Қазақ филологиясы кафедрасы



бет6/28
Дата14.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#185383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
ТЖКА силлабус КТА

1-3 СОӨЖ тақырыбы: Тәуелсіздік тағылымы: рухани жаңғыру арналары
Тапсырмалар: Тәуелсіздік кезеңіндегі туындылар ғылыми тұрғыдан сараланып талданған зерттеу еңбектеріне шолу жасау
Есеп беру түрі: конспект жасау
СӨЖ тапсырмалары: «Бабалар сөзі» 100 томдығына шолу
Есеп беру түрі: конспект жасау
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 10-том. - Алматы. ҚАЗақпарат, 2006.
2. Майтанов Б. Тәуелсіздік – күрес мұраты: зерттеулер мен мақалалар. Алматы. Құс жолы, 2012.
3. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. -Алматы: Санат, 1996.
4. Қазақ көркем сөзінің шеберлері: анықтамалық. Қарағанды. Экожан, 2010.
5 . Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті.-А: Қазақ универиситеті. 2002
6. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және қазақ әдебиеті. – Алматы, 2011
7. ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: «Арда», 2011. – 640 б.
8. Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы. Аруна, 2005.
Қосымша әдебиеттер:
1. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. - Алматы: Жазушы, 1993
2. Серікқалиев З. Ақ жол. -Алматы: Жазушы, 1990
3. Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. - Алматы: Ғылым, 1995.
4. Әбдезұлы Қ. Қазақ прозасы және ұлттық идея. -Алматы: Қазақ университеті, 2005.
http://adebiportal.kz/; https://massaget.kz/; http://adebiet.kz/; https://kitap.kz/; http://classic.nlrk.kz/; https://inside.wksu.kz/;
Екінші апта
3-4 дәрістің тақырыбы: Тәуелсіздік және руханият
Сағат саны: 2
Терминдер мен анықтамалар:
Әдеби мұра – көркем әдебиеттің, сөз өнерінің өткен дәуірден қазіргі заманға жеткен туындылары. Әдеби мұра – халықтың әр түрлі тарихи кезеңдегі мәдени өресінің, әлеуметтік хал-жайының, тілдік, эстетикалық талғамының айғағы.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Тәуелсіз Қазақстанның даму деңгейі, басты ұстанымы – руханият ісінен де кеңінен көрініс береді. Елдің егемендікке қол жеткізуі – руханият әлемін: тарихы мен танымын, әдеби-мәдени мұраларын танып-таразылауға кең жол ашты. Жазушы еңбегі мен шығармашылық, көркемдік құпиясы кең көлемде қарастырыла бастады.
Көркемдік таным туралы түсінік. Таным арналары, даму бағыттары, көзқарастар мен белгілері. Таным сипаттары.
Көркемдік таным және әдеби процесс. Шығармашылық еңбек, көркемдік ойлау. Жазушы еңбегі және кейіпкер тұлғасы.
Көркемдік танымның мән маңызы. Көркемдік таным және шығармашылық еңбек. Ондағы ой-сөз жүйесі.Тіл мен стиль.
Қаламгер және шығармашылық еңбек процессі. Жазушы және әдеби процесс. Қаламгер және өмір құбылыстары. Қаламгер және кейіпкер.
Әдеби процесс және шығармашылық талдау. Қаламгер мұраты. Шығармашылық сырлары. Жазушы ізденісі, еңбегі.
1990-2010 жылдар аралығындағы әдеби процесс. Әдеби жыл қорытындылары. Мерзімді кезең аралығындағы әдеби жанрлар жөніндегі шығармашылық ізденіс. Жазушы еңбегі, өмір құбылыстары мен материал жинау, образ жасау жолдары. Тіл, силь сипаты.
Әдеби шығармашылық. Әдіс пен стиль сырлары. Жанр жүйесі, тіл сипаты. Көркемдік құпиялары. Ой мен сөз.
Ұлттық прозадағы танымал туындылар: Қ.Жұмаділовтің: «Дарабоз», Ұ.Доспанбетидің «Қызыл жолбарыс», Б. Әбілдаұлының «Сыпатай батыр», Ә.Нүрпейсовтың «Соңғы парыз», З. Қабдоловтың «Менің Әуезовім», Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», М. Мағауиннің «Мен», Р. Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Б. Мұқайдың «Өмірзая», Р. Ниязбектің «Тас құдай», Қ. Ысқақтың «Күреңсе», М. Байғұттың «Киік оты», М. Есламғалиұлының «Тұман ішіндегі көш», Қ. Жиенбайдың «Жер сілкінісінен бір күн бұрын», Қ.Түменбайдың «Сотталған домбыра», Д. Әшімханұлының «Самырсын сазы», Т. Закенұлының «Көк бөрілердің көз жасы» т.т.
Қазақ поэзиясындағы үздік үлгілер: Д. Әбілев, М. Әлімбай, Е. Әукебаев, Т. Әбдірахманова, К. Салықов, Г. Сейілжанова, Т. Молдағалиев, Қ. Мырза-Әли, О. Сүлейменов, М. Шаханов, Ф. Оңғарсынова, М. Айтхожина, А.Бақтыгереева, К. Ахметова, Ө.Нұрғалиев, С. Иманасов, Т. Медетбек, И.Сапарбай, С. Тұрғынбек, Ж. Ерман, Ұ. Есдәулет, А. Әлім т.б.
Драма жанрындағы есімдер – Ә. Кекілбайұлы, Ш. Мұртаза, С. Жүнісов, М. Байсеркенов, Қ. Ысқақұлы, С. Балғабаев, Иран-Ғайып, Т. Нұрмағанбетов, Д. Исабеков, Ә. Тарази, Р. Мұқанова т.б.
Көркем сын саласында – З. Серікқалиұлы, Ж. Дәдебаев, С. Жұмабек, Ә.Мендеке, Т. Шапай т.б. белсенділік танытуы.
Ұлт руханияты. Әдебиет пен өнер үлгілерінің ел мұратын, тарих толқынын, өмір өрнектерін шынайы, шебер сүреттеуі. Көзқарастар, зерттеулер.Уақыт бедерлері мен сырлары.
Қазіргі әдеби процесс. Жанрлар жүйесі мен дамуы. Ұлт қаламгерлерінің ел-жер, өмір-тұрмыс т.т. туралы толғам-толғаныстары.Көркемдік таным. Шеберлік сырлары. Көзқарастар.
Ұлт тәулсіздігі – руханият ісінен жарқырырай көрінді. Алаш идеясы мен қалам қайраткерлері ақталды. «Мәдени мұра» бағдарламасы кең өріс алды. Зерттеу мен зерделеу соны сипатқа ие болды. Талап пен талғам өзгерді. Ұлт руханиятының көріністері. Қоғамдағы орны. Ізденістер мен көзқарастар. Ортақ сипаттар. Жасампаздық мұраттар.
2 семинар сабақтың тақырыбы: Әдебиет – руханият шежіресі
Сағат саны: 1
Тапсырмалар: «Ұлт руханиятының көріністері» тақырыбында ауызша топтық талдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет