Пән мазмұны: Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті пәні ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап қазақ әдебиетін тереңдеп оқып үйренуді, осы дәуірдегі әдебиет өкілдерінің көркемдік ойлау жүйесін, ұлттық әдебиеттегі тарихи сабақтастықты, көркемдік мәселесін жан-жақты ғылыми негізде қамти қарастырады. Шығармаларының басты идеялық бағыты, тақырыптық, мазмұндық мақсатын саралау.
Пререквизиттер
Аталған пәнді меңгеру үшін қазақ халық ауыз әдебиеті (халық фольклоры мен әдебиеттің ара қатынасы, фольклордың қызметі, фольклорлық жанр, т.б.), әдебиеттануға кіріспе (әдебиеттану ғылымының салалары, жіктелуі, троптың түрлері, әдеби терминдер т.б.), ежелгі дәуір және Орта ғасырлардағы қазақ әдебиеті (көне дәуірдегі әдеби ескерткіштер, әдеби туындылар, зерттелуі, жариялануы, ежелгі дәуір әдебиетінің көркемдік құндылығы, т.б.), ХҮ-ХҮІІІ ғ. қазақ әдебиетінің тарихы (ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы тарихи-әлеуметтік жағдайлар, жыраулар поэзиясының басты сарындар), ХІХ ғ. қазақ әдебиетінің тарихы (ХІХ ғасыр әдебиетіндегі ағымдар мен бағыттар, зар заман ақындары), ХХ ғ. қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі (1900-1940) (ХХ ғасыр басындағы шығармашылық тұлғалар, алаш өкілдерінің әдебиетте ұстанған бағыттары, көркем туындыларының тақырыптары) пәннің (пәндердің) меңгеру барысында игерілген білім мен дағдылар қажет.
Постреквизиттер
Аталған пәнді меңгеру барысында игерілген білім мен дағдылар келесі пәндерді меңгеруге қажет болып табылады әдебиет теориясы, қазақ әдебиеті сынының тарихы, әдебиеттанудың өзекті мәселелері, әдебиеттанудағы жаңа бағыттар, әлемдік әдеби даму, әдебиеттанудың философиялық-әдіснамалық мәселелері, көркем әдебиеттегі психологизм.
3. Студенттерге қойылатын талаптар:
Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүруі қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша).
Сабаққа қатысу:
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1-і себепсіз қалдырылса, курстан шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |