Сабақтың тақырыбы: Жылдамдықты табуға берілген есептер.
Сабақтың мақсаты:1. Жылдамдықты табуға берілген есептерді шығара
білуге үйрету, есепке сәйкес сызба сала білу,
формуланы жатқа білу.
2. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін,математика
лық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
3. Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқыр
лыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәр-
биелеу.
Сабақтың көрнекілігі:монеталар, қима қағаздар, қала аттары, ақша қағаздар
«Білім банкі» , «касса» жазулары, сызбалар, формула
жазылған плакаттар, слайдтар.
Сабақтың түрі: «Капитал» ойыны.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Оқушылармен амандасу, оқу-құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру, зейінін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
6 есепті тексеру. Сәйкес жылдамдықты табу. Қашықтықты табуға құрастырған есептерін оқыту.
Жаңа сабақпен байланыстыру. Сұрақтар қою:
Қашықтық дегеніміз не?
Жылдамдық дегеніміз не?
Уақыт дегеніміз не?
Олардың белгіленуі, қашықтықтың формуласы.
Шапшаңдығымызды тексеріп көрейік.
24000/4 , 5600/7 , 81000/900 , 6000*6 , 300*300, 4000*8 ,6000*7 т.б.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымызда «Капитал» ойынын ойнаймыз.
Банк дегеніміз не?
Қор жинау дегеніміз не?
Бүгін «Білім банкіне» қор жинаймыз. Мен – банк президентімін. Ал, сендер салымшысыңдар. Білімдерің арқылы монета жинап, банкке саласыңдар. Әр дұрыс жауапқа бір монета беріледі. Ең төменгі салы – 3 монета. Әрқайсыларыңа 6 монетадан беріледі.
Қазір сұрақтарыма дұрыс жауап берген оқушыға кредитке 2 монета беремін.
Қашықтықты табуды білеміз. Осы формула арқылы жылдамдықты табуға бола ма?( №1 есептегі сызбаны пайдаланып, жылдамдықты оқушылардың өздеріне тапқызу).
№1 есеп.
Шарты: S=320км Ш: V=S/t
t=4 сағ. V= 320/4= 80(км/сағ)
V=? Ж: V=80км/сағ.
ІV. Оқулықпен жұмыс.
Білім банкінен кім «Үлгілі депозит» ашып алады.(карточка беріп, №2,№3 есептерді тақтаға түсіндіре отырып шығарады.)
№2 есеп.Шарты: S= 520м Ш: 520м/8мин=65м/мин.
t=8мин Ж: V=65м/мин.
V=?м/мин
№3 есеп.
а)Шарты: S=1800м Ш: V= 1800м/30мин= 60м/мин.
t=30 мин Ж: V=60 м/мин7
V=?
ә) Шарты: S= 200км Ш: V=200км/4сағ=50 км/сағ.
t=4сағ V=50км/сағ.
V=? км/сағ
Б) Шарты: S= 120 км Ш: V=120км/2сағ= 60 км/сағ.
t= 2сағ Ж: V=60 км/сағ.
V=?
- Банк жүйесі деген ұғым бар. Ол қала ,аудандарда банк бөлімшелері жұмыс істейді дегені. « Білім банкінің» бөлімшелерінің қайда жұмыс істейтінін білу үшін мына сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу керек.(№5 есеп)
8951 – Ақтау, 7410 – Жаңаөзен, 73054 – Бейнеу, 100612 – Шетпе, 875183 – Жетібай.
V. Сергіту сәті.№8 есеп логикалық есеп.
Үш дос – Алмас, Қанат және Серіктің әрқайсысының сұр, қара және сары мысығы бар. Алмас пен Қанаттың мысықтарының түстері қара емес. Алмастың мысығының түсі сұр емес. Балалардың әрқайсысының мысығының түсін тап.
|
сұр
|
қара
|
Сары
|
Алмас
|
-
|
-
|
+
|
Қанат
|
+
|
-
|
-
|
Серік
|
-
|
+
|
-
|
Білім банкі Ақтау қаласындағы Дарын мектебіне 1ай оқуға грант беріп жатыр. Жазбаша дұрыс есептеген оқушыға монетаға қосып грант карточкасын беріп жатыр. (№7 есеп).
5003 – 845 = 4158 80 000 – 24150 = 55850 150082 – 27563=122519
5000 – 153 = 4847 600 000 – 6 704 = 593 296 510082 – 53826=456256
VІ. Қорыту, бағалау , үй тапсырмасын беру.
Ал енді «Білім банкі» атынан «Озат тұтынушы» тақырыбында курсқа жіберіп жатыр. Сертификат беріледі.(№4 есепті ауызша орындап, жаңа сабақты түсінгендерін тексеру).
V
|
t
|
S
|
129км/сағ
|
5 cағ
|
645 км
|
700м/мин
|
60 мин
|
42000 м
|
900см/с
|
80 с
|
72000 см
|
Оқушылардың жинаған монетасын санау арқылы бағалау, « Ең үздік салымшы» депозитін ұсыну.
Үйге №6 ,№5(ә) есептері беріледі.
«Білім банкіне» келіп қор ашамыз десеңіз есік ашық . Сабақ аяқталды.
« Абай атындағы орта мектебі» ММ
Мектепішілік пәндік семинар.
Математика
Тақырыбы: Жылдамдықты табуға берілген
есептер.
4 «Б» сынып.
Сынып жетекшісі: Сейлханова А.
2011 – 2012 оқу жылы.
Достарыңызбен бөлісу: |