«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жоспары 7-сынып «Қазақ әдебиеті»



бет6/25
Дата05.08.2020
өлшемі0,77 Mb.
#76223
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
7-d181d18bd0bdd18bd0bf-d399d0b4d0b5d0b1d0b8d0b5d182

Ресурстармен жұмыс. Қазақ әдебиетін оқытуүдерісінде оқу материалымен байланысты түрлі үнтаспа, бейнетаспаларды, медиаматериалдарды, бейнероликтерді, ғаламтор материалдарын, электронды оқулықтарды, АКТ құралдарын пайдалана отырып сабақтың тиімділігін арттыру көзделінеді. Сонымен қатар оқыту ресурстарының қоры театр, мұражайлар мен кітапхана, тарихи ескерткіштерге саяхат жасату арқылы кеңейеді.

7-сыныпта оқытылатын көркем шығармалар тізімі

7-сыныпта«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасында ұсынылған көркем шығармаларды толық оқу міндеттеледі. Сол арқылы оқушыға автордың идеясын толық түсінуіне, шығарманы жан-жақты талдай алу қабілетін дамытуға және оқырмандық қабілетін қалыптастыруға қосымша мүмкіндік болады. Бір шығарманы толық оқып, талдай білген оқушы өз бетімен оқыған шығармасын сыныпта меңгерген дағдылары бойынша барлық әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, ой елегінен өткізіп, интерпретация жасап, бағалай алады. Сыныпта және өз бетімен оқылатын көркем әдеби шығармалардың табиғи сабақтастығы мен байланыстылығы сақталынып отырады.

1. Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры


  1. Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»

  2. Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»

  3. «Қыз Жібек» жыры

  4. Ш.Қанайұлы «Зар заман»

  5. С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»

  6. Ж.Жабаев «Зілді бұйрық»

  7. М.Жұмабаев «Батыр Баян»

  8. М.Әуезов «Көксерек»

  9. Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»

  10. С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»

  11. М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»

  12. Т.Медетбек «Тәуелсізбін» өлеңі

  13. Т.Әбдіков «Қонақтар»

  14. А.С.Пушкин «Ескерткіш»



Бөлім атауы: Көне күндерден жеткен жәдігерлер

І тоқсан, сағат саны -18





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет