«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 015 жылғы №3 басылым в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті


-дәріс. Шығарма және оның түрлері



бет63/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#1363
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   95
24-дәріс.
Шығарма және оның түрлері.
Сабақтың Жоспары:
1.Шығарма туралы түсінік.
2.Шығарма жаздырудың ең басты мақсаттары.
3.Шығармаға қойылатын талаптар.
4.Шығарманың негізгі түрлері.


Сабақтың мақсаты.
Оқушыларға шығарма жаздыру арқылы тілін,ой-өрісін дамыту,сауатты жазуға баулу.
Әдістемелік нұсқау:Р.Құтқожина,Қ.Бітібаева сынды методистердің еңбектерімен танысуды нұсқадым.

«Шығарма» деген сөздің негізінде «шығару» деген ұғым жатады (яғни, ойдан шығару, ойлап шығару). Көркем туындыны «көркем шығарма» дейміз. «М.Әуезовтің шығармаларын оқимыз», - деп жатады. Бұдан шығатын қорытынды: шығармаға қойылатын талап аса күрделі, әрі маңызды болады. Бұл жұмысты мектеп­тегі шығармашылық іздендіруге негізделген жұмыстар­дың күре тамыры десек те, артық емес. Шығарманың күрделігi сол, бұл - оқу процесіндегі бірден-бір жеке-­дара орындалатын жұмыстың түрі.


Мектептегі ең көп тараған, тәжірибеде жиі пайдала­натын жазба жұмыстардың ішінде күрделісі де, ең маңыздысы да шығарма жұмыстары болып табылады. Шығарма жаздырудың ең басты мақсаттары мыналар:

  1. Бала біліміне бақылау, білім деңгейін тексеру.

  2. Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық бiлімдерін практикалық жұмыстарда пайдалана білу.

  3. Ойлау еңбегіне өз беттерімен іздендіру, өз пікірлерін салыстыру, қорытынды жасай бiлуге дағдыландыру.

  4. Оқушылардың көптеген, дарынына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу.

«Шығарма» деген сөздің негізінде «шығару» деген ұғым жатады (яғни, ойдан шығару, ойлап шығару). Көркем туындыны «көркем шығарма» дейміз. «М.Әуезовтің шығармаларын оқимыз», - деп жатады. Бұдан шығатын қорытынды: шығармаға қойылатын талап аса күрделі, әрі маңызды болады. Бұл жұмысты мектеп­тегі шығармашылық іздендіруге негізделген жұмыстар­дың күре тамыры десек те, артық емес. Шығарманың күрделігi сол, бұл - оқу процесіндегі бірден-бір жеке-­дара орындалатын жұмыстың түрі. Қарастырылатын мәселе, жазатын тақырып біреу болса да, әр оқушы оны өзінше жеткізеді, яғни тілі, пікірі, қорытындысы сол көркем туынды, не кейіпкерді қабылдау дәрежесіне бай­ланысты. Дегенмен шығармаға қойылатын негізгі талаптарды мұғалім оқу кабинетіне «Жазба жұмыстарына байланысты нұсқаулар» деген атпен (басқа да тақырып алу әр мұғалімнің өз еркі) жазып қоюдың тиімділігі зор.
Үлгі:
Шығарма жазуда басшылыққа ал:
Таңдаған тақырыбыңды әбден ойла.
Жоспардың тақырыбына байланысты нақты жасал­сын.
Эпиграф ал. Ол тақырып пен негізгі идеяны ашуға сәйкес алынсын.
Пікірлердің, ойдың, жазатын негізгі мәселелердің реті мен жүйесін сақта:

  1. Тақырытан ауытқыма;

  2. Кіріспең тұжырымды, бірақ шығарманың қалған бөлімдерінің де дұрыс, нақты жазылуына бағыт, бағдар беретіндей болсын;

  3. Пайымдауың, дәйексөзің, салыстыруың негізгі пікірге байланысты алынсын;

  4. Қосымша материалдарды, ғылыми еңбектерді пай­даланғанда, авторы, кітаптың аты, беті айқын жазылсын;

  5. Негізгі бөлімнің толық, әрі дәлелді келуімен қатар, шығарманың ең басты пікірлері осында болатындығын есте сақта;

  6. Қорытындың негізгі пікіріңнің төңірегінде жазыл­сын. Оған ерекше назар аудар. Себебі түйін, соңғы пікір - жұмысыңның нәтижесі осында көрінеді.

Тақырыбыңа байланысты материалды алдын ала да­йында, ізде, оларды іріктей отырып, ең негізгісін сұрып­тап ал.
Шығарманың тіліне, стиліне аса жауапкершілікпен қара:
а) Сөйлемдерің тиянақты, ойлы болсын. Шұбалаңқылықтан сақтан;
б) Әдемі, айшықты сөздерді пайдалан. Бұл шығарма, сондықтан оның тілі де төгіліп тұруы қажет.
в) Мақал-мәтел, сөз тіркестерін не әдемі сөз оралы­мын пайдаланғың келсе, алдын ала оны жазып алуға болады.­ Сонан соң керегіңді пайдаланасың.
Қате жібермей жазуға талаптан. Емлелік сөздіктер жаныңда болсын, сауаттылық - шығарма үшін ең маңызды мәселе.
Жазу мәдениетіне де ерекше ден қой: таза, ұқыпты жаз әрі әрбір әрпін айқын, еркін оқуға жарайтындай болсын, әрі жазуың көркем түссін.
5 - 6-сыныптарда, әсіресе, шағын шығарма-суреттеме, шығарма-сипаттама, шығармa - кескіндеме, шығарма - ­мүсіндеме, шығарма -бейнелеме т.б. жаздыруға болады. Бұлар – көркемөнер туындылары бойынша жазылатын шығармашылық бағыттағы жұмыстар. Көлемі шағын бо­лып келеді, бірақ нақты бір өнер туындысының негізінде жазылады. Мысалы: «Амангелді» туралы өлеңді оқыған соң, Ә.Қастеевтің «Амангелді» портреті бойынша шығарма-кескіндеме жазуға болады (екеуінің негізінде). Мүсіндеме, сәулет өнері шығармаларында cypeттеме, та­биғат көрінісі, т.б. бойынша жазылады. Мұғалім бұл тап­сырмаларды орындауда нақты көмек көрсетеді, ең алдымен сынып болып, сол өнер туындылары бойынша ауызша жұмыс жүргізеді (ауызша суреттеу деген сияқты). Шығармаларда қандай сөз тіркестері, көркем, айшықты, бейнелі сөздерді пайдаланады, - соған бағыт-­бағдар беріледі. Бұл шығарма арқылы оқушылардың көркем тілін дамытудың бір ұғымды тәсілі - көп болып талқылау, олардың өздеріне пікір айтқызу. Мұғалім өзі тексеріп, талдау жасап келгеннен кейін, шығармаларды (қалауы бойынша) оқытып, бірігіп талдау жасатқызады. Олар шығарманың тілі, мағынасы, стилистикасына назар аударады, өздеріне ұнағанын айтады, кемшілігіне тоқталады. Шығарма жазу бар да, оны түсіндіру, талдау, онымен жұмыс түрлері де бар. Екеуін де тиімді, дұрыс ұйымдастыра білген мұғалім көп нәрсені ұтпақ. Бұл әдістерді жоғары сыныптарда пайдалану дұрыс, 5-6-сынытарда еркін тақырыпта («Менің сүйікті кітабым», «Ардақтайық та құрметтейік Ананы!» т.б.). 5-7-сынып­тарға өздері оқып жатқан көркем туындылардың жан­рына байланысты жазуларына болады, Мысалы, ертегілерді оқып болған соң, өз қалаулары бойынша ер­тегі, әңгіме, мысал (қересөзбен) жаздыру, шығармала­рына пікір жаздыру сияқты, т.б. іздендіру. Біріншіден, бұндай шығармадар балалардың дүниетанымын, білімін кеңейтеді, екіншіден, қабілетi, дарынына әсер етеді, үшіншіден, көркем тілін дамытады, 5-7 - сыныптарда өздері оқып жатқан әдеби тақырыптарға жазылатын шығармалардың көркемдік ерекшеліктері, оған қойылатын талаптар:

  1. Бұңдай шығармалар өздері оқыған бір көркем туындыны негізге алады. Сыныпты, ондағы балалардың жа­сын ескере отырып, мұғалім жазатын тақырыпты ойластырады, ауыр-жеңілін сұрыптайды. Кейде бір ғана тақырып бермей, бірнеше тақырып береді. Бұл өте тиімді болады. Бір ғана тақырыпқа қамап қою оқушының мүмкіндігін, тіпті ынтасын, дарынын тежейді. Шығарма жаздыруда ең басты мәселенің бірі оқушының өз қалауы, өз тілегін ескеру болып табылады. Зорлап таңу немесе сес көрсету, әсіресе, шығарма сияқты күрделі жұмысқа, шығармашының жұмысқа кел­мейтін нәрсе. Шығармаға баулу үкіні желпіндіріп, қыран бағыттағанмен бірдей. Мысалы, 5-сыныпта «Керқұла атты Кендебай» ертегісінде мынадай тақырыптар ұсынуға бо­лады: «Кендебей - сүйікті ертегім», «Кендебейдың жеңісі - әділеттің жеңісі», «Кендебейдың мен сүйетін мінездері», т.с.с. Сондай-ақ «Бай баласы мен жарлы баласына»: «Асанның өзіме ұнамайтын іс-әрекеті», «Усеннің тапқырлығы», «Жарлы баласы бай баласын қалай асырады?» т.с.с.

  2. Қай тақырыпқа, қай жанрға шығарма жазылсын, мұғалім бұл жұмысты жүйелі жүргiзу керек. Қарапайым шығармадан күрделіге қарай бірте-бірте баулуы керек. Мысалы, 5-6-сыныптарда образға немесе поэтикалық тілге, не ақын-жазушы стиліне шығарма жаздыру дұрыс емес, себебі олардың әдеби туындаларды талдауы-талап ететін шығармаларға шамасы келмейді. Оларға талдаудан гөрі, әсерін білдіретін тақырыптар беру тиімді болмақ.

Ғылыми-әдіскерлер, ізденімпаз мұғалімдер іс-тәжірибесі бойынша шығармаларды мынадай түрлерге бөлуге болады:

  1. Публицистикалық шығармалар. Оған очерк, фелье­тон, мақалалар, пікірлер жаздыру жатады. Мысалы, «Тіл тағдыры - ел тағдыры», «Жариялылық - бақыттың ба­сы».

  2. Шығармашылық бағыттағы шығармаларға әңгіме, инсценировка, өлеңдер жаздыру жатады. (Әдеби жанр­ларды басшылыққа алады.)

  3. Fылыми зерттеу сипатындағы шығармалар. Оған ре­ферат, ғылыми сипаттағы мақала, аннотация, әдеби шо­лулар, пікірлер жатады. Мысалы, «Бейімбет әңгiмелеріндеri деталь, штрихтың маңызы».

  4. Әдеби тақырыптарды қамтыған, білім дәрежесін, тіл байлығын тексеруге арналған шығармалар:

  1. Біржан мен Сара айтысындағы Біржан мен Сара­ның сипаты.

  2. «Абай жолы» эпопеясындағы кедейлер өмірінің жанды суреттері.

  3. Бақтығұл қылмыскер ме, әлде әділдік іздеуші ме? т.б. Мысалы, соңғы шығарма тақырыбы жаттандылықтан сақтандырады. Әдетте мектептерде әдеби кейіпкерлерге мінездеме көптеп жазылады: «Үсенге мінездеме» немесе «Абай бейнесі» дегендей. Ал бұл шығарма тақырыбы Бақтығұл бейнесі, іс-әрекетінің маңызы, басты мәселелерін ғана назарға алып тұр. Олай болса, әдеби туындыларға шығарма жаздаруға оның ең негізгі мәселесі сөзге арқау болуы керек. Нақтырақ, тұжы­рымды, ойын дәлелді деректермен жеткізе білуді талап еткен дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет