Қазақ әдебиетін мектепте оқыту әдістемесінде «Тәуесліздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» мәселелерінің терең талдаулар негізінде жүйеленуі маңызды болып табылады



бет10/16
Дата30.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#160608
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
әдебиет (копия)

Үшіншіден,оқушыларға көркем прозалық мәтінді өз бетімен талдау жолдарын байыппен меңгерту керек.
Төртіншіден, сабақ үстінде сыныптағы оқушылардың жеке басының дамуы мен психологиялық ерекшеліктерін аса мән бере отырып көркем мәтінді талдау тапсырмаларын орындату керек.
Р. Отарбаевтың «Біздің ауылдың амазонкалары» атты жинағына енген (2012 ж.) «Мона Лиза» әңгімесі бойынша мұғалім ерекше интеграциялық сабақ та өткізе алады, болмаса арнайы тәрбие сағатын да өткізе алады.
«Аяғымды аттап баса алмай қалдым. Бойымды бір беймәлім сезім билеп: «Кездестік-ау, ақыры»,- дедім. Өтіп кеткен өкпе де, өшіп қоламтасы қалған өкініш те осы екі ауыз сөзге сыйып жатты.
Сонда да оның көзіне қарағым келген. Тіпті де мүмкін емес. Бұл фәниден түңілген сынды. Мен де торыққам.
Күз лебі келді. Теңіз самалы боп жеткен. Жапырақ жауа қоймаған шақ.

  • Келіңіз, фотоға түсейік.

  • Өмірлік естелік!

  • Полковник, сізді де кезінде суретпен әуестенген деп естідік.

Жүрегім шанышты. Алаңға ағылған қалың тобырға қарағым келмеді. Теріс айналдым. Леонардо да Винчидің мүсіні алыстап бара жатты. Санта Мария көшесіне жеткенде алқындым. Жанымның бір жіңішке жібі дірілдеп барып үзіліп кетті білем. Тәлтіректеп, қалт-құлт басып келіп отырдым.

  • Сеньор, көмек керек пе? – деген сөздер ауаға сіңіп жатты. Алыстан бұлдырап Мона Лиза бейнесі елес берді. Әдемі келбеті, төгілген қолаң шашы,қоңырқай көзі ... Баяғыдай құпия жымияды» (169 бет).

Бұл әңгімені интеграциялық әдісті қолдана отырып өткізетін болса, Леонардо да Винчидің «Джоконда немесе Мона Лиза» деген атақты картинасының көшірмесін алып келіп, оқушыларға суреттің тарихы туралы айтып беретін болса, Р.Отарбаевтың осы әңгімесінің танымдық, тәрбиелік,эстетикалық әлеуеті танылады.
Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген қазақ ақындарының жырлары – оқушылардың патриоттық, адамгершілік, отаншылдық сезімдерін дамытып, эстетикалық талғамын ұштай түсуге әлеуеті зор деп айта аламыз. Атап айтканда,К.Ахметованың «Тәуелсіздік сөзі», Ә.Дастанұлының «Мың сөз», О.Асқардың «Тәуелсіздік тартулары», Б.Айболатұлының «Көзмоншақ», Р.Есдәулеттің «Бөрінама», Н.Бердалының «Жаңбырлы түн» т.б. туындылардың тәрбиелік әлеуеті зор.
Айгүл Кемелбаеваның Шашты” әңгімесі :
Қазақ әдебиетінде оқырманды халықтың басынан қиыншылықтарды қатыстыра отырып, жүйелі ой қалыптастыруға итермелейтін шығармалар аз емес.Осындай шығармалардың бірі, өзіндік ерекшеліктерімен сипатталатын шығарма – "Шашты" әңгімесі. Әңгімеде дана қарт Тасқұл мен бала Кенжебек бейнесі көрініс табады.
Жаугершілік заманда шапқыншылар өзге елді тұтқиылдан шауып, сұлу қыздары мен батыр ерлерін еріксіз алып кететін. Тұтқынға түскен бойжеткендерді күң етсе, ер азаматтарын құл қылатын. Туған елге деген сағыныш еріксіз тұтқынды да тәуекелге бел буып, қашуға итермелейді-шығарманың беретін сезімі де осы. Әңгімеде ер-азаматтардың ар-намысы, шапқыншылыққа ұшыраған елдің күйі секілді мәселелер талқыланады. Шығарманың өзіне тән ерекшелігі, асыра сілтеу секілді әдеби құралдары жиі қолданылмайды, себебі бұл өмірде болған тарихи оқиғаға негізделіп жазылған. Жазушы шағын әңгіме арқылы жауынгер қазақ халқы рухының мықтылығына назар аударған. Оған дәлелдер:тұтқындағы жылқышының өр мінезі. Жас бала Кенжебектің айшылық алыс жерден жалғыз қашып келуі.
Қорытындалый келе Шашты шығармасы сол заманның өзекті мәселелерін қозғап қана қоймай, бүгінгі күнмен де тығыз байланыстырған. Сол заманда ер азаматтар ар-намыс секілді бағалы қасиеттерінен құл болғандықтан айырылса, қазіргі заманның ер адамдары сол секілді қасиеттерді өз бойынан жоғалтып, еркек аттарынан ерікті түрде айырылып жатыр. Бұл мәселенің бүгінге дейін де өзекті болып келе жатқаны бәрімізге белгілі.
Т.Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» 
Есмағанбет ағаның 4 жылдан кейін ауылға келіп,немере атасының үйінде қонақтап жатуынан әңгіме басы басталады.Үйде қарсы алғандар,кейін келгендер бәрі жиналып ас ішіп,әңгіме дүкен құрғаннан кейін бәрі қайтты.Далаға шыққан Есмағанбет бақшаны оңаша аралап жүріп: 
Мама-аа..мама-аа... 
Сенсің ғой ең дана-аа..
Мәңгі дос сен ғана-аа,-деген әнді естіді.Әннің иесі сүйкімді 4 жасар бала құммен ойнап отыр екен.Қасына келіп,атын сұрап танысты.Аты Сержан екен.Анасының аты Күміскүл екенін,Алматыда тұратынын айтқан баланың көзінде анасына деген сағыныш ізі тұрды . Есмағанбеттің Алматыдан келгенін естіген бала оған жақын болып , бауыр басып кетті. Өзі сүйкімді бала , шашынан иіскетіп еркеледі. Есмағанбетте оны шашынан иіскеп , мейірленіп бетінен сүйді.Алматыға барасыңба ,-деген Есмағанбет атасының сөзіне бала қуанып кетті.Барамын,-деп қуана жауап берді.Одан кейінгі күндері Сержан қонақтың ізінен қалмай,сұрақ қоюмен болды.Баланың анасын қатты сағынғаны,оның әр сөзінен білініп тұрды.Есмағанбет қайтатын болғанда бала оның алып кетпейтінін,ата -әжесі жібермейтінін біліп,түсінді.Есмағанбет көлікке мінгенде оның артынан көпке дейін жүкіріп отырды.Есмағанбет баланы ойлап,қатты қамықты.Оның көз алдына баланың елесі көпке дейін кетпей қойды.Анасын сағынған балалар болмасын.Әлемде балалар аналарының қасында бақытты өмір сүрсін.
Ыбыраев Маралтай ақынның «Ай» атты өлеңінің талдау үлгісін көрсетейік.


«АЙ»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет