«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 015 жылғы №3 басылым в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті



бет8/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#1363
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   95
Күнтізбелік жоспар – бұл бағдарламадағы тақырыптардың оқу тоқсандарына және апталарға жіктелуі. Оқытушы осы жоспар арқылы пәнді жүргізуге бағдар жасап, әрбір сыныпқа байланысты оқу мақсатын бірқалыпты, жүйелі жүзеге асырады. Күнтізбелік жоспар жасауда әр сыныптағы апталық сағат саны, сол жылдағы күнтізбенің ерекшелігі (мереке күндері, демалвстар) ескерілу керек.
Тақырптық жоспар бұл бағдарламадағы әрбір тақырыпқа белгілі мөлшерде берілген сағатты тақырыптың күрделі немесе жеңілдігіне қарай бөлу. Бұл жоспар тақырыпты ретімен, мақсатты түрде өтуге көмектеседі.
Сабақ жоспары бұл әрбір сабаққа күнделікті жасалатын жоспар түрі. Ол мұғалімнің сабақты жоспарлы, ұйымдасқан түрде өтуіне бағдар береді. Ал, колледж және университеттерде жұмыстық оқу жоспары жасалады. Ондағы тақырыптар дәріс, машықтандыру, зертханалық, арнайы курстар мен семинарларда өтіледі.
Сабақ белгілі бір сынып оқушыларын, топ студенттерін белгіленген бағдарлама бойынша оқытудың негізгі формасы. Онда оқу материалын оқып үйрену, меңгеру жүзеге асырылады. Ол үшін сабақтың нақты мақсаты болу керек. Сабақ – оқу процесінің ең кіші бөлшегі бола отырып, оның мақсатын, мазмұнын жүзеге асырады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, әдіс –тәсілі анықталғаннан кейін, оның дидактикалық материалы жасалады.
Мектепте өткізілетін сабақтың қалыптасқан құрылымы бар. Олар:

  • ұйымдастыру кезеңі;

  • үй тапсырмасын сұрау;

  • жаңа материалды түсіндіру;

  • сабақты бекіту, үйге тапсырма беру;

  • оқушы білімін бағалау;

сабақтың бөліктеріне уақыт белгіленеді. Сабақ үстінде оқушылардың білім дағдылары қалыптасады. Сабақтың ойдағыдай өтуінің алуан түрлі шарттары бар. Ең бастысы‑мұғалімнің білімі мен әдіс тәсілдерінің жан жақтылығы. Сабақты жоспарлау, ұйымдастыру, өткізу үлкен нақтылықты қажет етеді. Сабақ –күрделі процесс. Сабаққа көптеген талаптар қойылады. Солардың бастылары мыналар:

  • оқушылардың сабақты бар зейінімен, ықыласымен тыңдауын ұйымдастыру;

  • мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, тиімді әдіс – тәсілдері;

  • оқушының теориялық жағынан меңгерген іс тәжіребиеде, күнделікті сабақта қолдана алуы;

  • оқушы алдына проблема қойып, оны ізденіске бастау;

  • оқушының шығармашылығын арттыратындай өз бетінше жұмыс беру;

  • көрнекі құралдардың нақтылығы, әсерлігі, мазмұндылығы;

  • мысалдардың өмірмен байланыстылығы, оқушыны ойлантуға, сөйлеуге тәрбиелеуге ықпалы;

  • сабақты басқа пәндермен өнер салаларымен үйлесіміне, ұқсастығына қарай түрлендіру.

Бұл мәселеге қоса, әр сабақта педагоикалық, психологиялық, физиологиялық талаптар ескеріледі. Бір сыныптағы оқушылар бірдей талап, әдіспен оқытылған сабақты бірдей қабылдай бермейді. Осыдан келіп жеке оқушыларды зерттеу олармен жұмыстар жүргізу талабы туындайды. Яғни сабақта оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттары жүзеге асырылады. Осы бағыттағы жұмыстар жүргізіледі.
Өзінің мақсаты мен құрылымына қарай мектептегі сабақ екі топқа бөлінеді:
Оқыту – үйрету мақстаныдағы сабақты мынадай төрт түрге бөлуге болады:

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет