Мухаммад ибн Идрис әш-Шафиғи «Шағым еттім ұстазыма ардақтаулы, Жаттауымда пайда болған шабандықты. Кеңес етті күнәлардан алшақтауды, «Жуытпа»-деп маңайыңа жамандықты. «Тыңда»-деді, сөзіме көңіл бұрып, Байсалдылық тұрақтап реңіне. «Ілім» - ол нұр. Ал, Аллаһтың ондай нұры Орнамайды күнәһардың жүрегіне. Абай және ақындық Алдымен, Абай – ақын. Сол себептен де «Абай» дегенде әуелі «сөз өнері» ойға оралады. Халқы оны «ақын» деп таниды. Сонымен, Абай – ақын. Бұл аз, ол ақындардың ақыны! Ахмет Байтұрсынов «қазақта Айбайға дейін мұндай ақын болған жоқ» деп дәл айтқан. Бірақ бұл да аз, қазақта Абайдан кейін де мұндай ақын болған жоқ. Оның қайталанбас біртуарлығы осы арада жатыр. Әділ баға – осы. Абай ақын болғанда да бүтін бір халықтың ұлттық мәдениетінің мәңгілік мерейі, әдебиетінің асқар шыңы болған кемеңгер, классик ақын. Ендеше (ақын болғандықтан) Абай шығармаларының дені – поэзия. «Әуелі аят, хадис – сөздің басы, «Әуелі аят, хадис – сөздің басы, Қосарлы бейітмысал келді арасы. Қисынымен қызықты болмаса сөз, Неге айтсын пайғамбар мен оны Алласы?»
«Әуелі аят, хадис – сөздің басы» деп Абай тегін айтпаған. Неге сөздің басы аят дегенге келсек, аят – (ақын шығаратын) өлеңнің формасы, түрі. Демек, жаратылыстың құпиясы, оның кереметі өлең түрінде белгілі болады екен. Ақындық табиғатында періштелік бар десек, ізгілік туралы айтқанымыз, демек ізгіліктің басы аятта – Жаратушы «сөзінде». Яғни, Жаратушының, жаратылыстың тілі – поэзия. Өлеңнің нәрі – аят. Себебі ол – сөздің басы. Ал аятты насихат ету пайғамбар үлесінде. Демек, аяттан кейінгі сөз басы – хадис, яғни пайғамбар сөзі».
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) құзырында дінсіз ақындар мен Хазіреті Хасан ибн Сәбиттің (р.а.) өлең шумақтарымен айтысып, оның өлеңінен кейін сөзден жеңіліп, әсерленген қаншама мүшріктер Ислам дінін қабылдаған. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) құзырында дінсіз ақындар мен Хазіреті Хасан ибн Сәбиттің (р.а.) өлең шумақтарымен айтысып, оның өлеңінен кейін сөзден жеңіліп, әсерленген қаншама мүшріктер Ислам дінін қабылдаған.
Достарыңызбен бөлісу: |