4-6-СОӨЖ тақырыбы: Көркемдік нәрі
Тапсырмалар: Руханиятқа арналған БАҚ бетіндегі материалдарға шолу жасау
Есеп беру түрі: талдау жұмысы
СӨЖ тапсырмалары: «Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиет және мәдениет» ұжымдық еңбегіне шолу жасау.
Есеп беру түрі:ауызша талдау
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 10-том. - Алматы. ҚАЗақпарат, 2006.
2. Майтанов Б. Тәуелсіздік – күрес мұраты: зерттеулер мен мақалалар. Алматы. Құс жолы, 2012.
3. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. -Алматы: Санат, 1996.
4. Қазақ көркем сөзінің шеберлері: анықтамалық. Қарағанды. Экожан, 2010.
5 . Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті.-А: Қазақ универиситеті. 2002
6. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және қазақ әдебиеті. – Алматы, 2011
7. ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: «Арда», 2011. – 640 б.
8. Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы. Аруна, 2005.
Қосымша әдебиеттер:
1. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. - Алматы: Жазушы, 1993
2. Серікқалиев З. Ақ жол. -Алматы: Жазушы, 1990
3. Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. - Алматы: Ғылым, 1995.
4. Әбдезұлы Қ. Қазақ прозасы және ұлттық идея. -Алматы: Қазақ университеті, 2005.
http://adebiportal.kz/; https://massaget.kz/; http://adebiet.kz/; https://kitap.kz/; http://classic.nlrk.kz/; https://inside.wksu.kz/;
Үшінші апта
№5-6 дәрістің тақырыбы: Уақыт және әдебиет.
Сағат саны: 2
Терминдер мен анықтамалар:
Әдеби процесс – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Уақыт және дәуір. Қоғам құбылыстары мен кезең көріністері. Жаңа уақыт және қоғам. Тарих және тағылым.Тәуелсіздік талаптары.
Жаңа кезең және уақыт. Азаттық және руханият. Тарих және әдебиет. Ұлттық сөз өнерінің бел-белестері. Ұлттық мақтаныштарымыздың өмірі мен қоғамдық қызметтері. Шығармашылық мұра-мирастары.
Тәуелсіздік және руханият мұраты. Елбасы мен қолбасылар, хандар мен би шешендердің тарихы мен тағдыр-талайлары. Өнегелі өмір, өрнекті істері. Даналықтары, даралық келбеттері. Көзқарас мұраттары.
Көне кезең көріністері. Алғашқы жазба жәдігерлер – Күлтегін, Тоныкөк, Білге ханға қойылған құлпытастарға, сына жазуларға көзқарас. Сына жазулар сыры. Жариялану, зерттелуі. Қорқыттан – Асан қайғыға дейінгі кезең. Дала данышпандарының даналық сипаттары. Әль-Фарабиден – Абайға дейінгі жыраулар поэзиясындағы адам мұраттары, өмір-дүние сыры, болмыс бедерлері.Қоғам,адам,өмір көріністері.
Ұлт руханиятының жарық жұлдыздары – Шоқан, Ыбырай, Абай мұралары. Ондағы ел тарихы мен тағылымдары. Халық әдебиетінің қайнарлары, мәдени-рухани құндылықтары. Жариялануы мен зерттелуі.
Алаш идеясы. Ұлт зиялыларының мұра-мирастары. Алаштың қаламгер-қайраткерлерінің өмірі мен қызметі. Әсіресе, Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров, Ж. Аймауытұлы, М. Әуезов, С. Мұқанов, М.Жұмабаев, Қ. Кемеңгеров, М. Көпеев, С. Дөнентаев, С. Сәдуақасов, С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, Ә.Тәжібаев т.б. ұлттық сөз өнеріндегі орны. Қазақ қоғамы мен руханият ісін дамыту мен өркендетудегі орны. Ұлттық әдебиетті тақырыптық тұрғыдан, жанрлық жағынан жетілдіру, көркемдік эстетикалық тұрғыдан биік белестерге көтеруі.Ізденістер жүйесі.Көзқарастар мұраты.
Алаш мұраты. Азаттық, теңдік, тұтастықты ту еткен – А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытұлы, Ш. Құдайбердіұлы т.б. өмірі мен шығармашылығы. Жариялануы мен бағалануы.
Зерттеу мен зерделеу. Ұлттық әдебиетке көзкарастар. Ізденістер мен зерттеулер. Уақыт бедері. Кезең көріністері мен шындықтары. Көзқарастар жүйесі. Талап пен талғам.Көркемдік құпиясы.
№3 семинар сабақтың тақырыбы: Уақыт және әдеби үдеріс
Сағаты: 1
Тапсырмалар: «Әдебиеттегі ақтаңдақтар бейнесі» тақырыбында эссе жазу
Достарыңызбен бөлісу: |