Пәнаралық байланыс.
Әдебиет пәні мектепте оқылатын басқа тіл пәндерімен, тарих, жаратылыстану, бейнелеу өнері, музыка және басқа да пәндерментығыз байланыста үйлесім табады.Пәнаралық байланыс – оқытудың ерекше категориясы болғандықтан, оқушылардың әдебиеттен жүйелі білім алуынкүшейтіп, оқу әдістерін белсендіреді. Әдебиет сабағындағы пәнаралық байланыс оқушылардың эстетикалық талғамын және сурет, музыка, кино өнерлеріне ұмтылысын қалыптастырады.Шығармадағы тарихи шындық пен көркемдік шешім көрінісін, топонимикалық, ономастикалық атаулардың маңыздылығын түсіне отырып, оқылған шығарманы бейнелеу және музыка өнерімен ұштастыра отырып, пәнаралық байланысты кеңінен қолдану оқушының дүниетанымын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |