Қазақ ақын-жыраулар мұрасындағы имани-рухани негіздер



бет3/8
Дата12.09.2022
өлшемі3,05 Mb.
#149278
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7-дәріс ИСЛАМ ПОЭЗИЯ

Алайда, Пайғамбар (с.ғ.с.) тұсындағы ауыз әдебиетін зерттеушілердің кейбірі Құран аяттары түсе бастағанда мұсылмандардың өлеңге деген құлшынысының төмендегендігін айтады. Оған негізгі себеп: сахабалардың Құран жаттау, ұғымын түсіну, аяттары жайлы ой жүгірту сынды ұлы мақсаттарды бәрінен жоғары санауында болса керек. Сөйте тұра, олар шайырлықты қажетсіз деп тастап қойған жоқ. Керісінше, Алла берген қабілеттері ақиқи иманмен астасып, нұрлана түскендей еді. Ал Алла елшісі (с.ғ.с.) оқып-жаза алмайтын сауатсыз болғандықтан, ол өлеңдерді өзі оқи алмайтын. Тіпті, басқаға бұйырған ақындық Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) нәсіп болмаған еді. Алла тағала «Йасин» сүресінің 69-аятында: "Біз оған ақындықты үйретпедік. Әрі оған ол лайық емес", - деп айтқаны белгілі. Иә, егер Пайғамбар (с.ғ.с.) ақын болғанында, Құрайыш мүшриктері уахи боп түсіп жатқан Құран аяттарына "ақынның сандырақ өлеңдері ғой!" деген баға беріп, одан әрі келеке етер еді.

Шал ақын

Алла тағала «Шуғара» (Ақындар) сүресінің 224-227 аяттарында: "Ақындарға азғындар ереді. Олардың әр ойпатта қаңғып жүретінін, істемеген істерін айтатынын көрмедің бе? Бірақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер, Алланы көп зікір еткендер, зұлымдық көргеннен кейін жәрдем тілегендер бір басқа" - деген. Бұл аяттарда Алла тағала ақындық қабілетін зиянды бағытта қолданып, азғындықты үгіттейтін өлең шығарушыларға сөгіс береді. Онсыз да дін ғылымдарынан алшақ, құлшылықта енжар адамдарға мұндай ақындардың өлеңдері майдай жағып, азғындаған үстіне одан әрі азғындай түсетінін ескертіп тұр. Сондай-ақ, арсыз өлеңді азық еткен мұндай шайырлардың серілік құрып, нәпсі қалауларының жетегінде жүруіне сөгіс беріліп тұр. Дейтұрғанмен, ақындардың бәрі бірдей арсыз емес. Олардың арасынан имандылықты дәріптейтін, ізгі амалдарды насихаттайтын, Алланы еске алуы өлеңімен ұштасқан, Аллаға ғана жалбарынатын шынайы мұсылмандары бар. Міне, солар өзі де азғындап, өзгені де адастырушы арсыз ақындар сияқты емес, олар "жақсылықтың жаршысы" - деп айтылып тұр.

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (с.ғ.с.) ақын сөзіне тоқтаған



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет