Қазақ әдебиетінен 9-сыныпқа арналған тест сұрақтары
1. Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз.
A) ’’Диуани лұғат ат-түрік’’.
B) ’’Құдатғу біліг’’.
C) ”Күлтегін”, ’’Тоныкөк’’.
D) ’’Мұхаббат-наме’’.
E) Қорқыт ата.
2. Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездесетінін анықтаңыз.
A) "Ұшқыш кілем".
B) "Адам жеңбес Айыртөс батыр".
C) "Ер Төстік".
D) "Керқұла атты Кендебай".
E) "Аяз би".
3. Айтысқа түсетін ақынның бірден бастырмалатып, қарсыласының апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебін көрсетіңіз.
A) Елдің көңілін аудару амалы.
B) Айтыстың бір шарты.
C) Шабыт шақыру мақсаты.
D) Қарсыласын жеңіп кетудің амалы.
E) Асқақ ақын екенін дәріптеу жолы.
4. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.
A) Доспамбет. B) Жиренше. C) Жиембет.
D) Қазтуған. E) Асан қайғы.
5. Асанның:
’’Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те, қоя бер,’’- деген өлеңінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.
A) Дәстүр, салт мәселесі.
B) Жер мәселесі. C) Кешірімділік.
D) Достық. E) Қамқорлық.
6. Абайдың бес асыл іс пен бес дұшпанды саралаған өлеңін табыңыз.
A) «Интернатта оқып жүр».
B) «Қалың елім, қазағым...»
C) «Әсемпаз болма әрнеге».
D) «Жасымда ғылым бар деп...»
E) «Ғылым таппай мақтанба».
7. Шәкәрім шығармасын табыңыз.
A) "Ақбілек". B) "Батыр Баян".
C) "Қалқаман-Мамыр".
D) "Оянған өлке". E) "Абай жолы".
8. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін жазуға себеп болған оқиғаны көрсетіңіз.
A) Естіген хикаясы себеп болған.
B) Жазушы қиялынан туған.
C) Өз басынан өткен.
D) Жұбайы Валентина Әуезова сатып әкелген күнтізбе әсер еткен.
E) Қысқы ауыл суреті әсер еткен.
9. Монолог дегеніміздің не екенін анықтаңыз.
A) Қалыпты жағдайдан әсірелеп суреттеу.
B) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.
C) Әдеби шығармадағы оқиға желісі.
D) Бір адамның ұзақ сөзі.
E) Табиғат көркін суреттеу.
10. Шығарманың тақырыбы деген ұғымға сәйкес келетін жауапты көрсетіңіз.
A) Оқиғалардың мазмұндық байланысы.
B) Жазушының көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының түйіні.
C) Жазушының үндейтін белгілі бір пікірі, айтқысы келетін ойы.
D) Оқиға өтетін орынмен таныстыру.
E) Қаламгердің өмір құбылысына берген бағасы.
11. «Қыз Жібек» жырындағы жастардың арман, тілегіне қарсы топты атаңыз.
A) Қалмақтар тобы.
B) Базарбай тобы. C) Қарабай тобы.
D) Сарыбай тобы. E) Қодар тобы.
12. Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз.
Батыр туса – ел ырысы, …
A) Жаңбыр жауса – жер ырысы.
B) Ел үмітін ер ақтар.
C) Айласыз батыр алдырар.
D) Ел – ырыстың кілті.
E) Батыр елдің сәулеті.
13. Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» кімге арналғандығын табыңыз.
A) Ақындарға. B) Балаларға.
C) Билерге. D) Тіл мамандарына.
E) Ұстаздарына.
14. А.Байтұрсынұлының өлеңдер жинағын көрсетіңіз.
A) «Шолпан». B) «Маса». C) «Асау тұлпар».
D) «Өткен күндер». E) «Домбыра».
15. Жүсіп Баласағұн қай ғасырда өмір сүргенін белгілеңіз.
A) X ғ. B) VІІІ ғ. C) ІX ғ. D) XІІ ғ. E) XІ ғ.
16. Қиял-ғажайып ертегіні табыңыз.
A) «Түлкі мен бөдене».
B) «Күн астындағы Күнікей қыз».
C) «Қырық өтірік». D)«Аяз би». E)«Толағай».
17. Асан атына ’’қайғы’’ деген сөздің тіркесе айтылуының себебін белгілеңіз.
A) Жай қоя салған.
B) Мұңды адам.
C) Халық қайғысын, мұң-зарын ойлаумен өткен адам.
D) Айналасына наразылықтан.
E) Өз басында қайғысы бар адам.
18. ’’Өкпеңменен қабынба,
Өтіңменен жарылма,
Орыспенен соғысып,
Басыңа мұнша көтерген,
Жұртыңа жаулық сағынба’’, - деген өлең жолдары кімдікі екенін белгілеңіз.
A) Шалкиіз жырау. B) Ақтамберді жырау.
C) Жиембет жырау. D) Бұқар жырау.
E) Доспамбет жырау.
19. Абайдың өнер-білім туралы өлеңін табыңыз:
A) “Қалың елім, қазағым”.
B) “Өнер-білім бар жұрттар”.
C) “Өзен”.
D) “Ғылым таппай мақтанба”.
E) “Жазғытұрым”.
20. Мінездеменің ерекшелігін анықтаңыз.
A) Шығармаға қатысушының мінезін, дүниеге көзқарасын
сипаттау.
B) Оқиғаның болған жерін көрсету.
C) Табиғат көркін суреттеу.
D) Шығарманың оқиғасын желілі түрде көркем әңгімелеу.
E) Екі адамның өзара кезектесе сөйлеуі.
21. Ш.Айтматов қай ұлттың перзенті екенін анықтаңыз.
A)Өзбек. B)Ұйғыр.C)Қазақ.D)Қырғыз.E)Түрік.
22. Д.Исабековтің пьесасын табыңыз.
A) «Құдағи келіпті». B) «Неке қияр».
C) «Әпке». D) «Мансапқорлар».
E) «Көктөбедегі кездесу».
23. ’’Жар-жар’’ өнердің қай түріне жататынын табыңыз.
A) Жыраулық. B) Шешендік өнер.
C) Күйшілік.D) Термелік. E) Айтыс.
24. Ағасының қалыңдығын алып қашып әкеліп беретін бала туралы жазылған Ғ.Мүсірепов шығармасын табыңыз.
A) «Кездеспей кеткен бір бейне».
B) «Боранда». C) «Ананың анасы».
D) «Этнографиялық әңгіме.»
E) «Боранды түнде».
25. Оқиғаның болатын орны, мерзімі қалай аталатынын анықтаңыз.
A) Эпилог. B) Шешім. C) Экспозиция.
D) Кульминация. E) Пролог.
26. Әбу Насыр Әл-Фараби туындылары ежелгі дәуір әдебиетінің қай кезеңіне жататынын белгілеңіз.
A) Ислам дәуіріндегі әдебиет.
B) Хандық дәуіріндегі әдебиет.
C) Оғыз дәуіріндегі әдебиет.
D) Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет.
E) Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет.
27. Тарбағатай тауынан
Тоқсан сала қосылып, Тоғыз өзен түйісіп,
Ақтың төмен жосылып ... – деген үзінді қай өлеңнен алынған, табыңыз.
A) «Толағай» B) «Арқалық аясында»
C) «Тарланым» D) «Жетісу суреттері»
E) «Аягөз , қайда барасың?!»
28. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.
Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
A) Еңбек тақырыбы.
B) Батырлық, ерлік тақырыбы.
C) Өнер - білім тақырыбы.
D) Ынтымақ, бірлік тақырыбы.
E) Достық тақырыбы.
29. Махамбет қай ханның тұсында өмір сүрген, белгілеңіз.
A) Абылай хан B) Тәуке хан C) Жәңгір хан
D) Әбілқайыр хан E) Жолбарыс хан
30. Ы. Алтынсариннің отырықшылыққа, егіншілікке үгіттеген әңгімесін табыңыз.
A) «Талаптың пайдасы».
B) «Қыпшақ Сейітқұл».
C) «Атымтай Жомарт».
D) «Бай баласы мен кедей баласы»
E) «Әке мен бала»
31. «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш» еңбектерінің авторын белгілеңіз.
A) Ғ.Тоғжанов. B) М.Әуезов.C) М.Дулатов.
D) А.Байтұрсынұлы. E) С.Сейфуллин.
32. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз.
A) А.Яссауи. B) М.Қашқари. C) Қорқыт.
D) С.Сараи. E) Ж.Баласағұн.
33. ’’Алтын сақа’’ ертегісіндегі қай кейіпкердің сөзі екенін белгілеңіз.
-Осындай бәлен жердегі бәйтеректің басында бала тұр, бәйтеректің түбін жалмауыз кемпір қазып жатқандықтан, енді құлауға таяу тұр.
A) Төбет. B) Жалмауыз. C) Бай.
D) Қарлығаш. E) Бай баласы.
34. Шығарманың кейіпкері деген ұғымға лайық анықтаманы белгілеңіз.
A) Жансыз табиғаттың кәдімгі тірі адамға айналуы.
B) Шығармадағы адамдардың мінез-құлқы, сырт пішіні.
C) Міндетті түрде өмірде болған адамдар.
D) Өмірде сирек кездесетін, тіпті мүлде кездеспейтін образдар.
E) Шығармадағы адамдардың көркем бейнесі.
35. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шалдың туған жерге не үшін оралғысы келгенін табыңыз.
A) Қайтадан жаңа өмір бастау үшін.
B) Ашаршылықтан құтылу үшін.
C) Жаулардан құтылу үшін.
D) Туған жерге жетіп өлу үшін.
E) Туысқандарына жолығу үшін.
36. Сыпыра жырау қай жырда кездесетінін белгілеңіз.
A) «Алпамыс батыр». B) «Ер Тарғын».
C) «Ер Мамай». D) «Ер Қосай».
E) «Қобыланды батыр».
37. ’’Қозы Көрпеш-Баян сұлу’’ поэмасында Қозының намысын қорғау үшін кім шығатынын белгілеңіз.
A)Танаш. B)Көтібар. C)Тайлақ.
D)Тазша. E) Айбас.
38. Литота ойды қалай бейнелейтінін табыңыз.
A) Мүлде құлдырата, кішірейте суреттеу.
B) Әсірелеу, ұлғайту.
C) Сөздердің мағынасын бұрып айту.
D) Салыстыра суреттеу.
E) Сөздерді қарама-қарсы мәнде айту.
39. ’’Құдатғу білігте’’ әділдіктің бейнесі ретінде кім алынғанын анықтаңыз.
A) Қорқыт. B) Одгүрміш.C) Айтолды.
D) Күнтуды. E) Ұғділміш.
40. Қожа Ахмет Яссауидің кітабы қалай аталатынын анықтаңыз.
A)’’Кодекс-Куманикус’’. B)’’Мұхаббат-наме’’. C) ’’Оғыз-нама’’.D)’’Диуани хикмет’’.
E) ’’Құдатғу біліг’’.
41. ’’Аяз би’’ ертегісінің кейіпкерін табыңыз.
A) Жаман. B) Ерназар. C) Кендебай.
D) Шойынқұлақ.
E) Бапы.
42. Қалқам, мен Лермонтов,
Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген үзінді Мұқағалидың қай өлеңінен екенін белгілеңіз.
A) «Фантазия». B) «Мен таулықпын».
C) «Анау – аспан, мынау – бақ».
D) «Поэзия».
E) «Қара өлең».
43. Аяқталған біртұтас ойды білдіретін өлең өлшемінің атауын белгілеңіз.
A) Бунақ. B) Ұйқас. C) Тармақ.
D) Шумақ. E) Буын.
44. Қазақтың көшпелі өмірі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, киім киісі, жүріс-тұрысы, қыздарының бірінен-бірі асқан сұлулығы суреттелетін лиро-эпос жырын көрсетіңіз.
A) «Күлше қыз». B) «Мақпал мен Сегіз».
C) «Айман-Шолпан». D) «Қыз Жібек».
E) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу».
45. Бұқар жыраудың шығармасын табыңыз.
A) “Күмбір, күмбір кісінетіп”
B) “Мұнар күн”
C) “Қамыстың басы майда, түбі сайда”
D) “Асқар, асқар, асқар тау”
E) “Жиырма деген жасыңыз”
46. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесінде Байтас шалдың шекарадан жалғыз өту себебін белгілеңіз.
A) Балаларын ұстап алып, түрмеге қамап тастаған.
B) Балалары туған жерге кетіп қалған.
C) Балалары болған, бірақ қайтыс боп кеткен.
D) Балалары жоқ адам.
E) Балалары туған жерге қайтқысы келмеген.
47. Жәнібектің:
- Інісі өлген қандай екен? - деген сұрағына Жиреншенің қайтарған жауабын белгілеңіз.
A) Оң қанатың қайырылғаны.
B) Асқар тауың құлағаны.
C) Ағар бұлағың суалғаны.
D) Бауыр еті күйгені.
E) Сол қанатың қайырылғаны.
48. Асан қайғының елді аралауына не себеп болғанын белгілеңіз.
A) Өлеңдерін тарату.
B) Шұрайлы жер іздеу.
C) Игі жақсыларды жинау.
D) Өзінің кәсібі.
E) Саяхат жасау.
49. Параллелизм деген ұғымның мәнін табыңыз.
A) Басқа біреудің әдеби шығармасын иемдену.
B) Керексіз, орынсыз, басы артық сөз.
C) Қайта айту деген мағынаны білдіреді.
D) Қарама-қарсы ұғымдарды жақындату.
E) Екі нәрсені қатарластыра алып бейнелеу тәсілі.
50. ’’Диуани лұғат-ат түрік’’ атты жинақ қай ғасырда жарық көргенін белгілеңіз.
A) XVІ ғ.
B) XX ғ.
C) XVІІІ ғ.
D) XІ ғ.
E) XІV ғ.