Қазақ Әдебиетінің тарихы пәнінен


Шалкиіз Тіленшіұлы — жырау



бет5/18
Дата08.05.2024
өлшемі73,71 Kb.
#201872
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Қазақ әдебиеті тарихы 2-курс сессия
2- ЛЕКЦИЯ, 4-5-ТАҚЫРЫП роза, АЛТЫН ОРДАНЫҢ ЫДЫРАУЫ, Балтабаева Альбина Алтын Орда ыдырауы
Шалкиіз Тіленшіұлы — жырау.
Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 — 1560 жылы ш.) — жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі.Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіттік шағы Ноғай ордасындағы Мұса бидің маңайында өткен. Кейіннен Ұлы Орданың әміршісі, Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізді. Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді. Оның шығармаларынан орта ғасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикалы түсініктер көрініс тапқан (“Асқар, асқар, асқар тау…”, “Қоғалы көлдер…”, “Арғымақ ару аттар…”, “Ор, ор қоян, ор қоян…”, тағы басқа). Шалкиіз шығармаларында ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы жырлар да жеткілікті.
21. Қазақ поэзиясының ӛлең ӛрнегін байытқан ақын
.Доспамбет жырау - қолбасшы, батыр.
.Шығармашылығы
Доспамбет жырау (1490, қазіргі Ресей Федерациясы, Ростов облысы, Азау қаласы — 1523, Астрахан маңы) — жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. 
Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Тайпа аралық ұрыстардың бірінде қаза тапты.
Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат - мақсаты, түсінік - талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды (“Айнала бұлақ басы таң”,“Тоғай, тоғай, тоғай су”, “Азау, азау дегенің”, “Арғымаққа оқ тиді”, “Қоғалы көлдер, қом сулар”, “Айналайын, Ақ Жайық”, т.б.)

.Үмбетейдің ӛмірі
Үмбетей Тілеуұлы (1706-1778) - Ақмола облысында, яғни Орталық Қазақстанда дүниеге келген. Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. Ол жас шағынан Бұқар жыраумен құрдас болған деген дерек бар:
Үмбетей Бұқармен дос, құрдас екен,
Қайтыс боп үш жыл бұрын құса-дерттен,- деген өлең жолдары осыны меңзейді.
Бұл өлеңді Бөгенбайдың немересі Бапан би шығарған деседі ел аузында. Үмбетей жас күнінен-ақ кедейліктің зардабын тартады. Ақындық даңқы шыққан Үмбетейді Абылай хан өз айналасында ұстайды, ол сол кезден-ақ жырау атанған. Ол Бөгенбай батырға серік әрі оның жыршысы болған. Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте болып, тарихи оқиғаларды нақты жырлаған. Ол халық мүддесі үшін хан көңіліне қарамай, әділ,тура өлеңдер қалдырған. Жырау Ақмола өңірінде жасап, дүниеден өткен.

25. Ҥмбетей жырау- дидактикалық поэзияның әйгілі шеберлерінің бірі.


.Толғаулары
Үмбетей жырау - елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен. "Бөгенбай өліміне", "Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту" атты толғауларында ол Бөгенбай бастаған халық батырларын дәріптеп, қайратты ерлерді ұрпағына өнеге еткен. Жырау Бөгенбай батырдың ерлік бейнесін тамаша өрнектейді. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке балайды, "Боламшыдай анадан болат тудың, Бөгенбай", - деп қастерлейді. Атамекен жаудан қорғап қалған, халқымыздың ұлан - байтақ жерін - Баянауыл, Қызылтау, Абыралы, Шыңғыстау - бүкіл Сарыарқа атырабын қалмақтардан аман алып қалған Бөгенбай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды. Үмбетей:
Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асырдың.
Ақшәуілге қос тігіп,
Ауыр қол жидырып алдырдың,
Қалмаққа ойран салдырдың
-деп, халқына Бөгенбайдың елі үшін жасаған ерлігін атап көрсететі.
.Бұқар жырау Қалқаманұлы — қазақтың ұлы жырауы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет