1. Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар С.С. жайлы берілген аннотацияны іштей оқып танысады. 1 оқушыға дауыстап, мәнерлеп оқытылады. Сөздікпен жұмыс жасалады ( аударма, түсіндірме сөздіктер қолданылады).
Оқушылар оқыған мәтін бойынша және өзінің бұрыннан білетіндері бойынша бір-біріне сұрақ қояды.
2. Қосымша мәлімет. Үйде 1 оқушы С.С. өмірбаяны бойынша дайындалып келгенін қорғайды.
3. Тапсырма:
Топтастыру стратегиясы: Постер салу: «С.С-нің қазақ əдебиетінің тарихындағы орны». Кластер.
4. Поэмадан алынған үзіндімен танысу, талдау:
- Үзінді шумақтарға бөлініп оқушыларға мәнерлеп оқытылады. Оқушылар өздеріне бөліп берілген шумақтарды іштей пайымдап оқиды. Сөздікпен жұмыс жасалады ( оқулықта берілген).
- Өздеріне берілген шумақтарды оқи отырып, оқушылар бір-бірлеп ауызша айту арқылы оқиғалар желісі тізбектеледі.
Сергіту сәті: «Мен келем тау ішінде түнделетіп әнін тыңдатылады.
-Шығарманың жанры анықталады да поэма туралы түсінік меңгертіледі.
-оқиғаны баяндау стилі, тәсілі айтылады.
- 63-бетте берілген сұрақтар мен тапсырмаларға (1-6-тапсырма) және мәтінге сүйене отырып, шығарманың тақырыбы мен идеясы ашылады.
Рефлексиялық-бағалау кезеңі:
1. 64-бетте берілген 9-14-сұрақтар мен тапсырмалар орындатылады.
2. Үйге:
1. 2 оқушыға: 64-беттегі 7-тапсырма: «Аққу -киелі құс» деп неліктен айтылған? Аққу туралы қандай аңыздарды білесіңдер? Ізденсі-зерттеу жұмыстарын жасап келіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |