«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 015 жылғы №3 басылым в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті


- Дәріс Озық-тәжірибе үлгілерін сабақта қолдану



бет60/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#1363
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   95
21- Дәріс
Озық-тәжірибе үлгілерін сабақта қолдану
Сабақтың жоспары
1 Пән бірлестік отырысында озық тәжірибе үлгілерін таңдау, мектепшілік тәжірибе алмасу.
2.Озық тәжірибе үлгілерін тиімді қолдану жолдары.
Сабақтың мақсаты: Дәстүрлі оқыту үрдісін меңгеруге ғана емес,одан да кеңірек,ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы салауаттық өмір салтын қалыптастыру.
Әдістемелік нұсқау.
Тақырыпты толығымен таныту мақсатында Қ.Бітібаеваның әдістемелік нұсқау еңбектерімен танысып,оқуды ұсындым.
Жалпы білім беретін орта мектептегі әдеби білім беруде көркем шығарманы талдау мәселесі әдеби білім берудің мазмұны мен оның құрылымына көркем қарай күрделеніп отырады.
Айталық, қазақ әдебиеті жеке пән ретінде 5- сыныптан басталады. V-IX сыныптар да базалық негізгі білім берілетін кезең. Бұл – әдеби білімнің екінші буыны. Осы буында берілетін базалық әдеби білім екі сатыда жүзеге асады. Атап айтқанда, V-VII сыныптардағы әдебиет пәні жеке көркем шығарманы оқып – үйренуге негізделген әдеби оқу сипатында болады. Мұнда оқушылардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне орай базалық оқу материалдары игеріледі, сосын олардың өз бетінше оқитын тйындаларның тізімі жасалып, ұсынылатын көркем мәтіннің ауқымы айқындалады. Бастауыш сыныптармен салыстырғанда бұл кезеңде оқушылардың өмірлік мағлұматтары әрі оқырмандық қабылдау дәрежесі, тәжірибе өсе түседі. Оқитын шығармалар қатары енді ауыз әдебиеті мен отандық және әлемдік әдебиеттің үздік қорынан неғұрлым күрделірек, тақырыбы мен жанрлық сипаты жағынан алуан түрлі, өткір сюжетті, көркемдік мәні жоғары туындылармен толығады. Олармен танысу, талдау талқылау барысында оқушылар әдеби туындыны тұтастай қаылдау мәдениеті, оқиғалардың өмірлік мәнін,. Көркемдік бейнелеу құралдарын ерекшеліктері мен рөлін, атқарып тұрған қызметін ұғыну дағдылары қалыптасады.
Ал VIII- IX сыныптарда көркем әдебиетті оқыту- тарихи негіздегі бастауыш курс ретінде өтеді. Мұнда тарихылық ұстанымы нысанаға алынғанымен, ол міндетті түрде ұатаң таза тарихилықты және қасаң сызықты хранологиялық құрылымды қажет етеді. VIII сынып, мәселен, жанрлық және тарихи – хронологиялық ұстанымдағы құрылымда болады. Бұл сыныпта оқушылар назарына көне түркі әдебиеттің жеке үлгілерімен қатар тарихи жағдаяттармен және ақын – жыраулар, жазушылар өміріндегі фактілермен байланыста қарастырылатын түрлі дәуірдегі жазылған туындылар ұсынылады. Мұндай шығармалар – оқушылардың адамгершілік- эстетикалық талғамдарын қалыптастыруға ықпал ететін, танымдық әрі тәрбиелік мәні жоғары шығармалар. Оған қоса бұл кезеңде лирикаға, романтикалық, фантастикалық мазмұндағы туындыларға да назар аударылады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет