Міне, сол себепті Абай ақын «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» дейді. Неге өлең сөздің патшасы? Біріншіден, ол өзінің «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» (1888) атты өлеңінде қоғам мен адам өміріндегі поэзияның орны және қызметі жайында ойын:
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай, елең-селең»,
Есті өлең шарттары - Бірінші шарты – өлеңнің шариғат қойған заңдарға қарсы келмеуі, халықты күнәға үндемеуі. Жоғарыда айтып өткеніміздей, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көрсеткен сара жолды негізге алған сахабалар да шариғатқа сай келетін өлеңдер шығаратын. Сауатты ғалым сахабалар бұл өнерге орынды сындарын да айта алатын. Сол сахабалардың бірі және бірегейі, араб әдебиетінің сыншылдық жанры әрдайым қарыздар болып келген тұлға – Әзіреті Омар (р.а.).
- Сахабалардан Әбу Бәкір (р.а.) шежірешілдігімен өзгеден оқ бойы озық тұрса, [7, 24-бет] ал Осман (р.а.) өлең-жырмен көп әуестенбеген. Дегенмен, тарих және әдебиет кітаптарында Осман (р.а.) сахабаның мысал ретінде оқыған кейбір өлең жолдары сирек болса да жазылған. [8, 102-бет]
- Ал, Омар (р.а.) кез келген мәселеге өлеңмен мысал келтіретін болған. Өзі ақын болмаса да, өлең-жырларды тыңдауға және поэзия жанрын дұрыстауға көп көңіл бөлген жан. [9, 270-бет].
- «Көркем сөздің асылы – поэзия» деп жоғары бағалаған Абай, кейде қазақ ортасында оның қадірін кетіріп жүрген ақындарды сынап алады.
«Сөз қадірін» кетірмеу – өлеңге қойылар екінші шарт. Ақын: «Сөз қадірін» кетірмеу – өлеңге қойылар екінші шарт. Ақын: - «Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
- Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.
- Ақындары ақылсыз, надан келіп,
- Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.
- Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
- Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
- Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
- Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап», – деген.
Бұл сын, негізінен өлең сөзді әлеуметтік шындықты суреттеуге емес, күнкөріс қамына жұмсаушылар мен «көр жерді өлең» қылушыларға арналады. Сол арқылы қазақ арасында өлең сөздің «қадірсіз» көрінген себебін ашады. Өлеңнің ермек емес, өнер екенін ол баса айтады. Өз өнерін халық мүддесіне жұсауды мақсат етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |