Қазақ Әдебиетінің тарихы пәнінен



бет1/18
Дата08.05.2024
өлшемі73,71 Kb.
#201872
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Қазақ әдебиеті тарихы 2-курс сессия
2- ЛЕКЦИЯ, 4-5-ТАҚЫРЫП роза, АЛТЫН ОРДАНЫҢ ЫДЫРАУЫ, Балтабаева Альбина Алтын Орда ыдырауы

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ ПӘНІНЕН
2-КУРС

  1. ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетінің жағдайы

XV-XVI ғасырлардан бастап қазақтың өзіндік төл әдебиетінің іргесі қаланып, әдеби тілі қалыптасады. Осы кезден бастап әдебиет тарихында қазақ авторлары, жеке жыраулары мен ақындарының есімдері белгілі болады. Дара ақындық творчество бой көрсетеді.
Қазтуғанның ұлттық бояуы қанық, афоризмдерге, көркем түстерге бай толғаулары туған әдебиетіміздің таңдаулы үлгілері қатарына жатады. Жыраулық поэзияның дамып, өркендеуіне Доспамбет пен Шалкиіз шығармалары айрықша әсер етті. Жорық жыршысы болған Доспамбет жырау (1523) шығармаларынан орта ғасырлық жауынгер көшпендінің ер тұлғасы, ерлік кейпі көрінеді.
Доспамбет толғаулары ХIХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап баспа бетін көре бастады.
Жыраулық поэзияның ең көрнекті өкілі - Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (1465 - 1560). Шалкиіздің толғаулары ең алғаш 1875 жылы хатқа түсіп, баспа бетінде жарияланыпты. Жырау мұралары ерте жиналуына байланысты бүгінгі күндерге бір сыдырғы толық жетті.
Жиембет жырау (ХVII ғасыр) мен Марқасқа жыраудың (ХVII ғасыр) өмір жолы Есім хан тұсындағы тарихи оқиғаларға тікелей қатысты. Жорық жыршысы Марғасқа жырау Есім ханның бір орталыққа бағынған күшті мемлекет кұру туралы идеяларының ұраншысы атанса, Жиембет жырау ханға қарсы араздығын бүкпесіз, бұлтармасыз жеткізді. Жиембет жыраудың толғаулары ең алғаш 1908 жылы "Жақсы үгіт" кітабында жарияланса, Марғасқа толғаулары кеңес заманында зерттеліп, баспа бетін көрді.
ХVIII ғасырда Жыраулық поэзия тақырыптық жағынан кеңейіп, идеялық-көркемдік тұрғыдан байи түседі. Жоңғар шапқыншылығы және "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" жылдары, қырғын соғыстар мен жеңісті жорықтар, саяси және қоғамдық өмірдегі өзгерістер - ел өміріндегі елеулі оқиғалардың барлығы да жыраулар шығармаларғында өзінің көркемдік шешімін тапты. ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі - Бұқар жырау (1668 - 1781). Ол жырау ғана емес, қабырғалы би де болған. Ол қоғам өміріне белсене араласып, ісімен де, жырымен де Абылай хан саясатын мейлінше қолдайды. Бұқар жырау шығармалары ғақлия толғаныстар, нақыл афоризмдер түрінде келеді. Оның туындыларының өлең өлшемі өте күрделі. Бұқар жырау шығармалары ең алғаш "Таң" журналында (1925) жарияланғанымен, ғылымның жүйеленіп зерттелуі ХХ ғасырдың 60 - жылдарының үлесіне тиеді.
ХVIII ғасырдағы халық поэзиясының танымал өкілдері - Көтеш (1745- 1819). Көтеш шығармаларындағы негізгі сарын - кедейлік тақсіретін жыр ету, тағдырдың әділетсіздігіне наразылық.
2.Жыраулар поэзиясы ӛкілдері
Сыпыра жырауды еске салатын қазақ ақындарының сөздерін, атап айтқанда, Мұрын жырау, Жамбыл, Нұрпейіс пікірлерін естен шығармау керек. Олар Сыпыра жыраудың тарихта болған кісі және көп жырлардың шығарушысы екеніне күмән келтірген емес.
3.Жыраулық поэзияның зерттелуі Жыраулық поэзия - ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. ХV ғасырдың орта шенінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халкының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз бен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік, дүние мен дүние жайлы сан-салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар Жыраулық поэзияның терең дүниетанымдық сипатын аңғартады. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшаққа даңқы жеткен Қодан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп те саналады.

4.Қазтуған Сҥйінішұлы - айтулы жорық жырауы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет