Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу Ұзақтығы – 40 минут Түсіну және жауап беру – 10 минут
Анализ және интерпретация – 10 минут
Бағалау және салыстыру – 20 минут
Балл саны – 30
Тапсырмалар түрлері: Бір және көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – түсіну және жауап беру, екінші бөлім – анализ және интерпретация, үшіншісі – бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.