«Қазақ балалар әдеби үрдісі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет1/8
Дата16.11.2016
өлшемі1,1 Mb.
#1847
  1   2   3   4   5   6   7   8
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

«Бекітемін» факультет деканы

________________

«__»__________ 20 ж.
Педагогикалық факультеті

Педагогика және психология кафедрасы


050102 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған

«Қазақ балалар әдеби үрдісі»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Курс – 3


Семестр – 6

Кредит саны - 2

Дәріс – 15 сағат

Практикалық сабақтар (семинар) – 15 сағат

ОЖСӨЖ – 30 сағат

СӨЖ – 30 сағат

Емтихан – 8- семестрде

Барлығы – 90сағат


Орал 2009 ж.
Балалар әдебиеті оқу әдістемелік кешені Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және 050102 «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығының типтік оқу бағдарламасы (Алматы: Абай атындағы ҚҰПУ) негізінде құрастырылды. Типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 11 майда №289 бұйрығымен бекітілген және ендірілген.
Құрастырушы: оқытушы І.Ө. Хасанова

Келісілді: ОҮҰжОӘБ жетекшісі А.А. Какимова

Оқу бағдарламасы «Педагогика және психология» кафедрасының отырысында қарастырылды

____“ _________ 200 ж. №__ хаттама


Кафедра меңгерушісі: ___________ А.С. Иргалиев

Педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды “____“ _________ 200 ж. №__ хаттама
Факультеттің ОӘК төрағасы __________ ___________




1. «Балалар әдебиеті» пәнінің типтік оқу бағдарламасы ҚР жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған (Алматы: Абай атындағы ҚҰПУ) типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырды. Бағдарлама Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 11 майда № 289 бұйрығымен бекітілген және ендірілген.

2. Пән бойынша оқу бағдарламасы -sillabus

Оқытушы жөнінде мәлімет

Хасанова Іңкәр Өтебайқызы- «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы

Жұмыс орны: «Педагогика және психология» кафедрасы

Тұрғылықты жері: Студент көшесі 4, 7-ші оқу ғимараты 212- кабинет, т. 50-53-46



«Балалар әдебиеті» пәні жөнінде мәлімет

Сабақ кестесі:

Оқу тоқсаны 15 оқу аптасынан және 2 сынақ аптасынан тұрады.

Аптасына 2 кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат бір байланыс сағатынан ( дәріс, практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ, СӨЖ) тұрады.


Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

/дәріс 1/



50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ /практикалық сабақ/

50мин.

Байланыс сағат 2

/практикалық сабақ 1/



50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ /практикалық сабақ/

50мин.


Оқу жоспарынан көшірме.

Курс

Семестр

Кредит

Дәріс

Семинар

ОЖСӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

ІY

YIII

2

15 сағ.

15 сағ.

15 сағ.

45 сағ.

емтихан


Кіріспе

Курстың қысқаша сипаттамасы:

«Балалар әдебиеті» пәні – Балалар әдебиеті – жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келе жатқан сөз өнерінің өскелең бір саласы. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша балалар әдебиеті жеке пән ретінде оқытылады. Аталған мамандық бойынша дайындалатын болашақ бастауыш мектеп мұғалімі шәкірттеріне әдебиеттанудан жай ғана білім беріп қоймайды, оқушылардың рухани дүниесін байытып, туған тілін сүюден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдерін қалыптастырады, оқушыны жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білуге, адамгершілік – эстетикалық ой саласын байытуға септігін тигізеді. Аталған пән бойынша студенттер балалар әдебиетінің негізгі ерекшеліктерін, балаларға арналған халық ауыз әдебиеті үлгілерін, белгілі жазушылардың балаларға арналған шығармаларын және оларды талдауды үйренеді.

Сондықтан балалар әдебиеті курсынан болашақ бастауыш мектеп мұғаліміне қажетті білім, білік, дағды қалыптастыру көзделеді.



Курстың мақсаты: Балалар әдебиеті - еліміздің жас ұрпағына тәлім-тәрбие беруде ауыз әдебиетінің нұсқаларынан бастап, бүгінгі ақын-жазушылар шығармашылығын қамтиытын пән. Көркем сөз өнерінің бір саласы ретінде балалар әдебиетінің ерекшеліктерін таныту, студенттердің әдеби-теориялық білімдерін шыңдау. Сол себепті, болашақ кәсіби мамандардың өзін осы саламен кеңінен таныстыру, әдеби танымдық, эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру.

Курстың міндеті:

  • Балалар әдебиетінің жанрлық ерекшеліктерін таныту;

  • Ауыз әдебиетінің бай жанрымен, отандық және шетелдік классикалық балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;

  • Балалар әдебиеті көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметермен қаруландыру;

  • Әдебиет теориясы негіздерін практикалық қолдану деңгейінде меңгерту.

Курс мазмұны: Балалар әдебиетінің қалыптасу тарихы, кезеңдері туралы жөнінде әдебиетімен таныстыру.

Оқыту әдістемесі:

Оқыту негізінен негізгі оқу материалдарын түсіндіретін және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын практикалық сабақтар түрінде өтеді. Студенттердің білімін тексеру ауызша және жазбаша жаттығулар, талдау жұмыстары, тест жұмыстары және жеке семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру ретінде болады. Студенттердің білім кемшіліктерін жою үшін алдын-ала белгіленген кесте бойынша әр апта сайын кеңестер жүргізіледі.



Пререквизиттер: Жалпы және орта білім беретін мектептерде оқытылатын ана тілі пәні.

Постреквизиттер

  1. Балалар әдебиетінің жанрлық ерекшеліктерімен танысады.

  2. Ауыз әдебиетінің бай жанрымен, отандық және шетелдік классикалық балалар әдебиетінің озық үлгілері бойынша мол мағұлмат алады.

  3. Балалар әдебиеті көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерден хабардар болады.

  4. Әдебиет теориясы негіздерін практикалық қолдану деңгейінде меңгереді.

  5. Реферат, ғылыми баяндама, бақылау жұмыстарын ғылыми тұрғыдан дайындау дағдыларын меңгереді.

Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.

Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)



1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.



2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.



3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.



4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.



5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.



6. Пікірлесу. Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет