«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 015 жылғы №3 басылым в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті



бет67/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#1363
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   95
Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Асқарбаева А. Сыныптан тыс оқу. Алматы, 1992.

  2. Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. Алматы, 1990.

  3. Дайырова Ә., Тілешова С. Әдебиет оқулығына әдістемелік нұсқау. Алматы, 1996.

  4. Жұмажанова Т. Сыныптан тыс оқу барысында тіл дамыту. Алматы, 1992.

  5. Қуанышева Т. Әдебиетке байланысты сыныптан тыс жұмыстар. Алматы, 1974.

  6. Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. Алматы, 1982.



27-дәріс.
Мектептегі әдебиет апталығы және оны ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері.
Сабақ жоспары:
1. Әдебиет апталығының үлгі жоспары
2.Әдебиет апталығын өткізудің маңыздылығы.
Сабақтың мақсаты.
Әдебиет апталығы оқушының әдебиеттен алған білімін пысықтау және жан-жақты тұлға болу мақсатын көздейді.
«Қазақ тілі мен әдебиет» апталығының жоспары
«Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті.
Біздің жастарымыз ана тіліне жетік,
білімді, мәдениетті болсын...»
(А.Жұбанов)

р/с

Тақырыптар

сыны-
бы

өткізілетін
күндер

жауаптылар

1

Апталықтың ашылуы.








2

«Шоқан Уәлиханов- мәңгі өшпес жұлдыз» тақыры-бына рефераттар, шығарма сайысы.

10-11




.

3

«Жыр алыбы – Ж.Жабаев»









4.

«Ана тілім- әнім» тақыры-бына ашық сабақ

1-4б,
7б,9б







5

«Әдебиет әлемінде» тақы-рыбына әдеби кеш.

10-11







6.

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе »









7

«Менің Қазақстаным» тақырыбына суреттер сайысы

 5-8







8

«Етістік»тақырыбына ашық сабақ.

 7а




.

9

«Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты » (достық, әдептілік туралы диспут)

 11а







10

«Тәрбие басы - тіл, өнер алды - тіл» тақырыбына конференция

5-11







11

«Туған тілім – дарыған ана сүтінен» (мәнерлеп оқу.

5-11







Пайдаланылған әдебиеттер:
1 .А.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А. Мектеп
2. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А. Рауан. 1997
3 . Е. Жұматаева. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. А. 1999
28-дәріс
Әдебиет үйірме жұмыстары
Сабақтың жоспары.
1.Әдебиет үйірмесін құру және оның іс-жоспары
2.Әдебиет үйірмесіне оқушыларды қамту жолдары.
Сабақтың мақсаты.Оқушыларға эстетикалық тәрбие,шығармашылық білім беру және жан-жақты қырынан көрінуге баулу.
Үйірме жұмыстары - сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың пәнге қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде әдебиет үйірмелері мен драмма үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне әдебиет пәнінің мұғалімдері, өнерпаз ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы – қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын – жазушылар да көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби – шығармашылық үйірмелерінің жас ақын – жазушылармен бірігіп жүргізуі нәтижелі болмақ. Әдеби – шығармашылық үйірмелердің, сонымен қатар, «Шешендік өнер», «Айтыс», «Термеші» сияқты фольклорға негізделген түрлері соңғы кездерде тәжірибеге көптеп енгізілуде.
Әдеби үйірмелердің бір түріне «Кітап достары» немесе «Кітап – білім бұлағы» деген үйірмені жатқызуға болады. Әсіресе, V – VIII сыныптарда мұны мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше. Үйірме мүшелері кітапханада арнайы көрме ұйымдастырып өткізеді. Мысалы, «Құрметтейік те көтерейік ананы!» (8- наурыз қарсаңында), «Менің Қазақстаным» (Республика күніне). Олар жаңа кітапты үнемі насихаттап, балаларға таратып, төменгі сынып балдырғандарына әңгімелеп береді. Жұмыс нәтижелі болу үшін, жоспарлы, жүйелі жүргізілуі керек. Кітапты күтіп ұстау, ұқыпты болу, оны қалай оқудың мәдениеті туралы да тартымды әңгімелер осы үйірме міндетінде. Олар осы мәселеде неше түрлі бәйге өткізеді. Мысалы, «Ұқыпты бала», «Кітап жанашыры», «Білгір» (кітап көп оқитын), «Шапшаң» немесе «Алғыр» (кітапты тез әрі қатесіз оқитындар үшін) т.б. тақырыптарда. Жеіңмпаздарға қоғамдық ұйымдар, үйірме, мектеп әкімшілігі алғыс айтып, оларды мектеп газетінде мадақтап отырғаны дұрыс. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек, соған үйретеді, дағдыландырады.
Үйірмелердің тағы бір түрі – мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Үйірмені осы өнерден хабары бар, сауатты маманның жүргізгені дұрыс. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабар алады, театр өнері, оның өзіндік сипаттарымен, ұлы артистер өмірі, өнерімен танысады. Драма үйірмесіне мектеп оқушыоары ішінен өнерге бейімі бар балалар өз еркімен тартылады. Үйірмеде кемінде он бес мүше болады. Оқу жылы басында үйірме жетекшісі мектептің оқу – тәрбие жоспарын негізге ала отырып, жұмыс жоспарын құрады. Үйірменің мақсаты – жекелеген оқушының сан қырлы көркем дамуын, оның рухани қажеттілігінің арта түсуін қамтамасыз ету. Сол арқылы өнерге құлшынысын тәрбиелеу. Үйірме жұмысын жоспарлау көбіне жетекшінің жеке басының біліміне, өнеріне, режиссерлік қабілетіне байланысты. әрбір жетекші ең алдымен оқушының жас ерекшелігін ескеріп, оның табиғи дарынын байқап, жас өнерпаздың қызығушылығын баулып, шығармашылық еңбекке йретеді. Үйірме сабақтарында мектеп бағдарламасына байланысты шағын пьесалардан үзінді, әдеби монтаж қойылымдары даярланады. Үйірменің жұмысы әр оқушының көркем білімін дамытуға әсерін тигізеді. Ал көркем білім ізгілік пен адамгершілікке негізделіп, оқушының нысанасы биік идеясын тәрбиелейді. Ендеше драма жанры бойынша әр сабақта оқушының алған білімі, драма үйірмесінде практикалық істермен ұласып, көркем білім негізін қалыптастырады. Мектептегі әдебиет үйірмесі - әдебиетке жақын, бойында сөзге, өнерге талпынысы бар талантты жастарды тәрбиелейді. Әдебиет үйірмесі де жыл басынан жоспарланып дайындалады. Әдебиет үйірмесін ұйымдастырғанда ұйымдастырушы жетекшілері алдына әртүрлі мақсат қоюы мүмкін. Әдебиет пәнімен оқушылардың үлгерімін арттыру, пәнді игеруге қызықтыру, білімдерін кеңейту, ақын-жазушылардың шығармаларын тереңірек білу мақсатында едәуір жұмыстар атқарып, қазақ әдебиеті тереңдете оқытуға үлес қосады. Сонымен қатар ұлттық негіздегі тәрбиеге халықтың педагогикаға сүйене отырып мынадай жоспар құруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет