Қазақ Әдебиетінің тарихы пәнінен


ХVIII жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ - жоңғар соғысының бастаушысы



бет6/18
Дата08.05.2024
өлшемі73,71 Kb.
#201872
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Қазақ әдебиеті тарихы 2-курс сессия
2- ЛЕКЦИЯ, 4-5-ТАҚЫРЫП роза, АЛТЫН ОРДАНЫҢ ЫДЫРАУЫ, Балтабаева Альбина Алтын Орда ыдырауы
.ХVIII жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ - жоңғар соғысының бастаушысы
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693–1787) – әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы - биі, абыз. Шыққан тегі Арғын тайпасының Сүйіндік руының қаржас 
руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысының 6-шы ауылы "Қарақ" деген жер. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек - түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне - көп Абылай ханның өтінішімен, «сәуе айтшы» деген тілегімен түсінде көрген істерін болжап айтады екен, бұлары дәлме - дәл келіп отырған. Жырау қазақ халқының жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білген. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел - жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салған.


Абылай ханның ақылшысы
Бұқар жыраудың толғаулары
Бұқар жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел - жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси - әлеуметтік мәнді жыр -толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден - бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады:

Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, 


Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай, 
Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай. 
Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам, 
Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!”

Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс - бірлігін қиыннан қиыстыра білген. Жыраудың


Абылай ханның қасында”,
Ал, тілімді алмасаң”,
Ай, Абылай, Абылай”,
Қазақтың ханы Абылай”,
31. Бұқар жырау шығармаларының тақырыптық аясы, шеңбері
Бұқар жырлары жыраулық поэзияның дәстүрлі жалғасындай болғанымен, әлеуметтік-саяси мазмұны мен тақырыбы, көркемдігі жағынан өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Жырау шығармашылығын тақырыптық ерекшеліктеріне қарай: адамгершілік-имандылық тәрбиесін жырлайтын насихат толғаулар, ел бірлігі тақырыбындағы толғаулар, Абылай ханға арналған толғаулар, отаршылдыққа байланысты туған болжал толғаулар деп топтастырып қарастыруға болады. Бұқар жырау жас ерекшеліктеріне байланысты және өмір туралы толғауларды да дүниеге әкелген.
Бұқар поэзиясының негізгі қаһарманы- заман, адам бейнесі. Ол эпостағы аноним, аңыздық тұлғалар емес, өмірде болған адамдар. Бірақ солардың бейнесі мен ісін ақын аналитикалық ізде емес, заман оқиғасымен байланыста тұтас алады да, әлеуметтік типке бөлмейді.
Мұнда да Бұқар жыраудың эпос стилінен ұзап кетпегендігінің көрінісі бар. Оның образдары- заман оқиғасының бір бөлшегі ғана. Ал, реалдық бейнелерге бет бұру- Бұқар поэзиясының үлкен жаңалығы.
Өзінің жаңалық формасы жағынан Бұқар толғаулары көбіне арнау, бірде ғибрат, философиялық толғау немесе элегиялық жыр болып келеді. Дін тақырыбына құрылған өлеңдері дидактикаға бейім. Оның ішінен жауда өлген Бөгенбайдың өлімін естіртетін лирикалық элегиясы ерекше мұңлы.
Бұқар толғауларының тіліне келер болсақ, онда мақалдап сөйлеу мен эпос тілінің үлгісі басым.
Жал-құйрығы қаба деп, 
Жабыдан айғыр салмаңыз.
Қалың малы аразды
Жаман қатын алмаңыз.
Жабыдан айғыр салсаңыз, 
Жауға мінер ат болмас.
Жаман қатын алсаңыз
Топқа кірер ұл тумас, -
деген сөздер мақал үлгісіне құрылған. Мақалдап сөйлегенде, Бұқар өлшеу, ұйқасқа айтарлықтай көңіл бөлмей ( ат болмас, ұл тумас), көбіне логикалық ойға жүгінеді. Мұны поэзияға енген билер сөзінің үлгісі дейміз.
Бұқар жырау Қалқаманұлы толғаулары халық эпосы мен сөйлеу тілінің үлгісіне құрылған. Бүкіл бір тарихи дәуірдің көрінісін беретін Бұқар жырлары ХҮ-ХҮІІ ғасырларда туып дамыған жыраулық өнерге негізделген, авторлық орны бар поэзияның заңды жалғасы болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет