Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан, сан қыр лы әрі бай рухани мәдениетінің маңызды бір саласы



Дата20.11.2023
өлшемі16,18 Kb.
#192176
Байланысты:
Ежелгі дәуір әдебиеті.Асыл


Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан, сан қыр-
лы әрі бай рухани мәдениетінің маңызды бір саласы -
қазақ әдебиеті болып табылады.
Қазақ әдебиеті Әдебиет тарихы - әдебиет тану ғы-
лымының құрамдас, негізгі бір бөлімі
тарихы пәні.
екені мәлім. Ал, әдебиет тарихы пәні
марксизм-ленинизм ілімін басшылыққа ала отырып,
көркем әдебиеттің даму процесін қоғамдық өмірдің
нақты жағдайымен байланысты түрде алып зерттейді.
Әдебиет тарихы пәні әрбір халықтың дамуындағы идея-
лық бағыт-бағдарларды, әдеби ағымдарды және олар-
дың көркемдік ерекшеліктерін сол халықтың қоғамдық-
экономикалық құрылысымен байланысты түрде танып-
біледі.
Қазақ әдебиеті тарихы пәнінің міндеті де, міне,
осындай. Қазақ әдебиеті тарихы әдебиет тану ғылымы-
ның құрамдас бөлімі ретінде көркем сөз өнерінің тари-
хын халқымыздың төл тарихынан бөліп-жармай, тұтас
күйінде алып зерттейді. Сол арқылы ол әдеби шығар-
маның туылуын, әдеби өмірдің кемелденуін, сан алуан
әдеби бағыттар мен көріктеу құралдарының даму ке-
зеңдерін, әдеби процеске тиісінше ықпал еткен қалам-
герлердің творчествосын танып--біледі.,
Қазақ әдебиеті тарихы - қазақ халқының қадым
замандардан бастап, бүгінгі күнге дейін жасаған көркем
әдебиет туындыларын қамтиды.) Қазақ әдебиеті тарихы-
ның оқып үйренетін дәуірі де, пән ретінде өз ішіне қам-
титын объектілері де, зерттейтін мәселелері де қыруар
көл…
Сонымен, қазақ әдебиетінің сан ғасырлық тарихы
өте ерте, қадым замандардан, ежелгі дәуірлерден бас-
талатыны даусыз. Алайда қазақтар халық ретінде тек
XV-XVI ғасырларда ғана қалыптасты деп жүрміз ғой.
Ендеше XV ғасырдан арғы жердегі материалдық және
рухани мұраның бәрі қазақ халқы үшін жат болғаны
6
ма? Әрине, олай емес. «Қазақ халқының құрылуына не-
гіз болған этникалық процестер - түп тамыры ежелгі
заманнан, алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, таптық
қатынастар туа бастаған заманнан басталатыны» та-
рихтан жақсы мәлім1.
Бертін келе қазақ халқының құрылуына негіз бол-
ған ру-тайпалар көне замандардан-ақ қазіргі Қазақ-
станды, Орта Азияны, оңтүстік-шығыс Сібірді, Орталық
Азияны, Еділ бойы мен Қаспий жағалауларын мекен
етті. Қазақ халқын құраған осы ру-тайпалар - кезінде
өзбек, қырғыз, азербайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақал-
пақ, хақас, башқұрт, татар халықтарының этникалық
құрамына енген ру-тайпалармен аралас, көршілес оты-
рып өмір сүргені белгілі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет