Машықтандыру (семинар) сабағы. Бұл сабақтың бірнеше ерекшелігі бар:
оқушыларды бірнеше тақырып бойынша өз бетінше дайындау;
оқушылар сол тақырып бойынша хабарлама жасайды;
тыңдалған материалды талдайды;
талқыланған мәселені мұғалім қорытады. Сабақтың мұндай түрі оқушылардың өз ара ұқсас сабқатың түрін қалай қабылдағанын тексеруге мүмкіндік береді. Мұғалім алдын ала оқушыларға тапсырма беріп, тиісті әдебиеттерді көрсетеді.
Диспут сабағы. Мұғалімнің сабақты пікірталсақ құруы оқушы белсенділігін арттырып, пәнге деген қызығушылығын өсіреді. Мұндай сабққа мұғалім балама жауаптары бар сұрақтар ойластыру қажет. Сонда оқушылар әр түрлі пікірлер айтып, керекті дәлелдерін табады.
Сайыс сабғы. Бұл ортаңғы сыныптарда өткізуге қолайлы сабақ. Оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша білімдерін сабаққа сала отырып, шапшаң, мүдірмей жауап таба білуі, өзінің пәнге деген ықыласын жан жақты білдіре алуы, сыныптас оқушылардан ерекшелігін таныта алуы көзделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |