Тапсырма «Абай кезіндегі қазақ даласында, күні өтіп бара жатқан, бірақ тамыры әлі де тереңдегі ескіні мен Құнанбай образына жинақтадым. Ал оның баласы Абай бойында енді туып келе жатқан жаңа леп бар. Сондықтан ақын Абайдың қалыптасуын көрсету арқылы мен үлкен қоғамдық шындықты - ескі мен жаңаның қарама-қарсылығын, күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуға тиіс болдым», – деген автордың пікіріне сүйеніп, Құнанбай мен Абайдың ұстанымдарындағы айырмашылықтарды көрсетіңіз.