«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жоспары 7-сынып «Қазақ әдебиеті»



бет5/25
Дата05.08.2020
өлшемі0,77 Mb.
#76223
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
7-d181d18bd0bdd18bd0bf-d399d0b4d0b5d0b1d0b8d0b5d182

Әдіс-тәсілдер туралы.

Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың педагогикалық тұғырлары «Құндылық бағдарлы оқыту», «Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру», «Дамыта оқыту», «Тұлғалық бағдарлы оқыту», «Әрекет бағдарлы оқыту», «Саралай және даралай оқыту», «Коммуникативтік-функционалдық бағдарлы оқыту», «Ақпараттық-коммуникациялық бағдарлы оқыту» бағытында болғандықтан, осыған сай педагогикалық әдістер мен тәсілдер жүйесі қолданылады. Атап айтқанда, әдістер жүйесі мынадай жіктемеде жүйеленді:



  • әңгіме, пікірталас, дәріс, кітаппен жұмыс – репродуктивтік сипаттағы танымдық белсенділікті дамытатын білімді меңгеру әдістері;

  • классикалық проблемалық әдіс (Дьюи бойынша), коммуникативтік жағдаяттық әдіс, идеялар банкі – ми шабуылы, дидактикалық ойындар: еліктеу ойындары, іскерлік ойындары – оқушылардың өзіндік жұмыс арқылы шығармашылық танымдық белсенділікпен проблемаларды шеше отырып білім алу әдістері;

  • импрессивтік әдістер, экспрессивтік әдістер, шығармашылық тапсырмаларды орындау әдістері, оқу-практикалық әдістер– оқушылардың көркем әдебиетті көркем өнердің басқа түрлерімен байланыста қабылдау арқылы танымдық белсенділігін дамыту әдістері;

  • көркем әдебиетті меңгеру арқылы сурет салу, проблемаларды шешудің ең оңтайлы және тиімді жолдарын шешу және таңдау әдістері – шығармашылық міндеттерді жүзеге асыруды көздейтін практикалық әдістер;

  • пікірталас, өзіндік жұмыс, классикалық проблемалық әдістер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет