Қазақ батырларының азаттық жолындағы күресі: ақиқат пен аңыз



Дата13.02.2022
өлшемі18,41 Kb.
#131628
Байланысты:
1 СӨЖ Айтқалиқызы Жаңылсын Қф-101


Қазақ батырларының азаттық жолындағы күресі: ақиқат пен аңыз 

Бүгінгі XXI ғасырдағы әлем картасындағы тәуелсіз мемлекеттер қатарында Қазақстанның алар орны ерекше.

Ел территориясындағы қазба-байлықтар да жетерлік. Мұның барлығы қазіргі таңда еліміздің тәуелсіздігінің бекіп, мәңгілік мемлекет болуына бірден-бір жағдай жасауда. Осынша байлық иесінің қазақ екені де даусыз, оған ешкім де күмәнданбайды. Көне заманнан бүгінге дейін қазақ халқы Еділ мен Алтай аралығында көшіп-қонып, талай арпалыс заманды өткізіп, өзіне мәңгілік атамекен жасады. Асанқайғы іздеген қазақ үшін жерұйық та осы жер болды. Әрине, тарихта ұлан-байтақ жерімізді мекен еткен қаншама тайпа мен ұлттың болғаны белгілі. Әйтсе де, олардың базбіреулері өз дамуларында өзге мықтыларына қосылып, түпкі негізін жоғалтты. Өзгелері алып империялардың құрамына кірді, мемлекеттілігі жойылды, олардың мәдениетін қабылдады, аз ұлттың тілі, діні және ділі жоғалды. Ал қазақ ұлттық ерекшелігін ғана емес, сонымен бірге тілін, салт-дәстүрін, атамекенін сақтап, жаңа ғасырда тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қауымдастық қатарынан лайықты орнын алды. Бұл арада сөз жоқ, біз көршілес алып елдердің жүргізген саясатын жиі еске алып, жүріп өткен жолдарымыздан үнемі тағылым алуға міндеттіміз. Өйткені, олар өз дамуында талай ұлтты өзіне сіңірді, мемлекеттерін жоқ қылды, оларға дегендерін жасатты. Көп алысқа бармай, кешегі аты алысқа жеткен Қазан, Астрахан, Сібір хандықтары, Ноғай ордасы, Жоңғар мемлекеті тарихына назар аударсақ жетіп жатыр. Оларды көршілес алып империялық елдер өздеріне түкпілікті қосып алды. Осынша мемлекеттермен көршілес тұрған қазақтарды не құтқарды? Біздіңше, ұлан-байтақ территорияны мекендеген сонау сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, ұлы иозы, аландардан бастауын алатын кейінгі Алтын Орданың негізін құраған қыпшақтарды, олардың жалғасы қазақтарды қандай қиын-қыстау заманда да ішкі ұлттық бірлік, өзара сенім, тағдыр тұтастығы сақтай білді. Алтайдан Еділге дейінгі аралықта түбі бір түркі тілдес халықтар орнықты, олар шаруашылық, мәдени, тілдік ұқсастықтарын сақтап қана қоймай оны дамыта түсті. Моңғолдар шапқыншылығы да ішкі тұтастыққа түбегейлі бетбұрыс әкеле алмады. Жошы ұлысы, Ақ орда, Өзбек ұлысы, сайып келгенде, Қазақ атауымен алғаш рет пайда болған хандықтың құрылуына ықпалын тигізді. 1465 жылы құрылған Қазақ хандығы ұзақ жылғы табиғи дамудың заңды нәтижесі болды. Тарихшы Зардыхан Қинаятұлы: «Ал Қазақ мемлекеті, қазақ ұлты Жошы ұлы­сының әскери сол қанаты, Ақ Орда дәуі­рінде «Алаш Елі», билеушісі Орыс хан – «Алаш хан» атанды. «Алаш» атауы қазақ атауының тікелей баламасы. Бұл мен аш­­қан жаңалық емес, оны Қадырғали Жа­­лайыр, Ш.Уәлиханов, Мәшһүр Жүсіп Кө­пеевтер әлдеқашан айтып кеткен. Бұл туралы парсы, моңғол, орыс деректерінде жет­кілікті материалдар бар. Бірақ Қазақ хандығы қазақ мемлекеттілігінің бастауы да, соң­­­ғысы да емес. Сақ, Үйсін дәуірінен бас­тап, бүгінге дейін өсіп-өніп келген ди­на­микалық құ­былыс», - деп түйіндейді (MINBER Ұлттық интернет газеті. -2013. -2 наурыз). Сонымен 550 жылдығын атап отырған Қазақ хандығы қайнар бастауын бүгінгі Қазақстан территориясын сонау көне заманнан көшіп қонып, тұрақты мекенге айналдырған тайпалардан, олар құраған мемлекеттерден алады. 

Жер бетіндегі барша халықтардай қазақтар да өз дамуында табиғат сырын терең меңгеруімен қатар, оның заңдылықтарын игерді. Содан барып ел болудың, оны басқарудың өзіндік ерекшеліктерін қалыптастырды. Біздіңше, оның бастамасы ортағасырлық түркілердің мемлекеттік институттарынан, Алтын Орданың әскери басқару жүйесінен алынды. Ұлы даланы басқарудың ғасырлар бойы қалыптасқан жүйесін пайдалана отырып, қазақтар бұрыннан қалыптасқан аталық дәстүрді жаңғыртты. Соның нәтижесінде жеті аталық басқару үрдісі ұрпақтар санасына сіңірілді. Міне, осы үрдіс қазақ қоғамындағы мемлекеттік құрылымның өзіндік ерекшеліктерін қалыптастырды. Сайып келгенде, басқарудың жеті сатысы – ауыл, ата аймақ, ру, арыс, ұлыс, жүз, хандық қазақ өміріне берік орнықты. Бір кезеңде ең жақын, қандас туыстардан тұратын ауылдың жеті атаға дейінгі бауырлары құрайтын бірнеше ауылдарымен қосылып ата аймақ, содан он үш, он бес ата аймақ бірігіп біртұтас руды, олар көбейіп арысты құрады. Оларды ауыл басы, ақсақал, ұлыс басы басқарды. Кейін үлкен рулар ұлысқа, бірнеше ұлыс жүзге бірікті. Арысқа сұлтандар, жүзге хандар жауап берді. Соңында барлығы біртұтас хандықта жинақталып, олардың өкілдері қатысқан арнайы шақырылған Құрылтайда Ұлы қағанды немесе Ұлы ханды сайлады. Ел сайлаған қаған немесе хан көне түріктердің ескерткіштерінде бірін-бірі толықтырып лайықты орын алды. Елбасын көктүріктер, ұйғырлар, хазарлар, аварлар, түргештер қаған, бұлғарлар, куман-қыпшақтар, пешенектар хан атаған. Осылайша төменнен жоғарыға қарай басқару жүйесін сақтаған Қазақ хандығы дала демократиясының сара жолын жалғастырды. Хандықтың ірге тасын аталастар құраған рулар, олар біріккен жүздер құрады. Мұны ескерген Құрбанғали Халид: «Қазақияның негізі – үш жүз» - деп анықтаған-ды (Халид Қ. Тауарих Хамса, 50 б.). Қазақ шежірелерінің де қазақ жүздерінің негізгі бастауларын бір атадан іздеуінің өзі ішкі тұтастықты білдіреді. 1876 жылы Меккеден Құнанбай, Мырқы, Досжан хазіреттер алып келген шежіреде Қазақ-Алаштан Ақарыс, Жанарыс, Бекарыстың, Мұса Шорманов жасаған шежіреде қазақтың түп атасы Құтаннан Ақжол, Алшын, Үйсіннің, Ұлы жүз шежіресіндегі Алаша ханнан Байшора, Жаншора, Қарашораның жан-жаққа тарауы үш жүздің ірге тасының қалану жолдарын айғақтайды. Бүгінге дейін қазақ рулары осы аталардан өрбіп, өсіп-өніп оны ұрпақтан-ұрпаққа таратты. Белгілі ғалым Ж.Артықбаев: «Рулық қатынастардың қалыпты жүйесі - қазақтың қоғамдық тәртібінің, әкімшілік жүйесінің, этно-әлеуметтік өмірінің ірге тасы. Қазақ ұғымындағы ру - тек генеалогиялық қатынастардың алғы шарты ғана емес, ол - тарихи құбылыс. XVIII ғ. қазақ ішінде кең тараған аңыз-әңгімелер қазақ руларының барлығын бір ортақ бастаудан шығарады. Оның бір айғағы әр түрлі деректерде қазақтардың «алаш ұлысы» атануы», - деп қорытады (Артықбаев Ж.О. Қоғам және этнос, 157 б.).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет