36
Әл-Фараби
| 2 (38) 2012
Тюркский мир. Ә. Нысанбаев, С. Нұрмұратов
этникалық әлемдегі өзара ішкі құндылықтық байланыстары ашып
көрсетіледі;
– түркі әлемінің рухани кеңістігіндегі маңыздылық танытқан еркін-
дік идеясының онтологиялық мағынасы және ондағы этномәдени сабақ-
тастықтар мен тарихи тамырластықтарды тарихи-философиялық тұрғыдан
зерделеуден өткізіліп, этнофилософияның ауқымында анықталған соны
шығармалардың мәтіндеріне герменевтикалық талдаулар жасалады;
– Қорқыт Ата, әл-Фараби, Ж. Баласағұни, М. Қашқари, Қ.А. Иасауи,
А. Иүгінеки, М.Х. Дулати, Қ. Жалайыри, Асан Қайғы және т. б. түркілік
ғұламалардың шығармаларындағы түсініктер мен дүниетанымдық ай-
шықтар заманауи талаптарға сай тарихи-философиялық тұрғыдан пайым-
далады;
– қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуы дәуіріндегі халықтың
тарихи санасындағы философиялық пайымдаулар рухани-этикалық
және аксиологиялық тұрғыдан сарапталып, этнофилософияның өзіндік
ерекшеліктерінің мәдени тарихи бастауларының сипаты анықталады;
– қазақ философиясына тән өзіндік этнофилософиялық белгілердің
даму көріністері әлемдік философияның даму үрдісі ауқымында тиіс-
ті бағалаулардан өткізіліп, халқымыздың рухани әлемді игерудегі қай-
шылыққа толы тарихи кезеңдеріндегі өзгерістеріне тиісті зерделеу мен
пайымдаулар жасалады.
Әлемдік тарих пен философия тарихының біртұтас дүние ретіндегі
қозғалысы халықтардың рационалдық әлемдегі басымдылықтар мен қан-
дай дүниетанымдық әмбебаптарды асыра дәріптегеніне байланысты екені
тұжырымдалады. Әрбір ұлттық сана болмысты өзіндік философиялық
сипатта байыптайды, өзіндік ұлттық бірегейленуін философиялық зерде-
леу арқылы қалыптастыруы мүмкін. Міне осыған орай қазіргі таңда еш-
бір ұлт классикалық рационализм кезеңіндегідей біршама жүйелі әмбе-
бап философияны, философиялық зерделеудің кешенін қалыптастырдым
деп айта алмайды. Мәселен, классикалық неміс философиясы кезеңі
адамзатқа ортақ, әмбебап, әлемді танудың ерекше түрін, формасын жаса-
ды деген түсініктер бар. Дегенмен, кез келген философиялық зерделеудің
типі, оның ішінде ұлттық типі өзіндік сұхбат түрінде, мәдени байланыс,
салыстырмалы талдау түрінде дәлелденуі тиіс.
Жалпы ұлттық философиялық зерделеудің басты идеясы – фило-
софия тарихындағы классикалық үлгілерге қарап танымды, зерделеуді
тікелей қалыптастыру емес, ол белгілі тарихи кезеңдегі уақыт пен кеңістік
арасындағы ерекшелікті нақты зерттеу нысанының қасиеттерін қамту
болып табылады. Міне сондықтан тарихи-философиялық зерделеуде