Әл-Фараби
| 2 (38) 2012
Тюркский мир Ә. Нысанбаев, С. Нұрмұратов
өтудегі қазіргі Қазақстан үшін жоғарыда айтылғандар маңызды, өйткені
ұлттың ішкі, рухани өзіндік анықталуы мәселесі қазіргі индустриалды-
инновациялақ даму жолына түскен тарихи кезеңнің өзінде алға шығуда.
Сондықтан зерттеудің нәтижелерін гуманитарлық ғылымның және қо-
ғамдық практиканың әртүрлі салаларында және қазақстандық қоғамдағы
этносаралық және дінаралық қатынастарды, конфессияаралық қатынас-
тарды барынша үйлесімді нығайтуға тиімді қолдануға болады.
Мәселен, еліміздің руханиятын зерделеуге қатысатын этнопсихо-
логия, диаспоратану, этнология, философия тарихы, мәдениеттану, эт-
нопедагогика сияқты салалардағы әдіснамалық және дүниетанымдық
мәселелерді теориялық тұрғыда шешу үшін және қоғамдағы білім
беру саласында руханилық және рухани сабақтасу мәселесін жаңаша
түсіну үшін қазақ философиясын биік деңгейде жүйелеу қажет. Әрине,
ғылыми ізденістердің жалпы болашақтағы орындалу көлемі үлкен бес
томдық ұжымдық монография түрінде түзілуі жоспарланып отырғанмен
қазақтың ұлттық санасының даналық үлгілері бұл ауқымнан асып кетері
анық. Сондықтан бұл ұжымдық жұмыстың ерекшелігі – ұлттың сан
ғасырлық өткенінде қалыптасқан тарихи рационалдық байлықтың інжу-
маржандарын дұрыс тере білуде және оларға лайықты философиялық
түсіндірмелер беру арқылы сапалы ғылыми дүниені ұсынуда.
Әдіснамалық, тарихи-философиялық негіздерін анықтау арқылы
зерттеудің жалпы концептуалдық бағдарын қалыптастыруға болады.
Қазақ халқының философиялық ойының қалыптасуы мен дамуы тарихын
зерделеу және оған жаңаша ғылыми-теориялық негіздерді анықтау зама-
науи өткір проблема. Осыған ұқсас ғылыми проблемалық жағдайларды
барлық түркі тілдес халықтар қазіргі кезеңде басынан өткеруде. Әрине,
басқалар өзімізге тиісті, рухани құндылықтарымызға қатысты ғылыми
міндеттерді атқарып бермейтіні де белгілі. Сондықтан осы бағыттағы кез
келген қадам қиын болса да игілікті нәрсе екенін атап өтуге болады.
Қазақ халқының тарихи санасында өзектенген этнофилософиялық
ойлардың идеялық, танымдық терең бастауларын анықтау арқылы ежелгі
түркілік әлемде қалыптасқан әлемнің құндылықтық, философиялық-
дүниетанымдық негіздерін объективті ғылыми түрде сараптауға болады.
Жалпы халқымыздың этникалық дүниедегі көрініс берген мифологиялық,
мәдени, әлеуметтік-психологиялық, идеялық, рухани-этикалық құрылым-
дарын тарихи-философиялық тұрғыдан сипаттау бір сәттік формалды
іс емес. Ол түркілік және қазақ діліне сәйкес келетін этикалық, этно-
психологиялық, аксиологиялық ұстанымдарға ғылыми сипаттамалар
берудің жаңа ғылыми үлгісін жасаумен астасып жатады.
2 (38) 2012 |
Достарыңызбен бөлісу: |