Аль-Фараби
37
Қазақ философиясының тарихи және мәдени бастаулары
нақты тарихилық тәсілінің маңызы зор, біздер осы тәсілді аксиологиялық
тұрғыдан қолдануға талпындық. Философиялық зерделеудің ұлттық типі
идеалға сәйкес келу философиясы емес, ол ерекше әлемді рухани игерудің
қалыптасу философиясы. Жалпы нақты тарихилық ұстанымын қолдану
терең және жалпылама рефлексияның арқасында мүмкін болары анық.
Ал енді философиялық рефлексия болса, ол әруақытта бүкіл Ғаламды,
философия ойының тарихын біртұтастық ретінде қарастырады, міне
сондықтан қалтарыста ескерусіз қалған даналық үлгілері болмауы тиіс,
ол тұтастықты белгілі бір қосымша қасиеттермен нығайта түсері анық.
Елдің тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдары қазақ философи-
ясы рухани және саяси еркіндікті бекіте түсудің рәмізіне айналды. Соңғы
жылдары Қазақстанда жарық көрген қазақ философиясына арналған
шығармалардың көбісі оқу құралы сипатында көрініс беріп келгені де
белгілі дерек болып қалып отыр. Мәселен, О.А. Сегізбаевтың «История
казахской философии. От первых архаичных представлений древних
до философии развитых форм первой половины ХХ столетия» (Алма-
ты. Ғылым, 2001. – 456 б.); Ғарифолла Есімнің «Хакім Абай» (Алматы,
1994); «Фальсафа тарихы: Оқулық. Хрестоматия» (Алматы: Раритет, 2004. –
304 б.); М.С. Орынбековтің «Ежелгі қазақтардың дүниетанымы» (Алматы:
Ғылым, 1998.); Ж. Алтаев пен А.Қ. Қасабектің «Қазақ философиясының
тарихы» (Алматы, 1999.); Т. Бурбаевтың «Ұлт менталитеті» (Астана:
Елорда, 2001. – 248 б.); Ә.Н. Нысанбаевтың «Қазақ философиясы» (Те-
геран, 2002. – 237 б.) көптеген жылдар бойы жете мән берілмей келген
этнофилософияның түбегейлі мәселелерін күн тәртібіне қоя білді.
Жоғарыдағы шығармалармен қатар ұсынылып отырылған ұжымдық
жұмыс авторларының негізгі бөлігі «Ұлттық идея және қазақ философи-
ясы». (Алматы, 2010. – 265 б.) деп аталатын ұжымдық монографияны,
«Ұлттық тәуелсіздік және қазақ философиясы». (Алматы, 2011. – 265 б.)
атты оқу құралын дайындады. Г.Ғ. Барлыбаеваның «Эволюция этиче-
ских идей в казахской философии». (Алматы, 2011. – 216 с.) және Б.М.
Сатершиновтың «Тарихи сана – тәуелсіздіктің рухани тұғыры». (Алматы,
2011. – 291 б.) атты жеке монографиялары біршама мәселелерді нақтылай
түсуге мүмкіндіктер ашты.
Қазіргі кезеңде Қазақстанда қазақ философиясының тарихы бойын-
ша бұрынғы теориялық зерттеулерді тұтастанған деңгейде жинақтайтын,
жүйелейтін бес томдық жаңа іргелі академиялық топтаманы жасаудың
уақыты келді. Осындай мағынадағы нақты ізденістік ғылыми қадамдар
көрші жатқан кейбір елдерде жасалып үлгерді. Мәселен, жақын жылдары
әзірбайжан және тәжік халықтарының ұлттық философиясының тарихы
|