұрнақтар

1.

-ғыр, -гір, -қыр, -кір

Ұшқыр, өткір, алғыр, білгір

2.

-қ, -к, ық-, ік, -ақ, -ек

Ашық, қашық, құрғақ, кесек

3.

-қыш, -кіш, -ғыш, -гіш

Білгіш, сөйлегіш, тапқыш, нанғыш

4.

-улы, -улі

Жинаулы, санаулы, үюлі

5

-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе

Қазба, бояма, қынама, бөспе.

6.

-палы, -пелі, -малы, -мелі

Жаппалы, төкпелі, аумалы

7.

-шақ, -шек

Еріншек, ұялшақ, ұрыншақ

8.

-ғақ, -гек, -қақ, -кек

Майысқақ, жабысқақ, тоңғақ

9.

-ымды, -імді, -мды, -мді

Қағынды, асыранды, түйінді

С Ы Н Е С І М Ш Ы Р А Й Л А Р Ы
Белгілі бір заттың сындық сапасының басқа бір заттың сындық сапасынан артық не кем екендігін, әр түрлі дәрежелік сипатын білдіретін сын есімнің белгісі шырай деп аталады.



Салыстырмалы шырай

-ырақ, -ірек, -рақ, -рек

қаттырақ, күштірек, қызылырақ

-лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу

жасылдау, аласалау, әдемілеу

-қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт

сарғылт, дымқыл, бозғылт

-шыл, -шіл

ақшыл, көкшіл

Күшейтпелі шырай негізгі сын есімге
күшейткіш буынды қосу арқылы жасалады




Жап-жасыл, қап-қара, әп-әдемі

Асырмалы шырай

Өте, тым, аса, керемет, ең, тіпті, нақ, ал, орасаң үстеулерімен жасалады

Тым жақсы, ең әдемі, орасаң зор, аса биік, өте қызыл

С А Н Е С І М
Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, қанша? неше? нешеу? нешінші? тәрізді сұрақтарға жауап беретін сөз табы сан есім деп аталады. Сан есім зат есімнің алдында қолданылады. Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады.



Құрамына қарай

Дара

Күрделі

Бір ғана түбірден (негізгі, туынды) тұрады. Он бала, жиырма қалам, жүз кітап

Кемінде екі сөзден тұрады. Екі мың тоғызыншы жыл, жүз он бес шақырым.

Мағынасына қарай

1. Есептік

Бір, екі, бес, он, жүз, мың

2. Реттік

-ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтары бір+інші, жеті+нші, он+ыншы, мың+ыншы

3. Жинақтық

-ау, еу, біреу, екеу, үшеу, төртеу.

4. Бөлшектік

1. 1/4 (төрттің бірі)
2. 2/5 (бестен екі)

5. Топтау

екі-екіден, бес жүзден.

6. Болжалдық

-даған, -деген, -таған, -теген, -лап, -леп; -дап, -деп; -тап, -теп жұрнақтары жүздеген, мыңдаған, жиырмалап.

Е С І М Д І К
Есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есім) орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады. Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді:

  1. Жіктеу есімдіктері

  2. Сұрау есімдіктері

  3. Сілтеу есімдіктері

  4. Жалпылау есімдіктері

  5. Белгісіздік есімдіктері

  6. Болымсыздық есімдіктері

  7. Өздік есімдіктері

Жіктеу есімдіктері

Жақ

Жекеше түрі

Көпше түрі

І
ІІ
ІІ
ІІІ

мен
сен
сіз
ол

біз, біздер
сендер
сіздер
олар

Сұрау есімдіктері

кім? не?
қандай?
қай?
қалай?
қайда?

қашан?
қайдан?
неше?
нешінші?
қанша?

Сілтеу есімдіктері

мынау, бұл, осы, мына, міне, ана, анау, әне, сол, ол.

олар, онда, анда, мұнда.

Жалпылау есімдіктері

бәрі, бүкіл, барлық, бүтін

күллі, барша, түгел, бар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет