ЖОБА
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ (ОҚЫТУ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ) ПӘНІНЕН
7-СЫНЫПТАР ҮШІН
ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(жылдық бағаға «қанағаттанарлықсыз» баға алған оқушылар үшін)
МАЗМҰНЫ
Кіріспе..............................................................................................................................................4
2. Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
3. Күтілетін нәтижелер 3
5. Модерация және балл қою 4
Кіріспе
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларына сәйкес үш немесе одан да көп пәндерден жылдық бағаға «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады.
Бір немесе екі пәннен аралық аттестаттауда «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушылар үшін оқу жылына жиынтық бағалау ұйымдастырылады. Ол мектеп құрастырған кестеге сәйкес оқу жылы аяқталған соң өткізіледі.
Оқу жылына арналған жиынтық бағалау қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушылар қосымша жиынтық бағалауды қайта тапсырады. Қосымша жиынтық бағалау жаңа оқу жылы басталғанға дейін өткізіледі.
Білім беру ұйымдарында оқу жылына арналған жиынтық бағалау мен қосымша жиынтық бағалау осы спецификацияға сәйкес өткізіледі.
Білім алушы қосымша жиынтық бағалаудан «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, қайта оқу жылына қалдырылады.
1. Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мақсаты
Оқу жылына арналған жиынтық бағалау пән бойынша оқушылардың күтілетін нәтижеге жеткенін көрсете алуына қосымша мүмкіндік беру және оқуды жалғастыру үшін қанағаттанарлық баға алу мақсатында өткізіледі.
2. Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
3. Күтілетін нәтижелер
1) әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін; әртүрлі жанрдағы шығармалардың мазмұнын, әдеби терминдер, түр мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді біледі, өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндердің фрагменттерін (таңдауы бойынша) жатқа біледі; оқылатын шығармалардан дәйексөздерді біледі;
2) адам өміріндегі көркем әдебиеттің мәнін, әдеби терминдер мен жанрлар, шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемаларын, шығармадағы автордың көзқарасын, көркем шығармалардағы бейнелі суреттеулерді, шығармаларда ашық және астарлы айтылған мағыналарды түсінеді;
3) әдеби тақырыпқа хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындау; жазбаша әңгіме құрастыру үшін әдеби кейіпкерлердің диалогін (оқығанының негізінде) дайындау – кейіпкерлердің біреуіне немесе бір топ кейіпкерге (топтық мінездеме), екі кейіпкерге (салыстырмалы мінездеме) мінездеме беру кезінде, талдамалық сипаттағы өзіндік мәтін құрастыру кезінде, қажетті ақпаратты іздестіру үшін алған білім, білік және дағдыларын; оқытылатын шығармаларды талдау үшін арнайы терминдер мен ұғымдарды; өзекті проблемаларды талқылау кезінде меңгерген дағдыларын; өз ойын білдіру, мәдени іс-шараларға қатысу үшін шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады;
4) оқығанына өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдай отырып, әртүрлі жанрда бейнеленген шығармаларды; тақырыпты, идеяны және шығарма композициясының, сюжет ерекшеліктерін, кейіпкерлердің іс-әрекетін және амалдарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін талдайды, салыстырады;
5) көркем мәтіннің жанры және түрі жағынан ұқсас шығарманы талдау жолдарын таңдау; фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстыру; әртүрлі жоспарлар құру үшін; әртүрлі ресурстарды пайдалану арқылы жазбаша мәтіндерді құрастыру үшін алған білімін, білігін және дағдыларын жинақтайды;
6) оқылған шығарманы композициялық, стильдік тұтастығы, тілдік ресімделуі және қойылған коммуникативті міндеттерге қол жеткізу тиімділігі тұрғысынан; өнердің басқа да құралдары арқылы жасалған көркем мәтінді түсіндіруді бағалайды.
4. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Жиынтық бағалау оқу материалын еске түсіруге көмектесетін кез келген көрнекі құралдары (диаграмма, кестелер, постер, плакаттар немесе карталар) жабық оқу кабинетінде өткізіледі.
Жиынтық бағалау басталар алдында білім алушыларға жиынтық бағалауды өткізу ережесі мен жұмысты орындау уақыты хабарланады. Білім алушылардың жұмысты орындау кезінде бір-бірімен сөйлесуіне болмайды. Білім алушылар жұмысты орындауға кіріспес бұрын ұйымдастырушылық сипаттағы сұрақтарды қоюға құқылы.
Білім алушылар өз бетінше жұмыс жасауы қажет және бір-біріне көмектесуге құқығы жоқ. Жиынтық бағалауды өткізу кезінде білім алушыларда көмек беретін қосымша ресурстар, мысалы, сөздік немесе анықтамалық әдебиеттер (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) болмауы тиіс.
Жауаптар мұқият орындалғаны дұрыс. Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жиынтық бағалауға берілген уақыт аяқталған соң білім алушылардан жұмысты тоқтатып, өздерінің қаламдарын/ қарындаштарын партаның үстіне қоюын өтіну қажет.
5. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың балдары балды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес бағаға ауыстырылады.
ЖБ балдары
|
балдардың % пайыздық мазмұны
|
Баға
|
0-7
|
0-39
|
қанағаттанарлықсыз – «2»
|
8-12
|
40-64
|
қанағаттанарлық – «3»
|
13-16
|
65-84
|
жақсы – «4»
|
17-20
|
85-100
|
өте жақсы – «5»
|
Қорытынды баға оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың/қосымша жиынтық бағалаудың бағалары мен жылдық бағаның орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады.
Жылдық баға
|
Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың/қосымша жиынтық бағалаудың бағасы*
|
Қорытынды баға
|
2
|
2
|
2
|
2
|
3
|
3
|
2
|
4
|
3
|
2
|
5
|
4
|
Ескерту: * Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың/қосымша жиынтық бағалаудың бағасы қағаз журналдың «Емтихан бағасы» бағанына қойылады.
6. Оқу жылына арналған жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру – 5 минут
Анализ және интерпретация – 15 минут
Бағалау және салыстыру – 20 минут
Балл саны: 20
Көп таңдауы бар тапсырмалар
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – түсіну және жауап беру, екінші бөлім – анализ және интерпретация, үшіншісі – бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
Оқу жылына арналған жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тап
сыр
ма
|
Қамтылатын мақсаттар
|
*Тап
сырма
лар түрле
рі
|
*Тапсырмалар сипаттамасы
|
*Орын
дау уақыты, мин
|
*Балл
|
Жал
пы балл
|
1-5
|
7.1.1.1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
7.12.1 Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау
|
Жауап нұсқаларынан бір дұры
сын таңдау/жабық сұрақтар
|
Тапсырма жеке орындалады. Оқушы оқыған шығармалары («Қыз Жібек» жыры, С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы», М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі, Т.Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі)
негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.
|
5
|
1
1
1
1
1
|
5
|
6-10
|
7.2.4.1 Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу
|
Толық жауап
ты қажет ететін сұрақ
тар
|
Оқушылар оқыған шығармалары («Қыз Жібек» жыры, С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»,
М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі,
Т.Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі,
А.С.Пушкин «Ескерткіш» өлеңі)
негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.
|
15
|
2
2
2
2
2
|
10
|
11
|
7.3.1.1Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру
|
Жазба
ша толық жауап
ты қажет ететін сұрақ
тар
|
Т.Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі бойынша берілген тақырыпқа өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.
|
20
|
5
|
5
|
Барлығы
|
40 минут
|
20
|
20
|
Ескерту: *Өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
|
Тапсырмалар мен балл қою кестесі үлгілері
«Қазақ әдебиеті» пәнінен жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Өлең шумағында кімнің бейнесі сипатталған?
Байлығында өлшеу жоқ:
Жеті жүз түйе жүк екен.
Ділдәсі мен жамбысы,
Мың түйе жүк тағы да
Қант пенен шайы бар.
Аяқты малда есеп жоқ.
А) Қаршыға
В) Сырлыбай
С) Базарбай
Д) Бекежан
[1]
2. Сүйінбай мен Қатаған айтысынан берілген үзіндіні анықтаңыз.
А) Есіңде сақта құлаған, Қанатың сынған күніңді.
Қырғыз, қазақ жиылып, Жалпылдатпа мұныңды!—
В) Ассалаумағалайкум, қара қарға! Ұялап, ұя сапсың биік жарға.
Шуылдап, ертелі-кеш бас қатырдың, Арыз тыңдар еліңде биің бар ма?!
С) Баспаған тағы жерім жоқ, Мен бармаған елім жоқ,
Қазақ пенен қырғыздың, Бәрінің дәмін таттым-ай!
Д) Келіпсің айтысқалы жүрместен жай, Жалғыз жүйрік дүниеде сен туғандай.
Туғалы кесір айтып көргенім жоқ, Қазаққа атым шыққан мен Сүйінбай!
[1]
3. «Көксерек» әңгімесінде «Түу, мына кәпірдің екі көзі жап-жасыл боп кетіпті-ау, тұқымын сезген екен қой, балам, енді мұны өлтіріп, терісін алайық» деген кім?
A) әжесі
В) Қасен
С) Жұмаш
Д) әкесі
[1]
4. Ерғабылдың баласы Сапабекке көңілі неліктен толмайтындығын көрсетіңіз.
A) ешкімге сөз бермейтін сөзшеңдігі үшін
B) шетел асып, алысқа кеткені үшін
C) ата-ана алдындағы борышын білмегендігі үшін
Д) орыс қызына үйленгендігі үшін
[1]
5. Берілген өлең шумағы кімнің шығармасынан алынған?
Ескерткіш тұрғыздым мен асқақ шынар,
Шөп баспас ел соқпағын бастап шығар.
Тәкаппар Александр күмбезінен
Ол күмбез әлдеқайда асқақ тұрар.
А) С.Сарғасқаев
В) Т.Әбдіков
С) Қ.Қайсенов
Д) А.Пушкин
[1]
6. «Қыз Жібек» жырындағы Төлегеннің қандай қасиеттерін байқадыңыз? Ойыңызды жырдан мысалдар келтіре отырып жеткізіңіз.
________________________________________________________________[2]
7. Күнің қандай болады?
Қазақты жинап алғанда.
Толып жатқан көп қазақ,
Көк пенен жердің арасы...деген жолдардың мәнін ашыңыз. Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.
_______________________________________________________________________[2]
8. ««Көксерек» әңгімесі – адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма» деген пікірге нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
________________________________________________________________[2]
9. «- Оқыт, өзіңдей қаңғыбас етіп шығар» деген сөзі арқылы Ерғабыл шалдың көңіл күйін сипаттаңыз. Өз пікіріңізді келтіріңіз.
________________________________________________________________[2]
10. Пушкин «Ескерткіш» өлеңінде өз есімінің өшпейтіндігіне сенімді екенін көрсетеді. Осы жөнінде ойыңызды шығармадан мысал келтіре отырып, дәлелдеңіз.
_______________________________________________________________________[2]
11. «Қонақтар» әңгімесіндегі ««Уақыт шіркін зымырап өтті де шықты. Тәңірінің құдіреті күшті-ау. Әйтеуір артымызда бір жаман бар. Тұяқсыз пенде емеспіз...» деген пікірді қалай түсінесіз? Шығармадан дәлелдер келтіре отырып, өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз (70-90 сөз шамасында).
________________________________________________________________[5]
Балл қою кестесі
№
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпараттар
|
1
|
С
|
1
|
|
2
|
А
|
1
|
3
|
Д
|
1
|
4
|
С
|
1
|
5
|
Д
|
1
|
6
|
«Қыз Жібек» жырындағы кейіпкер Төлегеннің қасиеттерін анықтайды;
|
1
|
Оқушы жауаптары ескеріледі.
|
Өз ойын мысалдар арқылы жеткізеді;
|
1
|
7
|
Өлең жолдарының мәнін ашады;
|
1
|
Өз ойын дәлелдеп жазады;
|
1
|
8
|
Берілген пікірге өз көзқарасын білдіреді;
|
1
|
Нақты дәлелдер келтіреді;
|
1
|
9
|
Кейіпкердің көңіл күйін сипаттайды;
|
1
|
Орынды пікір білдіріп, дәлел келтіреді;
|
1
|
10
|
Автордың пікіріне ойын білдіреді;
|
1
|
Шығармадан мысал келтіреді;
|
1
|
11
|
«Қонақтар» әңгімесіндегі ««Уақыт шіркін зымырап өтті де шықты. Тәңірінің құдіреті күшті-ау. Әйтеуір артымызда бір жаман бар. Тұяқсыз пенде емеспіз...» деген пікірді қалай түсінетінін жазады;
|
1
|
|
Шығармадан дәлелдер келтіреді;
|
1
|
Шығармадағы мәселенің өміршеңдігін сараптайды;
|
1
|
Өз көзқарасын айтады;
|
1
|
Жазба жұмысының көлемін сақтайды.
|
1
|
Достарыңызбен бөлісу: |