«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жоспарын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері бірлесіп құрастырған.
Мазмұны
Түсінік хат
Шығармалар тізімі
Оқу жоспарының үлгісі
|
Түсінік хат
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-сыныбына арналған қазақ әдебиеті пәнінің орта мерзімді жоспары Кіріктірілген білім беру бағдарламасына негізделіп құрастырылды. Оқу жоспары 7-сынып оқушыларының қазақ әдебиеті пәні бойынша білімі мен түсіну, жауап беру, анализ және интерпретациялау, бағалау, салыстыру дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
Оқу жоспарының мазмұнында қазақ әдебиеті пәнін оқыту барысында қалыптастырылатын коммуникативтік дағдыларға сілтеме, оқыту мақсаттары, оқытуда ұсынылатын әдіс-тәсілдер жүйесі, мұғалімге ескертулер мен оқыту ресурстары бөлімдері қамтылды. Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың жылдық жүктемесі - 68 сағат, аптасына – 2 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |