«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша Педагогтердің білімін бағалауға


Тапсырма мазмұнының сипаттамасы



бет2/4
Дата10.03.2023
өлшемі33,38 Kb.
#171686
1   2   3   4
Байланысты:
aza - debieti (1)

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
«Тәрбиенің қайнар бұлағы» Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас», Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау; әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау; көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу; шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау; көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.
Туған жерім -аялы алтын бесігім: «Аяз би» ертегісі «Алып Ер Тұңға» жыры, Әл Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді», Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық» әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру; шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау;
Абайды оқы, таңырқа: Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін", «Ғылым таппай мақтанба», «Бірінші сөз», «Жетінші сөз», «Отыз бірінші қара сөз» шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау.
Мен балаң жарық күнде сәуле қуған: С. Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы», С. Мұратбеков «Жусан иісі», О. Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат», Қалқаман Әбдіқадыров «Қажымұқан» әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру; эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.
Көнеден жеткен жәдігерлер: «Қыз Жібек» жыры, Орхон-Енисей ескерткіштері, «Күлтегін» жыры, Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»,Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау; көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау; шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру; эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау; шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау; әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау; көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау; әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет