Ќазаќ фольклорында “шыбынныњ басына баќ ќонса,сам±рыќ ќ±с сєлемге келер”деген мєтел бар



бет34/53
Дата04.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#108976
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53
Байланысты:
Мәдениеттану

ҚАЗАҚТЫҢ ҮШ БИІ

ТӨЛЕ БИ
Төле Әлібекұлы (1663-1756) қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Төле би ұлы жүздің биі. Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады. Арабша, парсыша тарихи кітаптарды көп оқыған. Төленің әкесі Әлібекте сөзге ділмәр шешен би болған кісі. Төле он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл, парасаттылығын, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім.

Ұқпасқа айтқан сөз жетім,

Көре алмаған көз жетім.

Атың жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы.

Қызың жақсы болса,

Жайқалып өскен құрағың.

Әйелің жақсы болса,

Бірінші – иманың,

Екінші – жиғаның,

Үшінші – ырысынның тұрағы.
ҚАЗЫБЕК БИ

Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) Сырдария жағалауындағы ауылда туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізсе керек. Қазыбек бала жасынан шешендік өнерге бейім өседі. Ол ел арасындағы айтылып жүрген дана сөздерді, мақал-мәтел, ақын-жыраулардың тақпақ, терме, толғауларын, шешен, билердің ұтымды сөздерін есіне сақтап жүреді. Әсіресе, әке тәрбиесі оған мол әсер етеді. Жасынан ел билігіне араласады, Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығысында орналасқан Совет ауданына орта жүздің атақты биі, Қазыбек бидің аты берілді.


Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт берекең – атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың - әкең қымбат,

Туып өскен елің қымбат.

Ұят пенен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат.

ӘЙТЕКЕ БИ

Әйтеке шын аты Айтық Бәйбекұлы (1683-1722) – Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі. Әйтеке ержете келе билікті мақал-нақылмен мәнерлеп айтатын, дауды әділ шешіп, “тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып” өте әдемі сөйлейтін әділетті, білгір шешен би болған. Әйтекенің артында қалған мол мұрасы, оның халқына арнаған өлеңдері, толғамдары.


Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң арқырар.

Ақыл деген дария,

Алдын тоссаң тоқырар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет