Пайдаланылатын әдебиеттер :
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, 1974.
Сүйіншалиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.
Ақшолақов Т.Көркем шығарманың эстетикалық талғамын таныту. А., 1975.
Аманшин Б. Махамбеттің тағдыры. – А., 1991.
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.
Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003.
Қоңыратбав Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994
Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.ІІІ т. Алматы, 1967.
8- дәріс
Тақырып: ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси әлеуметтік жағдай, оның қазақ балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.
Дәріс мазмұны: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов шығармалары, олардың тәрбиелік мәні.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) ғалым, тілші, әдебиетші, ақын, аудармашы, мемлекет қайраткері. Ол қостанай облысы, Торғай атырабындағы Сартубек деген жерде дүниеге келген. Әуелі көзі. қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-91 ж. Торғай қ. екі класты орысша-қазақша училищеде, 1891-95 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. Ауылдық жерде мұғалім бола жүріп, қолы бос кездерде өзі ізденіп сан- алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқулықтар жазады, аударма жасайды, өлең- жыр тудырады, фольклор нұсқаларын жинайды. Негізгі еңбектері- қырық мысал, Маса жинақтары, Әдебиет танытқыш (1926) теориялық еңбегі бар. Бостандық аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазды. .
М.Жұмабаев (1893-1938) қазақтың ұлы ақыны. Солтүстік қазақстан облысы, Булаев ауданының "Молодежный" совхозында дүниеге келген. Алдымен қызылжарда медреседе дәріс алған Мағжан Уфа қаласына барып, медресе Fалияда татар халқының ұлы жазушысы F.Ибрагимовтан оқыды. Алғашқы әдеби тәжірибе басталып, тырнақалды жырлар тудырды. "Шолпан" (1921 ж. қазан) кітабы шыққан асау жүре.t, жас ақын орысша білім алуға талаптанып, Омбы~аласына келіп, семинарияға түседі. "Педагогика", "Сауатты бол" кітаптары, аудармалары басылды.
Мағжан поэзиясының мәңгі өлмес, ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу маржаны - сүйіспеншілік, махаббат, ,ғашықтық хақындағы дүниелері. қазақ лирикасында үлкен көркемдік жаңалық ашып, әсіресе европа, орыс әдебиетіндегі ізденістерді, бағыттарды ұлттық топыраққа батыл да, еркін енгізді. Эпикалық жанрда поэманың ықшам түрлерін қалыптастырды: "қойлыбайдың қобызы", .Қорқыт", "Түркістан", "Батыр Баян" - аңызға. тарихи белгілі оқиғаларға, .Жүсіпхан", "Өтірік ертек" - шығыс сюжетіне, мысал, тұспалға құрылған. Мағжан қазақ поэзиясына өлмес туындылар берген ұлттық ақын.
Ж.Аймауытов (1889 - 1931) драмашы, аудармашы, зерттеуші, публицист. Павлодар облысы Баянауыл ауылында туған. Жүсіпбек өзінің қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгерді. Ол В.Шекспир, В.Гюго, А.Пушкин, А.ТолстоЙ шығармаларын, бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетикалық тәрбие туралы зерттеулер тудырды, сан алуан публицистикалық мақалалар жазды: .Қарткожа", .Күнікейдің жазығы", .Шернияз", "Ел қорғаны", ;,Мансапқорлар" пьесалары, .Комплскстіокыту жолдары", "Жан жүйесі", "Өнер таңдау" еңбектері қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар.
М.Дулатов (1885 - 1935). Жазушы, ақын драматург, қоғам қайраткері.
Торғай болысының қызбел атырабында дүниеге келген. Ерте жетім қалған, екі жаста шешеден, он екі жаста әкеден айырылған Міржақыптың бүкіл өмірі жоқшылықпен, азаппен, әділтсіздікпен күресумен өтеді. Міржақыптың атын қазақ арасына кеңінен таратқан "Оян қазақ" еңбегі. Бұдан кейін "Терме" (1913), "Азамат" (1915) жинақтары жарық көрді. Прозадағы атышулы шығырмасы .Бакытсыз Жамал" романы 191 О жылы қазанда басылды. Мұның үстіне көптеген оқулықтар, аударма кітаптар жазды. А.Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл. Оның поэтикалық шығармалары мен қара сөздері философиялық, этикалық, эстетикалық ой- пікірлерге толы. Ол 1845 жылы Семей облысының Шыңғыстау деген жерінде дуниеге келген. Өз заманының асқан білімпазы Абай артына өшпес мұра қалдырды. Ұлы ағартушы өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп- шенеді. қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдап, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдында жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Оқудағы мақсат халыққа
адал қызмет ету деп ұқты.
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге,-
деп жастарды білім- ғылымды меңгеруге шақырды. Сол кездегі кейбір оқыған жастардың білімді шен алу, шекпен кию үшін пайдаланып, парақорлықпен алдап- арбаудың құралы етуге тырысқанына ызаланған Абай:
Ойында жоқ олардың Салтыков пен Толстой.
Я тілмаш, я адвокат, Болсам деген бәрінде ой,-
деп сөкті. Жастарға халық қамын ойлаған ақын-жазушылар мен ғалымдарды үлгі- өнеге етіп, "білімдіден шыққан сөз талаптыға кез болса екен" деді. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде деп ұққан Абай:
Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып білім алған.
Би болған, болыс болған мақсат емес, Өнердің бұдан өзге бәрі жалған.
Ел болу үшін қала салып отырықшы болу керек, егіншілікті кәсіп ету, мектеп салып, оқу оқып,білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. Өнер- білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін терең түсінген ол: .Барыңды салсаң да балаңа ғылымды үйрет" деп кеңес берді.
Кітапты молда теріс оқыр,
Дағарадай боп сөлдесі ... -
деп, Абай бас қатыратын жаттамалы діни оқуға қарсы болды. Бұл жерде діни оқу жөніндегі Абайдың көзқарасы өзінің замандасы Шоқан, Ыбырайлармен өзектес келетіні байқалады.
Абай жастардың белгілі бір мамандықты игеруін уағыздады. Өзінің отыз үшінші қара
сөзінде "Егер мал керек болса, қолөнерін үйренбек керек. Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Шәкерімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкерім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Жеті жасында әкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының тәрбиесі табиғатынан зерек Шәкерімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді.
Оның қаламынан терең ойлы, сыршыл лирикалық өлеңдер, "Қалқаман-Мамыр", .Енлік-Кебек", ,,Нартайлақ-Айсұлу" сияқты оқиғалы дастандар, "Әділ-Мәрия" және басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. Өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азаматы ретінде ол халқының басындағы нақты жағдайды көре білді. Осы бағыттағы барлық ой пайымдарын лирикасына нәр қылып құйды. Ақын лирикасының басты обьектісі- адам. "Сәнқойлар", .Еріншек", .Ескіден қалған сөз теріп" сияқты өлеңдерінде ақын замандастарының бойындағы ірілі- уақты кемшіліктер сыналады.Ол надандықтың негізін осылардан көреді. Өз халқының мүддесін көздеген ақын оның бойындағы жағымсыз қасиеттерді жұртқа жария етуші ғана емес, солардың үкімін айтушы да бола білді. Әшкерелей отырып, өз үкімін айтады, айналасына ой тастай сөйлейді. "Ату мен ынсап", "Дүние мен өмір", "Мақтау мен сөгіс" сияқты бірқатар өлеңдерінде Шәкерім айналасына сын көзбен қарай отырып, заманының шынайы суретін жасайды. Халық тағдыры Шәкерім жырындағы арналы тақырып. АбаЙ тәрізді Шәкерім де өзінің насихат өлеңдері мен жеке өнегесі арқылы жұртшылық санасындағы кейбір кері касиетгердің тамырын жойып, халықтық ар- намысты оятуға күш салады.
Ақын әрдайым халықтан қол үзбейді. Оның өшкерелейтіні де халық басындағы кемшілік, мақтан тұтары да халықтық қазына.
Шәкәрім- поэма жанрында да жемісті еңбек еткен қаламгер. Ол 19 ғасырдың 2-жартысында реалистік үлгідегі оқиғалы дастан дәстүрінің дамуына елеулі үлес қосты. Оның қаламынан қазақтың ертеректегі өмірінен алынып жазылған "қалқаман-Мамыр", "Еңлік- Кебек", .Нартайлак-Айсүлу" атты поэмалар туды.
Шәкәрім- көркем проза саласында да елеулі' мұра қалдырды."Әділ Мәрия" атты роман (1925) жазды. Онда ғасыр басында қазақ ауылында өткен оқиға баяндалады. Әділ мен Мәрия атты ғашық жастардың өмірі арқау болады. Ш.Қүдайбердіұлы қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында өзіндік орны бар көрнекті ақын, тамаша жазушы, ойшыл философ, білікті аудармашы, сыршыл сазгер дөрежесіне көтерілді
Достарыңызбен бөлісу: |