«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жоспары 7-сынып «Қазақ әдебиеті»



бет2/25
Дата05.08.2020
өлшемі0,77 Mb.
#76223
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
7-d181d18bd0bdd18bd0bf-d399d0b4d0b5d0b1d0b8d0b5d182

Оқу мақсаттарымен жұмыс. Оқушылар «Түсіну және жауап беру»дағдысы бойынша әдеби шығарманың жанрын, тақырыбы мен идеялық мазмұнын анықтайды. Көркем шығармадағы кейіпкердің портреті мен іс-әрекеті арқылы танылатын образын ашады. Көлемі шағын үзінділерді жаттау арқылы есте сақтау қабілеті дамиды. Көркем мәтіндерді оқу арқылы оқушыда мәтіннің мәнін түсіну, мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасады. Көркем мәтінді оқу оқушылардың тұлғасы дамып-жетілуін, оның интеллектісі, сөйлеу әрекетінің төрт негізгі түрі (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) қалыптасуын, оқырмандық әрекеті мен қызығушылығы дамуын, осылар арқылы оқу әрекеттері компоненттері мен жан-жақты машық-дағдылар қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оқушының көркем мәтінді ажырата тани алуы үшін, әрқайсысының маңыздылығын түсінуі, оны өмірлік жағдаяттарда саналылықпен қолдана алуы үшін оқудың саналы оқу, дұрыс оқу, жүгіртіп оқу, мәнерлеп оқу т.б. түрлері қолданылады.

Оқушылар әдеби шығарманың құрылысын, композиция жасалу тәсілдерін, екі нәрсені, құбылысты (оқиғалар желісін, кейіпкерлерді т.б.)салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеу тәсілдерін меңгереотырып, «Анализ жасау және интерпретациялау» дағдыларын қалыптастырады. Эпикалық шығармадағы жазушының авторлық тұлғасының көріну қалпын, суреткерлік шеберлігін анықтайды. Көркем шығармаға түрлі деңгейдегі талдау жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттері (шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау т.б.) дамиды. Мәтінмен жан-жақты жұмыс жасау үдерісінде қаламгердің тілдік көркемдегіш құралдарды қолдану лабораториясына талдау жасайды. Шығармадан алған әсерін сипаттайды, авторға арналған хат, өлең жазады.

Көркем шығарманың бейнелі-мәнерлі тілдік құралдарын қабылдай алу, автор жасап шығарған өмір картинасын санасында орналастыру, көркем мәтіндегі себеп пен салдардың байланысын анықтау, көркем шығармадағы автордың көзқарасын түсіну, мәтіннің негізгі ойын, идеясын анықтау (мұғалімнің көмегімен) т.б. талдау әдістерін қолдануды меңгереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет