«Қазақ әдебиетін оқыту әдіс- тәсілдер жүйесі және әдістер жіктемесі»


Түсіндірмелі-иллюстративті; 2.Ақрапатты



бет3/4
Дата28.10.2022
өлшемі19,85 Kb.
#155433
1   2   3   4
Байланысты:
Салидат (2)

1.Түсіндірмелі-иллюстративті;

2.Ақрапатты;

3.Репродуктивті;

4.Проблемалық баяндау әдісі;

5.Эвристкалық әдіс немесе ішінара ізденіс әдісі;

6.Зерттеу әдісі.

Көп жылғы әдебиет пәнін оқыту әдістемесінің тәжірибесіне сүйене отырып, әдебиет пәнін оқытуды өзіне тән әдістер жүйесінің қалыптасқанын көруге болады.

Оқыту әдістері туралы В.В.Голубков «Оқыту әдісі жүйелі қолданы- лытын педагогикалық еңбекке үлкен ықпалы бар оқыту түрі» деген тұжырым білдіреді. Ол әдебиет пәніне тән әдістер жүйесін былайша топтайды:

1.Лекция әдісін кең көлемде қабылданатын негізгі әдістің бірі ретінде жаңа оқу материалын түсіндіруде, мұғалімнің әңгімесі түрінде түсінік бере отырып оқу түрінде қолданылатынын айтады. Оқу материалын мәнерлеп оқи отырып тыңдаушыға жеткізетін, жаңа оқу материалын баяндайтын лекциялық әдіс деп түйеді.

2.Әдеби-сұхбат әдісі.

3.Оқушылардың өздік жұмыс әдісі деп оған шығарма, баяндама, ауызша баяндама, жазба жұмыс түрлерін жатқызады. Яғни, оқушының ауызша, жазбаша баяндамасы және шығармасына бағытталған өздік жұмыс әдісі.

Әдіскер-ғалымдардың әдебиет пәнін оқытуда қалыптастырған әдістер жүйесін саралай келіп, пәннің ішкі құрылымы мен өзіндік ерекшелігіне сай әдістерді тиімділікпен қолдану мүмкіндіктерін қарастырып көрейік.

Шығармашылық оқу әдісі. Шығармашылық оқу әдісі әдебиет пәнін оқытуға тән негізгі әдістің бірі болып саналады. Бұл әдістің мақсаты мен міндетінің өзі оқушылардың шығарманы көркем қабылдауына жол ашу, шығарманың көркемдік табиғаты мен әсерін сезіну қабілетін туғызу. Сондай- ақ шығарманы көркем қабылдау мен эстетикалық әсер алу әдебиетті ғылыми негізде түсінуге де ең қажетті баспалдақ.

Зерттеу әдісінің негізгі мақсаты — оқу материалының сабақта қарастырылмаған кейбір жаңа аспектілерін ашу, шығармаға өз бетінше талдау жасау қабілеттерін жетілдіру, шығарманың идеялық-көркемдік салмағын танып, әдеби талғамын дамыту болып табылады. Оқу тапсырмалары мен қызметі жағынан зерттеу әдісі эвристикалық әдіске жақын келеді. Өзгешелігі мыналар: эвристикалық әдісінде мұғалім жекелеген тапсырмалар жүйесін құра отырып, шығарманы талдау жолына оқушыларды бағыттап отырса, зерттеу әдісінде талдау жолдары мен зерттеу әдістерін, талдаудың негізгі бағыттарын, негізгі көзқарастар мен шығарманың идеялық құндылығын тану бағытын білетін оқушы күрделі тапсырмаларды өздігінен шеше отырып, өз дәлелдері мен дәйектемелерін, сын пікірін білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет