«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 015 жылғы №3 басылым в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті



бет70/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#1363
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   95
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: “Бір тойым бар” Төлеген Айбергенов
Сабақтың мақсаты: білімділік – ақын өмірі мен шығармашылығынан
мағұлмат беру, өлңді оқып отырып идеялық мазмұнын ұғындыру
Дамытушылық- өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып поэзиялық
шығармаларды талдау дағдысына қалыпттастыру, тілін дамыту ,мәнерлеп оқуға баулу.
Тәрбиелік-жаңа ұрпақ бойына ұлыттық құндыллықты сіңіру, ұлы мұраттар
жолында еңбек етуге, іздемпазздыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі :жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ойтолғау,шығармашылық ізденіс.Сабақтың
көрнекілігі: ақын бейнесін, жыр жинақттары бойынша көрме,
есттелікте,ақынның өзіндік 5 ерекшелігі т.б
Үйге тапсырма: өлеңді оқып келу.


30- Дәріс.
Оқушылардың білімін бағалау критериі.
Сабақтың жоспары.
1.Оқушы білімін дұрыс бағалаудың маңыздылығы.
2.Бағалаудың тәрбиелік мәні.
Оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестің маңызды компоненті болып табылады. Ол әрдайым мұғалімнің назарында болады, педагогикалық процестің тиімділігі мен нәтижелігін көрсетеді. Сондықтан, жалпы оқыту процесіндегі оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру мен бағалаудың қандай орын алатынын, онда оқыту, дамыту және тәрбие үшін қандай потенциалды мүмкіндіктерді оқу іс-әрекетін белсендіру үшін қалай дамытып , пайдалану керектігін , оқыту жемісті болу үшін нәтижесіне не ықпал ететінін қарастыру қажет.
Оқыту нәтижесін тексерудің мәні – оқушылардың белгілі бір бағдарлама, пән бойынша білім беру стандартына сай білімді меңгеру деңгейін анықтау. Алайда, қазіргі педагогикада тұтас педагогикалық процесті тексерумен бағалау ұғымдарының ауқымы айтарлықтай кең.
Оқытуды бағалау дегеніміз, бір жағынан, мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің әкімшілік-ресми тәртібі, нәтижелерін басқару шешімдерін қабылдау үшін қызмет ету. Ал екінші жағынан, оқытуды бағалау дегеніміз, мұғалімнің оқушылар білімін тексеруі мен бағалауы. Отандық ғылымда педагогикалық диагностика атауының қолдану аясы тар және көбінесе тәрбие саласында көбірек қолданылады, онда ол тәрбиелік деңгейдің өлшемі мен талдауын білдіріп, психодиагностикаға жақындай түседі. Оқыту процесіне қатысты педагогика диагностикасы атауын жоғарыда келтірілген мағынада қолданған орынды.
Бақылау мазмұнының мәні ерекше. Тексеріске ұшырайтын оқушылардың білім, білік және дағдылары болып есептелінеді. Білімдерден басқа шәкірттердің әлеуметтік және жалпы психологиялық дамуы мектеп жетістіктерін тексерудің мазмұны болып табылады. Мектеп тек білімді қалыптастырып қана қоймай, тәрбиелеп, дамытатын болғандықтан, мектеп жетістіктерін тексеру бағытында жүргізілуі керек.
Осылайша тұтас педагогикалық процесте оқу-тәрбие жұмысы нәтижелерін есептеу мен бағалау мұғалімдермен оқушылар қызмет әрекетіндегі құбылыстардың барлық жағын қамтуы керек.
Мектептерде педагогикалық қызмет-әрекеттің нәтижелерін есепке алу мен бағалау мектеп ішіндегі бақылау жүйесіне енгізілген. Мектеп ішіндегі бақылау қойылған міндеттерге сәйкес тұтас педагогикалық процеске түзетулер енгізу мақсатында оқу-тәрбие процесін жан-жақты зерттеу мен талдау.Мектеп ішіндегі бақылау жуйесі белгілі бір дидактикалық талаптарға негізделеді. Бақылаудың мазмұны мен әдісіне деген бұл талаптар үйлесімді басқару қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайларды анықтайды.
Оқыту процесінің құрамды бөлігінің бірі болып келген оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің мақсаты оқушылардың оқушылардың оқу жұмысын бағалау мен олардың үлгерімін есептеу. Мұғалімге о.қушылардың білім,білік жане дағдыны толық және сапалы түрде меңгеруі аз. Оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді анықтап, мұғалім оны жоюға тырысады, оқушыларға ақыл-ой және практикалық жұмыс тәсілдерін үйретеді. Білім сапасына ерекше мән беріледі, ол мына қасиеттерімен сипатталады. Білімнің толықтығы мен ғылымилығы-белгілі бір оқу пәнінің мектеп бағдарламасына сайкес өзегі болатын негізгі мағлұматтар, түсініктер мен ұғымдар, ережелер, заңдар,теореалар, білімдерді меңгеру саналылығы-оқушының ғылыми заңдар негізінде фактлерді,құбылыстарды, матерялдық ілем заттарды түсіндіре алу, білімдерді алу ұқсас жағдайларда қолдана алу және білімдер мен іс әрекет әдіс тәсілдерін жаңа жағдайларға көшіре алуы, білімдер жүйелілігі-жаңа түсініктер мен ұғымдардың оқушы санасындағы бұдан бұрын игерген білімдер мен тығыз байланысы, беріктік-жинақталған білім саны мен іс ірекет ідіс тәсілдерінің оқушы есінде сақталуы.
Оқушылардың оқуға қатынасы, дербестік еңбекқорлық, ынталық, берілген тапсырманы дер кезінде орындау мен оның сапасына деген жауапкершілік сияқты оқушы жеке тұлғасының басты қасиеттерінің қалыптасуы оқушылардың білімін тексеру мен бағалау қалай жүргізілгеніне байланысты. Осылайша, тексеруге тек бақылайшылыұ қана емес, сонымен қатар, тәрбиелік пен дамытушылық қызметтері де тән.
Оқушылар білімінің білік және дағдыларының сапасын бақылау келесі элеметтерден тұрады:

  • Білімді қабылдау, мәнін түсіну және есте сақтау деңгейінде тексеру, яғни оқушының сабақта мұғалімнен және өздігінен оқулықты оқығанынан алған білім саны еске түсіре алуын тексеру;

  • Білімдерді ұқсас жағдайда қолдану деңгейінде, яғни үлгі бойынша тексеру,

  • Білімдерді ойлаудың кейбір дәстүрлі емес элементтерін көрсетуді талап ететін жаңа жағдайды қолдану деңгейінде тексеру.ды бағалау

Процесс ретінде білім, білік және дағдыларды бағалау жеке оқушыны бақылау барысында жүзеге асырылады. Бағалаудың шартты көрінісі баға, ол көбінесе балл түрінде болады. Отандық дидактикада бағаның төрт баллдық жүйесі қалыптасқан:
Үлгерім бағасын оқыту сапасы мен оқушылардың танымдық белсенділігінен бөліп қарауға болмайды. Оқушылардың оқып жатқан материялды меңгеру дәрежесіне обьективті және әділ баға берудің маңызы зор болғанмен бағаны оқушыларды оқу іс әрекетіне жәжбүр ету амалына айналдыруға болмайды.
Бақылау әдістері – оқытудың жетістігі оқу процесінің тиімділігі туралы мағлұмат алу мақсатында оқыту процесінде қарама –қарсы қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың бірізді , өзара байланысты диагностикалық қызметтерінің жүйесі. Бақылау әдістері оқыту процесі туралы жүйелі толық, нақты және жылдам ақпарат алуды қамтамасыз етулері керек. Бақылаудың мынандай әдістері бар: ауызша бақылау, жазбаша бақылау, тәжірибелік, дидактикалық тесттер, бақылап зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет