«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 015 жылғы №3 басылым в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті



бет62/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#1363
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   95
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. Алматы, 1990.

  2. Дайырова Ә., Тілешова С. Әдебиет оқулығына әдістемелік нұсқау. Алматы, 1996.

  3. Әдебиет оқу кітабына қосымша материал. Алматы, 1997.



23-дәріс.
Әдебиет сабағында жазба жұмыс түрлері,оларды өткізудің әдіс-тәсілдері,бағалау.

Сабақтың жоспары.


1.Жазба жұмыстарын ұйымдастыру.
2.Жазба жұмыстарын бағалау нормалары.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың оқу материалдарын меңгергенін тексеру және
бағалау-оқыту нәтижелерін бақылау, оқу үрдісінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін баскару.
Ұстаз болу -жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы - деп ақын Ғ. Қайырбеков
жырлағандай, сөзі маржан, ойы дана ұстаздардың бар болғанын
мақтаныш етеміз. Әрине ұстаз жүгі - ауыр жүк. Ұстаздың әсерлі
үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген
қамқорлықтың, жауапкершіліктің және дана ойдың ыстық лебі есіп
тұрғандай.
Ұстаз да пенде. Ол өз еңбегінің жемісін, өз ғылымының өрісін көргісі келеді. Ол шәкірттің ғылымдағы табысын ғана емес,
өмірдегі «шабысын» да қызықтағысы келеді. Ұстаздың енді бір мұраты-ұстаз үрдісінің жалғастығы, шәкірті қатарының ұластығы,
қартаюы емес, жасаруы. Ұстаздың одан кейінгі қалауы-ұстаз-шәкірт
ықылас-ілтипатының суымауы, ал ең соңғы арманы-шәкіртімен мақтану.
Ұстаз-шәкірттің, шәкірт-ұстаздың алдында аса жауапты адамдар;
олар жан дүниесін жайып салып, рухани байлығын ортаға алып, бірінен-бірі үйренетін де, өзара пікірлес, сырлас, мүдделес жандар.
Жаксы шәкірт бойындағы барлық жақсы қасиетін «ұстазымнан үйрендім» деп жария етеді. Қандай жағдайда болмасын, ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасында өзара түсінісу, ұғыныс, сый-құрмет, бедел сақталуы
қажет.
Беделді мұғалім ол-өнегелі, гуманистік бағыттағы жеке тұлға,
рақымды, жаны ашитын, түсінігі жоғары, әділетті, талапты,
еңбексүйгіш, белсенділікке бейім адам. Осындай мұғалімнен оқушы өзінің әр ісінде сенімділік пен қолдау таба алады. Мұғалім беделі
бірден келе қоймайды. Ол үшін көп уақыт оқушы мен қарым-қатынаста
болуы керек..
Мұғалім беделі оқушының білімін бағалауында да көрінеді.
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді.
Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын
ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен
кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке
оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық
білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер
білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және
дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі,
үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білімді, іскерлікті және дағдыларды тексеру және бағалау
тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы,
сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге
ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына козғау салады. Білімді тексеруге қойылатын талаптар:
• тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы,
міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімінің сапасына кері әсер етеді;
• әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатының
түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалай оқыту үрдісінің қүрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мүғалімнің сұрақтарына
жауыап беруге дайын болады.
• Оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білім
бағалаудың негізгі өлшемі.
• Білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер аркылы тексеріледі;
Мысалы: біздің мектеп бойынша Беспалько, Блум бағдарламасы арқылы
тексеру жүргізіледі. Мұнда бір сынып оқушыларына үш нұсқада
тапсырмалар даярланып біліл деңгейлері бақыланады.
Таным-бұл бөлімде өткенді қайталау, ереже терминдерді есте
сақтау қабілеттері тексеріледі. Екінші білім-сұхбаттасу, сөйлем құрау,аудармасын білу. Үшінші түсіну-өз ойын жеткізу, яғни
мазмұндау, ережелерді дұрыс қолдану. Сөйлемді дұрыс талдау қабілеттері бойынша сыналады. Және төртінші анализ-мұнда
оқушылардың шығармашылық қабілеттері қорытындылады. Бұл оқушылардың
әр бөлік бойынша тапсырмаларды орындалауына қарай ұпайлар қойылады
да, білімдері бағаланады.
Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың тәртібін , білімді қалай қабылдайтынын және
түсінетінін, тәжірбиелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру
кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін,
қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, мұғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін
анықтап, оларды өз жұмысында колданып, окушылардың білімдерін дұрыс
тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар: ауызша сұрау және жазбаша сұрау әдістерін жиі
қолданамыз.
Ауызша сұрау әдісінде мен оқушыларға оқылған
мәтін бойынша сұрақ беріп, жауаптарын бағалап, мәтінді
каншалықты деңгейде түсінгендерін анықтаймын. Кейде бұл әдісті әңгімелесу деп атаймыз. Бұл әдісті сабақтың кіріспе және қорытынды бөлімінде жиі жолдануға болады.
Жазбаша сұрау немесе өздік жұмыс деп аталады. Мұнда тақтаға,
парақтарға, карточкаларға тапсырмаларды жазып қоямын. Жауаптын корытындыларын сынып журналына белгіленіп, бір сабақта көп оқушылардың білімдерін бағалауға болады.
Жазба жұмыстары үйде және сыныпта орындаймыз. Қазақ тілі сабағында ол реферат жазу, әңгіме, әссе, шығарма жазу.
Бақылау жұмысы. Оқу бағдарламасының жекелеген тақырыптарын және бөлімдерін өтіп болған соң жазбаша немесе
ауызша бақылау жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыс оқушылардың оқылған материялдарды меңгергенің анықтау мақсатымен алынады.
Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға аркылы бала өзі
туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мүқият болу керек.
«5» деген баға оқу бағдарламасының мазмұның терең және толық білетін, оқу материалындағы теория мен фақтіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік нормаларды сақтап сенімді, қатесіз, жауап беретінқосымша материалдар қолданалатын, ойы оралымды оқушыға койылады.
«4» бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей
алатын, бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін оқушыға қойылады.
«3» бағасы оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді үстірт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын,
жауабы жүйесіз, мұғалім көмегімен жауап беретін оқушыға қойылады.
«2» бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен
фактіні ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіндігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін оқушыға қойылады.
Жазба жұмыстарының бағалау жүйесі
Оқушылардың шығармашылық бағалау мәселесін тексеру негізінен 4 салаға бөліп қарауға болады.
1 мазмұны мен идеялығы;
2.ой пікірдің жүйелігі
3.стилі
4.грамматикалық сауаттылығы.
Бұлардың қай қайсысы да окушының білімін бағалауда маңызды. Шамамен алғанда шығарманаң идеясы мен мазмұндығына, окушының
тақырыпты қалай ашқандығы қамтылған мәселенің дұрыстығы мен
бұрыстығы, дәлелдігі негізгі ойды жеткізе алуы жатады пікір жүйелілігіне шығармашылық жоспарға сәйкестілігі әр бір бөлімнің
мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы т.б. енеді тақырыпты ашуға байланысты ойын қалай жеткізгендігі сөз қолданысы бір сөзді бірнеше
рет қолданбауы дәйексөзді қолдана білуі сөйлемді дұрыс құруды мәселелер стилге жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет