Қазақ ақын-жыраулар мұрасындағы имани-рухани негіздер



бет5/8
Дата12.09.2022
өлшемі3,05 Mb.
#149278
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7-дәріс ИСЛАМ ПОЭЗИЯ

Пайғамбар дұғасы

Сәләмә ибн Акуағдан (р.ғ.) жеткен хадисте ол былай деген: «Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге Хайбарға шыққанымызда түн қатып жүрдік. Адамдардан бір кісі Амирге: «Ей, Амир! Бізге (өз өлеңдеріңнен) бірдеңелер оқып берсеңші!»—деді. Амир ақын кісі еді. Ол адамдарға ырғағы түйелердің жүрісімен сай келетін өлеңдер оқуға кірісіп:


«Уа, Аллаһ! Сенсіз тура жолды біз таппас едік,
Зекет беріп, сәждеде жатпас едік.
Жаным пида, қылайық Саған тәуба,
Бізді орнықтыр, кез келсек қалың жауға!
Тыныштық бер, біз қарсымыз,
Шақырса да жәһілдер.
Қайыспаймыз, біз қарсымыз,
Айқасса да кәпірлер!»,—деп айта бастады.
Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): «Мына (түйелердің) айдаушысы кім?»—деп (сұрады). (Адамдар): «Амир ибн Акуағ»,—деді. (Пайғамбар): «Аллаһ оны рақымына алсын!»—деп дұға етті.

Есті өлең - даналық бұлағы

Муслимнің "Сахихында" келген бір хадисте Шәрид атты сахаба былай дейді: «Бір күні Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.) көлігіне мінгесіп жүрдім. Ол: «Сен Умәййә ибн Салттың өлеңдерінен жатқа айтатының бар ма?»–деді. Мен: «Иә», – дедім. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Қане, айта қойшы»,–деді. Мен оған бір шумақты мәнерлеп айтып бердім. Ол разы болып: «паһ!»,–деді. Мен оған тағы бір шумақты жатқа айттымм. Ол тағы да: «паһ»,–деді. Сөйте-сөйте мен оған жүз шумақ өлең айтып бердім. Сонда ол: "Расында, өлеңде даналық бар», - деп таңырқады."

Мухаммад ибн Идрис әш-Шафиғи

Төрт мазһаб мектептерінің бірі «Шафиғи» мазһабының негізін қалаған атақты Мухаммад ибн Идрис әш-Шафиғидің жаттау қабілеті өте күшті болған. Ол кісі кітабын ашып көзін салса болды, ондағы аяттарды немесе хадистерді көңіліне түйіп, санасына сақтап, жүрегінде жатталып қалады екен. Сол үшін ол кісі жаттау кезінде екі беттегіні араластырмау үшін, кітаптың бір бетін жауып отыратын болған. Бірде ол сол жаттау қабілетінің аздап әлсірегенін сезеді. Қатты уайымдаган Шафиғи өзінің Уақиғ деген ұстазына барып осы іс жайында кеңес сұрайды. Ұстазынан оның себебін білген ол, сол ұстазының өсиетін өлең жолдарына түсіріп, былай деген екен:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет