Қазақ ақын-жыраулар мұрасындағы имани-рухани негіздер



бет2/8
Дата12.09.2022
өлшемі3,05 Mb.
#149278
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7-дәріс ИСЛАМ ПОЭЗИЯ

Ақындық туралы ойтолғау

Ақындық дегеніміз... – әрбір, әлдебіреудің о деп, бұ деп мақтау да, жәдігөйлік мүләйімсу мен көлгірсу де емес, - ол адам өмірінің өзегіндегі ақындық ардың үні, жан дүниетынысы. У.Уйтмен

Ақын көңіл теңізіне батады

Інжу, гауһар, жақұт нұрын шашады. Жүсіп Баласағұни

Қағазға түспеген ой – жоғалған қазына. Д.И.Менделеев

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол – ақынның білімсіз бейшарасы. Абай Құнанбайұлы

Жазушының бір ғана ұстазы бар – ол оқырман. Н.В.Гоголь

ИСЛАМ ЖӘНЕ АҚЫНДЫҚ

Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) елшілік берілгенге дейін өмір сүрген надан арабтардың өзге халықтардан бір басымдылығы болатын. Ол - ақындық еді. Арабтар мың шумақты бір ғана ұйқаспен айтатын шайырларды нағыз ақын деп бағалайды екен. Тіпті, Меккеде өлең оқушылар мен беріліп тыңдаушылар үшін арнайы орын әзірленген. Сондай орындардың бірі "Ъуказ базары" деп аталатын. Қағбаның түбінде орналасқан бұл сахнада әр маусым сайын шайырлар жарысы ұйымдастырылған. Ең үлкен теке-тірес барлық тайпалардың басы қосылатын қажылық маусымында өтетін. Мұндай өлеңдер ел арасында "Муғаллақат" (яғни, ілінуге лайықты өлеңдер) деп аталып, үздік шыққан ақындарға ерекше сый көрсетіліп, олардың өлеңдері Қағбаның бір қабырғасына ілінетін болған. Өлеңшіл халық келесі қажылық маусымына дейін ілінген ол өлеңдерді санасына сіңіріп, ұрпақтарына үйретуді дәстүрге айналдырған.

Алайда, Пайғамбар (с.ғ.с.) тұсындағы ауыз әдебиетін зерттеушілердің кейбірі Құран аяттары түсе бастағанда мұсылмандардың өлеңге деген құлшынысының төмендегендігін айтады. Оған негізгі себеп: сахабалардың Құран жаттау, ұғымын түсіну, аяттары жайлы ой жүгірту сынды ұлы мақсаттарды бәрінен жоғары санауында болса керек. Сөйте тұра, олар шайырлықты қажетсіз деп тастап қойған жоқ. Керісінше, Алла берген қабілеттері ақиқи иманмен астасып, нұрлана түскендей еді. Ал Алла елшісі (с.ғ.с.) оқып-жаза алмайтын сауатсыз болғандықтан, ол өлеңдерді өзі оқи алмайтын. Тіпті, басқаға бұйырған ақындық Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) нәсіп болмаған еді. Алла тағала «Йасин» сүресінің 69-аятында: "Біз оған ақындықты үйретпедік. Әрі оған ол лайық емес", - деп айтқаны белгілі. Иә, егер Пайғамбар (с.ғ.с.) ақын болғанында, Құрайыш мүшриктері уахи боп түсіп жатқан Құран аяттарына "ақынның сандырақ өлеңдері ғой!" деген баға беріп, одан әрі келеке етер еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет